Разработка на тему Отбасы-аялы ала?ан


Отбасы-аялы алақан мекені
(Сынып сағаты)
Мухсинова А.М.
«№23 ЖББОМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды отбасында өмір сүру қажеттіліктеріне, отбасы  құндылығын түсіну қабілетіне және отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:  Нақыл сөздер, жағдаяттар жазылған үлестірмелі қағаздар, слайдтар.Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме,  сұрақ-жауап, пікірлер
Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы, Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.
Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі: Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен таныстыру.
Психологиялық дайындық: («Жан досым» өлеңінің әуенімен айтылады)
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін, Жанұям, үстем болсын мерейің,Жанұядан барма басқа сүйеніш? Табылмас жанашырым өзіңдей!Қуансам да бірге жүріп қуанып, Бірлік пенен татулық,Тірегімсің, ақылшымсың бір өзің!Амандық пен денсаулық Болсын бізбен әрдайым!
І. Кіріспе сөз:  Отбасы - бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын, балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы құрылымы.
5715561213000Отбасы – адам үшін ең жақын қоғамдық орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт -дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Ал балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – отбасынан басталады, туған еліне, Отанына деген махаббаты мен сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасында бастау алатынын барлығымыз білеміз. Отбасының екі тірегі бар, ол баланың - әлпештеген әкесі мен аялаған анасы. Ал өсіріп баптаған аяулы ата-анамызға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін ақтап, аялы анаңның ақ сүтін өтеу- баланың борышы.
Бүгінгі «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы өнеге сағатымызда ұрпақ тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы барысындағы өзіміздің көкейіміздегі ойларымызды ашып айтпақпыз. Отбасы - адам баласының алтын қазығы, алтын ұясы. Адамзат баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сол отбасының ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктелсе, баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,Сен де ұлысың мынау дархан даланыңӘр халықта ұлттық намыс деген бар,Оны биік қасиет деп санағын.
Осындай мағыналы өлең шумақтарымен бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиістіміз. Сіздер балалық жүректен мың да бір алғыс ретінде Жанболатова Гүлімнің анасына арнаған өлеңін қабыл алыңыздар.
Анама
Айналдым құлыншағым, күнім деген, Өзің барда анашым, бақыттымын.
Қуанып, мейірленіп күлімдеген. Өзіңді мен шаттыққа жетелейін.
Сен барда өмірімнің бәрі жаз боп, Анам менің-арманым, болашағым
Сәтсіздік ешқашан да білінбеген. Сізді сүйіп өмірге жол ашамын.
Мәңгі болшы қасымда мәпелейін, Сен-анасың, мен –сенің ұрпағыңмын.
Дәріптейін, басыма көтерейін. Кім ұмытар анасын, бала шағын.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөз бар. Олай болса алған біліміміз бен тәрбиемізді шыңдайтын кез   жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстырады:
1. Топ аты.2. Ұраны. 3. Эмблемасы (қорғауы керек).1-кезең: «Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы бойынша әр топқа сұрақтар қойылады. (Зымыран сұрақтар интерактивті тақтадан шығып тұрады).
1-топқа 2-топқа:
Сыйға сый, сыраға не беріледі? (бал)Ағайын адамдарға қандай сөздер жарасады? (сіз, біз)Баланың қорғаны кім? (ата)Әкеден балаға берілетін не (мұра)Апасының киген тоны кім киеді? (сіңлі) 
Тәрбие мен білімнің ордасы не? (мектеп)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)Ағадан – ақыл, ініден – не күтуге болады? (Ағадан – ақыл, Ініден – ізет).Қазақстанда қандай білім алу міндетті (орта білім).Ананың көңілі балада болса, баланың көңілі қайда? (далада)
Сергіту сәті. (ата-аналар қатысады) Сөзжұмбақ «Отбасы»
6
4 759460-44451.Жіктік жалғауының ІІІ жағы, көпше түрі;
2.Әкеңнің әкесі кім?
3.Әке, шеше және ....
4.Ініден үлкен кім?
5.Қыз баладан кіші қыз баланы қалай атайды?
6. Ұл баладан кіші қыз баланы қалай атайды?
001.Жіктік жалғауының ІІІ жағы, көпше түрі;
2.Әкеңнің әкесі кім?
3.Әке, шеше және ....
4.Ініден үлкен кім?
5.Қыз баладан кіші қыз баланы қалай атайды?
6. Ұл баладан кіші қыз баланы қалай атайды?

