Открытое занятие-?ажайып жануарлар ?лемінде.
Оқу жұмысын ұйымдастыру технологиялық картасы
Күні: 8.04.2016ж. Қазақ тілі мұғалімі:Кадыркулова.А.Ж
Топ: «Балбөбек»
Білім беру саласы:Қатынас;Таным;Денсаулық;Әлеуметтік орта.
Тарау:Қазақ тілі
Тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»
Мақсаты:Үй жануарлары және жабайы аңдар туралы түсініктерін арттыру;оларды бір-бірінен ажырата білу; жануарлардың тіршілігі, мекендейтін ортасы туралы білімдерін нығайту; балалардың тілін дамыту;балаларға жануарлардың пайдасы зор екенін айтып,оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Мысық,ит,қой,сиыр,түйе;Қасқыр,түлкі,қоян,аю,тиін.
Алдын-ала жұмыс:Жануарлар және аңдар туралы әңгімелесу,суреттерін қарастыру.
Құрал-жабдықтар:Үй жануарларының,жабайы аңдардың ойыншықтары;Үйдің,орманның суреттері.
Билингвальді-қарым-қатынас игеру:Мысық-кошка,ит-собака,қой-баран,сиыр-корова,түйе-верблюд;Қасқыр-волк,түлкі-лиса,аю-медведь,тиін-белка;Үй-дом,орман-лес.
Қимыл кезеңі Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-ұйымдастыру кезеңі Балалар,қараңдаршы,бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Қане бәріміз бірігіп,қонақтармен амандасайық
:-Сәлеметсіздер ме!
Ал енді сабағымызды бастар алдында, бір-бірімізге жақсы көңіл –күй сыйлайық. Шаттық шеңбер
Кел балалар күлейік!
Күлкі менен түлейік,
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік! Балалар шеңбер жасап тұрады.Қонақтармен амандасады:
-Сәлеметсіздер ме!
Бір біріне қарап жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Мәселеде-ізденіс кезеңі -Балалар,қазір қай жыл мезгілі?
-Көктем мезгілінде не байқаймыз?
-Көктемнің қай айы?
-Балалар көктем туралы кім тақпақ біледі
Ғажайып сәт:
(Топқа қолында қорапшасы бар,Мурка деген мысық келеді).
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мен, Мурка деген мысықпын.
-Сәлеметсің бе Мурка!Сенің қолыңдағы не?
Мурка:-Бұл-қорапша,қорапшаның ішінде суреттер бар,суреттерде......-Ой, суреттерде не салынғанын ұмытып қалдым.
Педагог:-Ендеше қорапшаңды ашып көрейік,қандай суреттер екенін білеміз.
(Қорапшаны ашып,балаларға суреттерді көрсетеді).
-Балалар,ал осы суреттегі көріп тұрғандарыңды бір сөзбен қалай атайды?
-Ал жануарлардың қандай түрлері болады?
«Кім қайда тұрады?»дидактикалық ойын.
Шарты:
-Қазір мен сендерге жануарларды таратып беремін,сендер үй және жабайы аңдарға айналасыңдар.Қорапшаның ішінде үйшік пен шырша жатыр.Үй мен шыршаны мен әр жаққа қоямын,сендер,кім үй жануары-сол үйшікке жүгіреді,ал кім-жабайы аң,сол шыршаға жүгіреді.
-Орманда кім тұрады?
-Олар не?
-Ал адамның үйінің жанында кім тұрады?
-Олар не?
Жақсылап ойыншықтарыңа қарап алыңдар,сосын қай жаққа жүгіретіңдеріңді белгілеңдер.Үйге ме,шыршаға ма.
(Мурка бірінші адасып, шыршаның жәніне барады.Балалар қатесін түзеуге көмектеседі).
Мурка:-Балалар,сендерге рақмет,маған өзімнің үйімді табуға көмектескендерің үшін.Маған үй жануары екенімді айтып,түсіндіргендерін үшін.Мен бүгін көп нәрсе үйрендім сендердің арқаларыңда.Енді мен үйге ұайтуым керек,сау болыңдар балалар!
Педагог:-Сау бол,Мурка!
Педагог:-Балалар,неге бұл жануарларды- үй жануарлары дейді?
-Ал басқаларын жабайы дейді?
-Ал осы жануарлардың ұқсастығы бар ма?
-Дұрыс балалар!-Ой,біздің жануарлар қайда кетті?Олар тығылып қалды ма?Ал мынау кім?Бұл біздің досымыз- Хиппо ғой!Ол біге көп рет келді,бірақ ойыншықтар оны бірінші рет көрген соң,қорқып қалған ғой.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,Хиппо-жабайы, жоқ үй жануары ма?
-Дұрыс,Хиппо жабайы жануар,ол жылы жақта тұрады.Хиппо мейірімді және көңілді аң.Ол сендерді би билеуге,ойын ойнауға шақырады.
Сергіту сәті(Ағылшын тілінде).
Ойын
Ойын
-Балалар қараңдаршы,біздің жануарларымыз енді Хипподан қорықпайды.Хиппо оларға да ұнады.Бірақ Хиппо өзінің үйіне қайту керек.Хиппоға:-Сау бол!дейік.
Хиппо:-Сау болыңдар балалар!
Қазір көктем жыл мезгілі.
Қар ериді,күн жылиды,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Сәуір айы.
Ұлпан:
Көктем,көктем көңілді;Ағаш ектік бақшаға.Құстар келіп қонады;Дала жылы болады.
-Сәлеметсің бе
Мурка!
Балалар суреттегі жануарлардың атын атайды.
Үй жануарлары және жабайы аңдар.
Балалар ойынды шартына қарай ойнайды.
Орманда жабайы аңдар тұрады.
Олар-қасқыр,түлкі,аю,қоян,тиін...т.б.
Үй жануарлары.
Олар-мысық,ит,сиыр,қой,ат,түйе...т.б.
Сау бол Мурка!
Олар адамның жанында тұрады,адамдар оларға қамқорлық етеді,ал олар адамға пайдасын тигізеді.
Олар орманда тұрады,тамағын өздері тауып жейді.Олар жыртқыш аңдар.
Иә,бәрінің төрт аяғы,жүні бар.
Жабайы жануар
Сау бол Мурка!
Сау бол Хиппо!
Рефлексті-коррегиялық кезеңі Осымен біздің де сабағымыз да аяқталып қалды.
-Балалар,бүгін сабақта біз не туралы әңгімелестік?Бізге қонаққа кім келді?
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Еске түсіреді:Үй жануарларының және жабайы аңдардын аттарын.
Түсінеді:Олардың айырмашылықтарын және немен ұқсас.
Қолданады:Жануарға сипаттама беру дағдысын.