Урок по самопознаний «?лкенге — ??рмет, кішіге — ізет»
«№18 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет»
Өткізген: Еспаева Г.А.
Семей қаласы
ШҚО, Семей қаласы
«№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Еспаева Гаухар АмангелдіқызыПәні: Өзін-өзі тануСыныбы: 2Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет» Өзгеге жасаған ізетің, Өзіңе жасаған құрметің.Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дәптер, оқулық, ақ қағаздар.Шаттық шеңберіҮлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығына бас иіп
Сәлем бердік біз
Әңгімелесу.
-Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?- Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?- Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау.- Балалар неге бірге ойнай алмады?- Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты екенін түсінуі қажет.Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Дәптермен жұмысСабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.
1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап хат жаз.2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.Сахналау
«Кішілік-кісілік»
Көп ойланып есебі,Келсе керек білгісі.Сөз сұрапты деседі авторҚариядан бір кісі:— Уа, қария, данамыз,Алайық бір түсініп.Үлкендік деп ұғамыз? бір кісіДейміз нені кішілік?— Ағайынмен, досымен,Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,Сыйлас болса кісімен;Кезек күтіп сөйлесе, қарияКөрсетсе ізет, білгендік.Кеуде кере келмесе,Сол — Кісілік — үлкендік.— Сіз үлкендік дегенмен,Басқаша ұқтық мұны біз. Мәмілешіл бар елмен бір кісіКішілік қой мұнымыз.— Жөн-ақ өзің аңдасаң,Сөздің мәнін түсініп.Ұйқасады әрқашан қарияКішілік пен кісілік.
Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлеңді бірге айтып, сабақты аяқтайды.«Ақ әжем» әнін айтқызу