2 1 3 5 О т б а с ы
2- кезең: «Халық айтса -қалт айтпайды» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. Отбасы туралы көптеген мақал-мәтелдер бар: Қане, есімізге түсірейік. Балалар, сендер төменде оқылатын мақалдардағы қателерді түзетесіңдер: (екі топ кезекпен жауап береді).
«Әдемі болып туылма, бай болып туыл» (бақытты).
«Қарағайға қарап ағаш өсер, Қатарына қарап дана өсер» (тал, бала).
«Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын жерге апарар, атадан жаман ұл туса, төрдегі басын көрге апарар»(төрге, есікке).
«Ұлың өссе, ұлы жақсы мен дос бол, Қызың өссе,қызы жақсымен сырлас бол»( ауылдас).
Енді мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар:
Табалдырықтан кірген қонақ – ........ бақыты (үйдің).
Қожайыны жоқ үй .........(жетім).
Алма да алма ағашынан........ (алысқа түспейді).
Немен бай болсақ…..(сонымен қуаныштымыз).
Қонақта болған жақсы .......(ал үйде болған одан да жақсы).
3- кезең. Кеспе қағаздардағы жағдаяттық сұрақтар.
1-топқа
1. Сен мектептегі сабақтан қашып, үйге ерте келдің. Ата-анаңа ерте келгеніңді қалай түсіндіресің?
2. Сен сыныпта тәртіпсіздік жасадың мұғалім  саған қатты ұрысты. Сен не істейсің? Ата-анаңа айтасың ба?
2-топқа
1. Саған сынып жетекшің ертеңгі болатын саптық жиынға арнап біршама тапсырма берді,. Бір себептермен сен ол жұмысты орындай алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға қалай қарайсың? Сыныптас ретінде не айтар едің?
 Кезекті ойынға береміз: Ортаға оқушы және ата-ана шығады.
Оқушы: «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» Ата-ана: «Менің балаға қатысты міндеттерім»
Қай топтың айтатын ойы көп болса, сол жеңімпаз атанады.
Әр топтың оқушылары өздерінің отбастары туралы сөз қозғайды:

Барлығымыз жылдам жауап берейік:
Тура менікіндей оның да ата-анасы бар қыз (әпке).
Қоғамның бір бөлшегі (жанұя).
Менің анамның ұлы (ағам).
Менің ата-анам (әкем).
Менің ұлымның ұлы (немере).
Шақырылмаған …….татарлардан да жаман (қонақ).
Анамның ұлының әйелі (жеңге).
Анамның әпкесі (тәте).
Бала тілі бал: «Бұл жерде бәрі бірге – анам, әкем, әжем, атам» (отбасы).
«Отбасында бұл өте қасиетті, оны сақтайды, атадан балаға, баладан немереге беріліп отырады» (жанұядағы құндылықтар).
«Бұл өте кішкентай, жылай береді, көп әуреге салады, осыған қарамастан оны барлығы жақсы көреді» (сәби, нәресте).
«Ол барлығымызға шұлық тоқиды, тәтті бәліштер пісіре алады» (әжем).
«Онымен барлық бала ойнайды» (ойыншықтар).
«Бұл адам емес, бірақ оны барлық отбасы мүшелері жақсы көреді» (үй жануары).
Мұғалім: Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен  аялаған ана. Әкемен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.
2. Уйкипедия ашық энциклопедиясы.