Сыныптан тыс іс шара информатикадан Инфобілгірлер (8 сынып)


Сыныптан тыс іс шара "Инфобілгірлер"
Кульбаева Дана Торебековна информатика мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасауға үйрету; информатикадан алған білімдерін пысықтау; оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыруМіндеті: оқушылардың инттеллектуалды қабілеттерін дамыту; тілдерді білу шеберлігі. презентация жасауды практикада қолдана білуді үйрету; алған білімдерін пысықтайды.
Күтілетін нәтиже:   презентация жасай алады, алған білімдерін практикада қолданады, ойларын үш тілде жеткізе алады; информатика пәніне деген қызығушылықтары артады.
Түрі: интеллектуалды сайыс.
Жабдығы: интерактивті тақта,
Барысы: 
Жүргізуші 1:
Қош келдіңіздер ханымдар мен мырзалар, біздің «Инфобілгірлер» интелектуалды ойынымызға.
Жүргізуші 2:
Good afternoon, ladies and gentlemen. Welcome to our intellectual game «Инфобілгірлер» !
Информатика болашаққа бастайды, 
Барлық әлем жаңалығын тастайды. 
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 
«Таланттылар терін төгіп, толғансын, 
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын»,
 Жүргізуші 1:
деп бүгінгі  ойынымызға ,бастайық.. 
Көңілді тапқыштар, білгіштер 
Бар өнерін салады, 
Кім білімді, көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер. 
In our competition we have 7 parts:
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады: 
Жүргізуші 1:
Жүргізуші 2:
1-    бөлім «Таныстыру» «Introduce yours self»
(Презентация дайындау: топтың аты, девизі, құрамын таныстыру).
2-    бөлім «Құпия алаң». «Magic land». 
3-    бөлім  «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау). «Home task». 
4-    бөлім  «Бәйге». 
5-    бөлім « Мақал –сөз мәйегі». «Complete the proverbs».
6-    бөлім «Тосын жағдай», «Improvisation».  (жағдаятты сұрақтар)
7- бөлім Қорытындылау, Марапаттау, Conclusion.
Жүргізуші 1:
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады. 
Асып әсте саспайық, 
Сайыс қызығын ей достар. 
Осылайша шабытпен, 
Қане енді бастайық 
Жиналған ылғи дарындар, 
Жүрегі от боп жалындар. 
Топтардың бәрін халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 
Жүргізуші 2:
Let’s begin our game.
Жүргізуші 1:
1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. 
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық және 1-5 ұпай аралығында топтар бағаланады.
«Ақпарат» тобы
«Алгоритм» тобы
Жүргізуші 1:
Көрермен жиналған бұл тамашаға, 
Құр қарап, жым отыру жараса ма? 
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, 
 Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп 
2- бөлімді бастайық  «Құпия алаң» бұл бөлімде  топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың  дұрыс  жауабына 1 ұпай беріледі. Барлық сұрақтар саны 10.
Жүргізуші 2:
In this part each group mast choose 1 coloristic envelope and answer to the questions. To each right answer you can take 1 points.
Жүргізуші 1: Сары конверт сұрақтары: 
Жүргізуші 2: Yellow envelope
1.     Баспа құрылғысы (принтер) 
2.     Компьютер теледидары (монитор) 
3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок) 
4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін) 
5.     Зиянкес бағдарлама (вирус) 
6.     Файлдар жиыны (бума) 
7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат) 
8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика) 
9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт) 
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint) 
Жүргізуші 1: Қызыл конверт сұрақтары: 
Жүргізуші 2: Red envelope
1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс) 
2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок) 
3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия) 
4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан) 
5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 
6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка) 
7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта) 
8.     Компьютердің маманы (программист) 
9.     Бүкіләлемдік желі (интернет) 
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус) 
Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз. 
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа, 
Табылғандай таным да, жат дауыс та. 
Біреу озып келеді қатарынан, 
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп 
Жүргізуші 1:
3 бөлімді бастайық «Үй тапсырмасы» (әзіл дайындау)  «Компьютерлік вирус және антивирус» атты екі топ бірлесіп көрініс ұйымдастырады. Өзін жақсы көрсете алған топтарға  10 ұпай беріледі. 
Жүргізуші 2:
In this part you mast find. Answer to the riddle.
Білімнің ұшқырлығын танып сен, 
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен! 
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр, 
Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп 
4 – бөлімді бастайық  «Бәйге» Тақтада 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Жауап 3 тілде берілсе 3ұпай, 2 тілде 2 ұпай, 1 тілде 1 ұпай беріледі. 
Жүргізуші 1:
Бірінші болып шыққан «Ақпарат» тобына кезек береміз. 
