Сынып са?аты та?ырыбы Ту?ан жерді? кереметтеріне саяхат 5 А сынып


«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
5 «А» сыныбының
«Туған жердің кереметтеріне саяхат»
атты сыныптан тыс ашық сағаты
Сынып жетекшісі: Н. Бухарбаев
Алмалыбақ 2017
Тақырыбы: Туған жердің кереметтеріне саяхатМақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты, сулулығы, көркемдігі туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыту. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.Жүргізуші:Мұғалім: Қадірменді қонақтар! «Туған жер - тал бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің Туған жердің кереметтеріне саяхат жасап,туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.Жүргізуші:Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
Гүлжан:Қазақстан - туған өлкем.Жер көппе сендей көркем.Көрсін деп күллі әлемгеЖалауыңды желге желпем.
Толеген:Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,Аспанымда аққудың әні қалғып.Құшақтап бір өзіңді туған далам.Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Бекжан:Тасып жатқан өзендер жағасынан.Сары белде сағымдар арасынан.Тарайды дән жұпары бар әлемге.Қазақтың қасиетті даласынан.Жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
Бағдаулет:Кең дала көремісің сонау жатқан,Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,Әне, сол анам еді мені тапқан.
Али:Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,Жаным сенен жаратылған өлкемсің.Қандай жақсы қазақ болып туғаным.О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Жүргізуші: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.
Жанерке:Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.Мендағы ұлың едім, өзің тектес,Алысқа несібесі шашыраған.
Аружан:Табиғат қызығам сан суретіңе,Бас ием сенің алып құдіретіңе.Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.
Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.
Дамир:«Қазына қара жерде» дейді қазақ,Күн көрген осы жерден біраз алып.Жер - анадан үзіліп кете алмаған,Кемеңгер небір дана, небір алып.
Ильхам:Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.Кенің барма, жоқ болса жарлысың,Кенің болса келешегің зор сенің.
Жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
Камила:Топырақтан өмір иісі шығады,Оны денең тиіп кетсе ұғады.Еңбегіңді есесімен беретінЖақсылық та топырақтан шығады.Азамат:Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.Ал адамға ауа қымбат бәрінен,Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.Жүргізуші: Ал құрметті қонақтар және оқушылар келесі біздің бөліміміз 5 а сынып оқушылары топ-топ болып берілген еліміздің табиғи және тарихи көркем жерлері жайында өздері жинақтаған мәліметтерімен бөліседі. Көркем жерлерге саяхаттауға дайын болсаңыздар біз саяхатымызды бастаймыз.
1-ші болып Алматы қаласының жоғарғы жағында Іле-Алатауындағы медеу шатқалында орналасқан Медеу мұз айдынына сіздермен саяхаттауға шығатын Алдарыңызда Рыскелдиев Азамат және Омаров Бекжан.
2-ші Еліміздің Ең көрікті де тарихи жерінің бірі Оңтүстік Қазақстан Облысында оның ішінде ЮНЕСКО-ға енген Ақсу –жабағалы ұлттық қорығына сіздермен бірге саяхатқа шығатын Өмірзақ Нұрқанат, Әбдіхалық Аружан, Ұзақова Камила .
Келесі кезекте Еліміздің Тарихи Рухани қаласы Түркістан өлкесіне саяхаттауға шығатын Мұстафаев Алибек,Оразалиев Бағдаулет,Нуманов Қасым.
Еліміздің солтүстігі табиғатты әсемде әйгілі Көкшетау Бурабай кереметіне саяхаттауға Болатбек Аружан, Шайзада Жанерке,Каипова Әсемай.
Ендігі кезекте Алматы облысының көрікті жерлеріне оралсақ Дүние жүзінде екі жерде ғана кездесетін, біреуі АҚШ та екіншісі біздің мемлекетімізде ол Шарын шатқалы шарын шатқалына саяхаттайтын Әбен Дамир,Майлыбай Ильхам,Қанат Аделина.
Келесі саяхаттайтын мекеніміз Алматы облысының ең көрікті жерлерінің бірі Көлсай Қайыңды көлдері табиғаттың әсем көрікті кереметін сіздермен саяхаттауға шығатын Абдукасимова Гүлжан,Тлеумбек Дарын,Қаратаев Дәлен ,Темиргалиев Дамир.
Саяхатымыздың келесі аялдамасы Алтын Емел ұлттық саябағы Әнші құм болмақ сіздермен саяхаттайтын алдарыңызда Нұргия Аружан,Нұрмұхамбед Али,Қахарманқызы Айша.
Ән: Туған жер
Құрметті қонақтар мен оқушылар бүгінгі 5 А сынып оқушыларының Туған жердің кереметтеріне саяхат атты сыныптан тыс сынып сағатымыз аяқталып келеді. Оқушыларымыз қорғап мәлімет берген әр бір еліміздің көркем жерлері бұнымен зерттеу саяхатын тоқтатқан жоқ алдағы уақытта 6-7-8-9-10-11 сыныптарда да аталған көркем нысандарды біз жылдан жылға олардың сырлары құпиялары біз білмейтін қырлары жайында оқушыларымыз зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 5 а сынып оқушыларының алдағы үлкен саяхаттары жеңістіде жемісті бүкіл дүние жүзі танданатындай саяхаттар жасауына сәттілік тілейк. Қош сау болыңыздар.