М?сіндеу. Ашы? саба?. Та?ырыбы:Са?ырау??ла?тар


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар (ақ, қызғылт сары саңырауқұлақ).
Мақсаты:
Білімділік: түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы қажетті мүсіндеуге үйрету; үңгу, жалпақтау әдістерін меңгерту..
Дамытушылық: балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша,шөп өскен алқап, кірпі, әр түрлі саңырауқұлақтың суреттері.
Алдын ала орындалатын жұмыс: Серуен кезінде жасанды саңырауқұлақ алқабын бақылау.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақтар
Билингвальді компонент: саңырауқұлақтар-грибы
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Тәрбиеші балалармен шаттық шеңберін жасайды.
Серуен кезінде жасаған бақылауларын еске түсіріп, сюжетті сурет бойынша әігңмелейді.
- Балалар, саңырауқұлақтар туарлы өлең, ертегі білеміз бе?Жақсы келістік.
Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.
Шынашағым, орманға бар!
Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап!
Ортан терек, тазалап ал!
Балаң үйрек, қуыра сал!
Бас бармағым, барлығын жеп,
Өсіп қапсың толып. - Саңырауқұлақтар үлкен, кіші, сары,ақ, қоңыр болады.
Кейбіреуі улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақ атауларын қайталап айтады.
- «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз. Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл- қозғалыс жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік - Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші. Тәрбиеші саңырауқұлақты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.
- Ақ ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз.
Өздерін қалаған түсті ермексазды алыңдар. Оны домалақтап, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз.
Сергіту сәті:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
(Ғ. Қайырбеков.)
Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз. Кезекші бала тазалық шараларын айтып өтеді. Балалар жұмыс жасайды.
Балалар өлең сөздеріне байланысты қимылдар көрсетеді.
2-3 рет қайталайды. Балалар тәрбиешінің көрстеуімен саңырауқұлақты мүсіндей бастайды.
Рефлексиялық-түзетушілік - Балалар, бәрін де саңырауқұлақты әдемі мүсіндеңдер! (Балалар назарын шөптесін алқапқа аударады.) Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алұапқа, кірпінің үстіне орналастырады.
Сипаттап әігңмелейді.
-Ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: саңырауқұлақ атауларын, түстерін;
Игереді: әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді;
Меңгереді: саңырауқұлақ түрлерін, пайдасын.