Т?ра?ты тіркес. 5 сынып
Қазақ тілі Уақыты: 13.11.15ж
Сабақтың атауы Тұрақты тіркес
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттарА) Білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.Ә) Тәрбиелік:Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу.Б) Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ақыл –ойын, сана – сезімін дамыту.Оқушылардың дағды-машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой талқы.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздіктер.Пәнаралық байланыс:ӘдебиетОқыту нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты «Алғырлар» және «Білгірлер» деп екі топқа бөледі.
Ынтымақтастық атмосферасы – Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Үй тапсырмасын сұрау Мағынаны тану
1.Сөздер жазылған парақшалар беріледі, әр оқушы сол сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрайды, мағынасын табады. Бір-бірінің жұмыстарын көршісімен алмастырып тексереді.2. Оқушылар құрастырған мысалдар тақтаға жазыладыЕкі көзі төрт болу – (күту) Салы суға кету –(шарасыздық)Жұмған аузын ашпау –(үндемеу)Түн ұйқысын төрт бөлу – (бағып-қағу)Қол ұшын беру – (көмектесу) жазылады. Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас мағынаны беретін тіркесті тұрақты тіркестер деп атаймыз. Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде «фразеология» деген термин арқылы таныс. Фразеология деген термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркесі деген ұғымды білдіреді. Тілімізде еркін сөз тіркестері және тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар.Еркін сөз тіркестері-тіркестегі сөздер еркін, орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер. Мысалы: жасыл қала-әдемі қала, жасыл кітап-қызыл кітап.Тұрақты сөз тіркестері-тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Мысалы:ит тұмсығы өтпес(қалың, ну), қоян жүрек (қорқақ), беті бүлк етпеу (ұялмау)Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады2. Сөздердің орны ауыстырылмайды3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей,барлығы тұтас бір мағынаны ашады5. Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады
«Оқулықпен жұмыс»І топ.Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау.ІІ топ.Тұрақты тіркестерді табу.ІІІ топ. Жай сөз тіркестерін табу.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,Алақанды созайық.Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,Бір отырып, бір тұрып,Сәл тынығып алайық. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
«Ойланайық»1-тапсырма.Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарайым боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен. 2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.2-тапсырма.Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.1. .....нің түгі бар2. .....ын шүйіру3. ....нен қақпау1. ...іне көк ала шыбын үймелету2. .....тай ұшты3. .....ыңды балта кеспейді1. ....і тоймау2. түйе үстінен ..... үйту3. Жұмған ...ын ашпауҮй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Тексерілді