1.     Компьютер миі? (жүйелік блок) 
2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем) 
3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта) 
4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер) 
5.     Графикалық редактор? (Paint) 
6.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор) 
7.     Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон) 
8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина) 
9.     Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер) 
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word) 
11.  Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы) 
12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы) 
13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын) 
14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта) 
15.  Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі) 
16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде) 
17. Банкрот (топтан 2 ұпай алынады) 
18.  Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан) 
19. « Microsoft»  фирмасының президенті (Билл Гейтс) 
20.  Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт) 
 
Жүргізуші 1:
 Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын есептеп отыруды. 
Мәңгі бақи есте қалар, 
Ғажайып бір кеш болсын. 
Білімдірек шәкірт озар, 
Қиынырақ тапсырма болса-деп 
Жүргізуші 2: Our juries, don’t forget to count points for 4 parts.
Жүргізуші 1:
5-бөлімді бастайық  « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 1 ұпай беріледі. 
Жүргізуші 2:
Complete the proverd.
1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала) 
2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) 
3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес) 
4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім) 
5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса) 
6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра) 
7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық) 
8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды) 
9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл) 
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады) 
 Жүргізуші 1:
Ғылымның сырын ұғына, 
Шығыңдар білім шыңына. 
Ұқыптылық пен зеректік, 
Жеткізер сіздердей өренді 
Жеңістің мынау шыңына.-деп 
Жүргізуші 2:
6-бөлімді бастайық  «Тосын жағдай»  бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Топ басшыларына жағдаятты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берсе 10 ұпай алады.
 Жүргізуші 1:
1 сұрақ – Сізге қажетті ақпараттың көлемі 2 Гб, ал сіздің флеш жадыңыздың көлемі 1800 Мб. Бұл жағдайда сіз не жасайсыз?
Жауабы: (архиваторлар бағдарламасын пайдаланып ақпаратты сығып, флеш жадына ақпаратты жөнелтеміз.)
Жүргізуші 2:
2 сұрақ - Компьютеріңізге компьютерлік вирус жұқты делік. Сіздің әрекетіңіз.
Жауабы: (Компьютерге антивирус бағдарламасын орнатамыз. Компьютерді қайта жүктеп, компьютер жадын антивирус бағдарламасымен тексеріп, емдейміз.)
Жүргізуші 1:
Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? 
Үйрендік білмегенді осы жолы, 
Тағы да үйренеміз аман болсақ! 
Жүргізуші 2:
Жетпесіңе жеткізген, 
Қызықты уақыт өткізген. 
Бар ғылымды сыйдырып, 
Білетіні көп бізден. 
Жаңалықтың жаршысы, 
Жұртты елең еткізген 
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. 
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі). 
Марал:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім, Қымбат маған дана тілім, ар тілім. Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, Ана тілім – ардақ тұтар алтыным. Ана тілін жырлап өткен талайлар, Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар. Қасиетті менің ана тілімде, Өшпес мәңгі алаулаған арай бар. Өлен-жырмен арайланса, тау күліп, Ардақтымды жырлап өтем әң қылып. Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын, Жалғастырып жаза берем мәңгілік, Деп мен өз тілімді жырлағым келеді.
Аяулым:
Oh, friend unseen, unborn, unknown, Student of sweet English tongue, Read out my words at night alone: I was a poet, I was young Since I can never see your face, And never shake you by the hand, I send my soul through time and space To greet you. You will understand.
Келесі сайыстарда кездескенше сау саламатта болыңыздарБағалау парағы
«Ақпарат»
тобы «Алгоритм» тобы
1-бөлім
Таныстыру
1,2,3,4,5 ұпай 2-бөлім
«Құпия алаң»
Әр жауапқа 1 ұпай
Барлығы 10 сұрақ 3-бөлім
«Үй тапсырмасы»
Әр топқа 10 ұпай 4-бөлім
«Бәйге»
Үш тілде жауап берсе 3 ұпай. Барлығы 20 сұрақ 5-бөлім
«Мақал сөз мәйегі»
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай барлығы 10 сұрақ 6-бөлім
«Тосын жағдай»
Дұрыс жауапқа 10 ұпай Қорытынды
1.     Баспа құрылғысы (принтер) 
2.     Компьютер теледидары (монитор) 
3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок) 
4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін) 
5.     Зиянкес бағдарлама (вирус) 
6.     Файлдар жиыны (бума) 
7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат) 
8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика) 
9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт) 
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint) 
1.     Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс) 
2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок) 
3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия) 
4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан) 
5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 
6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка) 
7.     Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта) 
8.     Компьютердің маманы (программист) 
9.     Бүкіләлемдік желі (интернет) 
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)