Открытый урок по самопознаний (4 сынып
Ашық сабақ өзiн-өзi тану Сынып: 4 «А»
Мектеп: №139 мектеп-гимназия Мерзiмі: 4.02.2016 ж.
Мұғалiм: Мадиева Г.А
Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Құрмет, достық.
Сабақтың формасы: Топтық.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар «Жақсылық»құндылығы туралы ұғымдарын кеңейтеді.
Міндеттері:1. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді.2. Оқушылар өз бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттерін дамытады3. Оқушыларды бір - біріне сүйіспеншілік көрсетуге үйренеді.
5-мин
Қоңырау кезінде топқа бөліп, орындарына отырғызу.
Әнұран, оқушылармен амандасу,түгелдеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...
Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...жақсылық тарап барады.
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.
Оқушы ойларын сұрау
Ресурстар:
үнтаспа,
оқулық,
дәптер,бейнефильм,
флипчарт,
слайд,
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасы
3- мин Слайд «Алтын жүрек»
Алтын жүрек деп кімді айтар едіңдер?
Сара Алпысқызы туралы не білесіңдер?
Сара Алпысқызының өзін-өзі тануға қосқан үлесі? Үйден ізденген жұмыстарын айтып береді
3-мин
Я К Е
А Е Ш
З Т Қ
Қ П А
Ы Е Н
Л Й Д
Ы Д А
С І Й
Қ А Ж
Дәйек сөз.
Басқатырғы.
Әріптерді дұрыс орналастырғанда «Жақсылық» туралы нақыл сөз шығады
«Ешқандай жақсылық зая кетпейді»
Үнді нақылы
Оқушылардан ойларын сұрау
Сабақ тақырыбымен таныстыру Сөздерді құрастырып,нақыл сөзді табады
3-мин
Әңгімелесу
Ұқсас ұғымдарды табу
/Мұғалім оқушылардың жақсылыққа ұқсас ұғымдарды атап берулерін сұрайды./
Оқушылар:
Жақсылық -жанашырлық,қайырымдылық,мейірімділік,ізгілік,т.т.
Мұғалім:
– Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?
Оқушылар:
Жақсы,жылы жүректі,ақниетті,... .
Үлкеннің сөзін тыңдап өскен бала ғана ақылды және өнегелі ,жүрегі әрқашанда жылылықты қалап тұратынын түсінеді
3-мин
Оқиға айту (сұхбат).
Екі қасқыр (аңыз)
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:
-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.
Оқушы ойын тыңдау
Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау
/Мұғалім оқушыларға әсемдікке қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсырады.
Оқушылар:
Жақсылық–жамандық.
Жақсылық–қатігездік.
Жақсылық–жауыздық ... .
Мұғалім:
–Жамандық,қатігездік деген нені білдіреді?
Оқушылар:
–... дегенді білдіреді.
Бейнебаянннан аңыз әңгімені тыңдап қорытынды жасайды Сауалдарға өзіндік ойларын айтады.
Күтілетін жауаптар:
Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.
3 мин Мәтімен жұмыс
Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Мәтінді мұғалім әңгімелеп береді.
М.Көккөзовтың «Бұлақ сылдыры» әңгімесі
Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?
-Бүгін «Адам болам десеңіз...» тарауының қорытынды сабағы. Біз бұл тарау арқылы еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді ,сабырлы болуды, қуаныш сыйлауды, талаптана білуді үйрендік, төзімділік, табандылық, батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді «Жақсылық» ұғымы ..... (топтастыру)
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
«Ешқашандай жақсылық зая кетпейді» деп үнді нақылында айтылғандай, шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен.Ол өзінен жас адамға өмір сыйлады».
Сұрақтарға жауап береді.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылатынын түсінеді
12-мин
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Балалар 5 топқа бөлінеді. Берілген тапсырма бойынша флипчартқа өз ойларын түсіреді.Жұмыстарын қорғап, өз пікірлерін дәлелдейді.
1-5 топ тапсырмалары:
Ата-анаға жақсылығы (эссе)
Достарына жақсылығы (өлең құрастыру)
Ұстаздарына жақсылығы (мақал –мәтел)
Елге,жерге деген жақсылығы (сурет салу)
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру арқылы әрбір адамның жақсылық жасауға ниетті екені,қолынан келетіні, тек соны көрсете білу қажеттігі туралы баса айтады.
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.
Өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстарын қорғайды.
Топта жұмыс жасауды үйренеді.
Оқулықтан жаңа ақпаратты тауып түсінгенін айтады
5-мин
Сергіту сәті:
Күлім қағып қолымды,
Бір,екі,үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Арқаңнан қағайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Сырласып бір алайық.
Мұғалім өзінің ақжүрегін тақтаға іледі.
Топпен бірге жаттығу жұмыстарын жасайды
Қолдарындағы жүректерін бір-біріне ұсынады
Әрбір ой мен ниет әлемді өзгертуге ықпалы бар екенін түсінуге тырысады
3-мин Тест
1.Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл. -деген кімінің сөзі:
А) Абай Құнанбаев
Б) Ш.Құдайбердиев
В) Ы.Алтынсарин
2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?
А) Үлкен ағаш болғанда.
Б) Көшет кезінде.
В) Тал кезінде.
3. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды.Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды.Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.
Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
А) Ұтудың жолын айтып берер едім.
Б) Түсінбеушілікті ақылға жеңдіріп,тіл табысуға тырысатын едім.
В) Асығын қайтарып берер едім.
Топпен орындауға тырысады және өздерінің, өзгенің бойынан тек жақсы қасиеттерді көруге тырысады
1-мин
Үй тапсырмасы.
Жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау
«Сыйластық»
Кімді, нені құрметтеуге тиіс? Өз ойларын қоржынға жазады.
Үйде орындайды
1-мин
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Оқушы еңбегі мадақталады
3-мин
Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек
Топ бір-біріне тілек айтып,жақсы қатысқан оқушыны атайды.
Қолдарындағы жүректерін тақтаға іледі.Жүрек қызарады.
Мұғалім: Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасап жүргін жақсылық,
Қайырады саған да.
Жүректен шыққан тілектері мен сабақ барысындағы түсінгендерін айта отырып қорытындылайды
Тексерілді