?са? тастан мозаика ??растыру. «?адам» мозаикасын жасау.
Еңбекке баулу.
Күні:19.10.2013
Тақырыбы:Ұсақ тастан мозаика құрастыру. «Қадам» мозаикасын жасау.
Мақсаты:1.Ұсақ тастан мозаика жасауға үйрету. «Қадам» мозаикасын жасауға үйрету.
Қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау дағдыларын қалыптастыру.
2.Қиялдарын дамыту,ойлануға жетелеу.
3.Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.Еңбекқорлыққа баулу.
Құрал-жабдықтар:малта тастар,ермексаз,альбом
Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.Сабақ мақсатымен таныстыру.
2.Білімді еске түсіру.
--Орман патшалығы мен шыбынжұт саңырауқұлағын тексеру.Жақсы жасалған жұмыстарды мадақтау,көрсету.
--Табиғи материалдарға нелер жатады?
--Табиғи материалдарды қалай жинаймыз және сақтаймыз?
--Табиғи материалдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
3.Жаңа сабақты енгізу.
Ұсақ тастардан не жасауға болады? Ұсақ тастардан бақтағы кішкене жолдарды,есік алдындағы ауланы,тротуар жолдарды безендіруге болады.
Ұсақ тастардан мозаика құрастыру реті:
1.Тастарды көлемі мен түсіне қарай сұрыптап,қораптарға сал.
2.Дөңгелек қатырма қағазға бір қабат(0,5-1 см) ермексаз төсе.
3.Ермексазды теңдей етіп,сегіз бөлікке бөл.Қалып үлгіні пайдалануға болады.
4.Үлкендеу жұмыр тасты дәл ортасына орналастыруға болады.
5.Әр сызық бойына ақ тас түйіршіктерін батырып тізіп шық. Жиегін көмкеретін орын қалдыр.
6.Сызықтар аралығын ұсақ тастармен толтыр.
7.Жиегінде қалдырылған орынға ірірек тасты айналдыра тізіп шық.Ермексаздың жиектен шыққан артығын кескішпен алып таста. Мозаика негізі-ермексаз.
Оқулықпен жұмыс
--Мәтінді түсініп оқу.Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.
Суреттердегі малта тастардан жасалған мозаикаларға қара.Олардан көлемдеріне,түстеріне қарай түрлі заттар жасауға болады.
«Қадам» тас соқпағы өте әдемі жасалған.Әрі шөп те тапталмайды.
Оны түрлі пішінде жасауға болады.
Сен де «Қадам» соқпағын жасап көр.
Бұл жұмыс мұғалімнің басшылығымен жасалады.
Қауіпсіздік ережелерін естен шығарма!
Малта тастарды аузыңа салма! Ермексазды ауызға салма! Жұмыс соңында қолыңды сабындап жу.
4.Үйге тапсырма.Өз ойыңнан ұсақ тастардан мозаика құрастыр.Қиялдап көр.
.5.Қорыту,бағалау.Біз не білдік? Талқылау.Оқушылар білімдері мен іскерліктеріне қарай бағаланады.