Ашы? саба? м?сіндеу Доп


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: мүсіндеу
Тақырыбы: «Доп»Мақсаты: Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауға үйрету; қол қимылдарының үйлесімдігін, домалақ пішіндерді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтармен көрнекіліктер: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: домалақ
Билингвальды компонент: доп- мяч.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері Тәрбиншінің іс әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі Педогог балаларды шаттық шеңберіні тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады.
Педогог ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.
Билингвальды компонент: доп -мяч
Балалар допты қолдарымен қағып аламын, қайтадан педогогке лақтырады. Әңгімені мұқият тыңдайды. Педогогтің соңынан «доп –
мяч» сөзін қайталайды
Ұйымдастырушылық- ізденушілік Педогог балаларға сұрақтар қояды: Сөздік жұмыс : домалақ
- Доптың пішіні кандай?
- Доптың үсті қандай?
-Доп жұмсақ па қаттыма?
- Доп жеңіл ме ауыр ма?
- Доп бізге не үшін керек?
- Топта доптың көп болғанын қалайсыңдарма? Ендеше өзіміз доп жасап аламыз.
Саусақ жаттығулары.
- Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.
Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:
- ермексазды таңдап аламыз;
- ермексазды алақан арасына салып, айналама қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;
- басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.
Балалар өз бетінше жұмысы.
Педогог қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекелеуге көмектеседі.
Сергіту сәті.
Добым менің, добым менің,
Добым неткен көңілді едің
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Меннен қашып құтылмайсың.
Ш. Смаханұлы
Жұмбақ
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды,
Тиіп кетсе басыңа
Еш бір зиян болмайды.
(Доп)
- Домалақ
- Қызыл , сары
- Жұмсақ
-Жеңіл
- Ойнау үшін
- Иә
Екі қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді.Бір қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.
Педогогтің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ермексаздан допты мүсіндейді.
Өлең жолдарын бәрі бірге қосылып айтып, қимыл қозғалыстар жасайды.
Жұмбақ шешуге тырысады.
Жауабы: доп.
Жетекші жөндеуші Бірнеше сұрақ қойып пысықтау.
- Балалар, бүгін не жасадық?
Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып, осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсынады.
Балаларды мадақтайды.
-Доп жасайық
Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ермексаздан домалату тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіріп;
Түсінеді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын);
Қолдана біледі: ермексаздан алақан арасынан салып домалақтау білімін