Презентация ко Дню Лидера Нации о Президенте РК Н.А.Назарбаеве на каз.языке
Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы. Қітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған. Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін! Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президенті ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады.Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануы Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бұл қазақша, орысша, ағылшынша – үш тілдегі кітаптар. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа! Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың фотосуреттері жинақталып оқырман алдында Елбасы ретінде ғана емес, өз елінің отан сүйгіш патриоты ретінде көрсетілген. Бұл кітапта Елбасының Отанына, жеріне, еліне, мекеніне, ұлттық дәстүріне, ұлттық тәрбиесіне, халқына деген сүйіспеншілігін жеткізетін дәйексөздері жазылған. Кеңес Одағы (СССР) кезеңінде Қазақстан Республикасы ядролық қару жөнінен төртінші орында болатын. Елбасының көрегенділігінен , өз халқына деген сүйіспеншілігінен Қазақстан Республикасын ядролық қарусыз ел атандырды.Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қалыптасуына қамқорлық жасау – менің Президенттік те, перзенттік те парызым. Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жыл Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды жыл болды. Жылдың 365 күні жас мемлекетімізді әлемге әйгілі етті. 11 жыл өткізілмеген ЕҚЫҰ ел басшыларына Астана саммиті әлем еліндегі жаңа дәуірдегі Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихындағы жаңа дәуірдің бастамасы болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫК отырысында. Хельсинки, 1992 ж. 8-10 шілде. Отырысқа қатысу шеңберінде Қазақстан Президенті 1975 жылғы ЕҚЫК Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ Саммитінің ашылуы кезінде, Астана, 1 желтоқсан 2010 ж. Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетіміздің нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр Елдік те ерлік сияқты сын сағатта танылады Нұрсұлтан Назарбаев Азиялық ойындарды лайықты өткізу – Алматы қаласына 2018 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардыөткізетін қалалардың конкурсына қатысу үшін перспектива береді, себебі Азиада Халықаралық олимпиадалық комитеттің тікелей қамқорлығымен өтеді Қасымбеков М. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы [Мәтін] / М. Қасымбеков. Астана: Елорда, 2005. - 200 бет+2 б.т. жапсырма Жекелеген сұхбаттар мен очерктерден тұратын бұл кітапта Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері, саясаткер, адам және азамат ретіндегі кейбір қырлары сөз болады. Әлімқұлов Қ., Қасымбеков М. “Нұрсұлтан деп ат қойдым...” [Мәтін] / Қ. Әлімқұлов, М. Қасымбеков. - Алматы: Өнер, 1997. - 272 бет. Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған. Бекниязов Т. Тұңғыш Президент: өлеңдер мен поэма [Мәтін] / Т. Бекниязов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 262 бет. Т. Бекниязовтың бұл жинағында өлеңдері мен поэмасы берілген. Ақынның тәуелсіз еліміз туралы ой-толғамдары мен Елбасыға арналған көлемді туындысында замана және ұлтымыздың жарқын болашағына деген зор сеніммен жыр тербелген. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев Дінге сене отырып, өз салтымыз бен ғұрпымызды сақтауымыз керек Нұрсұлтан Назарбаев Астана – Тәуелсіздік және бірлік символы Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – Тәуелсіздіктің көк Туы , Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым, бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әлем басшылары және Елбасы Дайындаған библиограф Искакова Дина Шералиевна