Ашы? саба? Астана.К?мекші есім
Қазақ тілі 6а-сынып
Сабақтың тақырыбы:Көмекші есім.Астана
Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі:Көмекші есім дегеніміз
не,Астана қаласының
тарихы,сөйлемдер құра білу
білімдерін тереңдету.
2.Тәрбиелігі:Үлкенді сыйлау,Отанды сүю,
елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Көркем,мәнді сөйлеу,мағыналы ой құрау
Дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:Түсіндірме,сұрақ-жауап,салыстыру,ой толғау.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту,Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:Көрнекті сөздер,СТО технологиясының стратегияларының элементтері,слайдтар.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар қатысын,құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Әр үлестірме парақшаларда үй тапсырмасына қатысты сұрақтар жазылған,жауап беріп,тақтаға орналастырады,сонда Астана деген сөз шығады.
1.Барыс с.сұрағын ата.2.Күй айларын ата.3.Орыс тілінде неше септік бар?4.Бос уақытыңды қалай өткізесің?5.Кітапты сөзі қай септікте тұр?6.Досымды сөзі қай септікте жане қандай септеу?
Жаңа тақырып
1.Көмекші есімді түсіндіру.
Заттың,нәрсенің атын білдіріп,толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.
Көмекші есім тіркесін сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін,жасырын түрде де көрінуі мүмкін.Мысалы:мектептің қасы,аялдама жанында.
(көмекші есім слайдтан көрсетіледі,орыс тілінде аударылады.)
Ал,Астана қаласы туралы бізге тарих,география пәні мұғалімі Қазиева А.А қысқаша айтып береді.
Міне,балалар Астанамыздың тарихы,орналасқан жері туралы жақсы танып білдік.Ары қарай білерімізде де көп.
«Самғаған көгершін» оқу мен тәрбие егіз. Біз осы көгершінімізге көмектесіп, Астананың ғажайып жерлеріне қанат қағамыз,жолда кездесер сұрақ,тапсырмаларға жауап бере отырып ұша аламыз.
1.7 септікті ата-Бәйтерек суреті шығады
2.Берілген сөздерден сөйлем кұра-Астана халқының қазақ мақтанышы. «Жастар үйі» суреті шығады
3.Көп нүктенің орнына көмекші есімді қой-Интернат ... гүлдер отырғыздық.-«Парламент» үйі
4.Орыс тіліне аудар-Субұрқақ ескерткіш жанында тұр.-Елбасы Резиденциясы.
5.Ілік септігінің сұрағы қандай?Ханшатырдың суреті
6.Астана сөзін септе. «Алатау» қонақ үйі
«Шашылған әріп» ойыны.Сөйлемдерді дұрыс орналастыру.
1.Бойына,ағаштар,көше,отырғызылған.
2.Әуежай,сыртында,орналасқан,қаланың.
3.Саябақ,бар,мектептің,қасында.
4.Үйлер,жаңа,саябақ,салынған,қасынан.
5.Ғимарат,үлкен,тұр,ескерткіштің,артында.
6.Гүлдер,әдемі,ғимараттың,егілген,алдына.
7.Ортасында,Парламент үйі,тұр,қаланың.(көмекші есімдерді табу)
«Болжау» стратегиясы бойынша. «Астана-болашақта...»
Оқушылар Астана болашағы туралы өз ойларын айтады.
«Сергіту сәті» Оқушылар ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрап, бір-біріне тілектерін білдіреді.
Жолың болсын-Жол үстімен өткенде,абай бол.
Бақытты бол-Өмір алдындағы қиындықтарға мойыма.
Сәттілік тілеймін-Емтихан алдында сәттілік тілеймін.
Бауырмал бол-Туған адамдарың қасыңда болсын.
Жақсылық тілеймін-Әрбір істің соңы жақсылыққа әкелсін.
Достарың көп болсын-Көп балалар ішінде достарың көп болсын.
Ашық күн тілеймін-Үлкен шаңырағымыздың ішінде әрдайым күн жарқырап тұрсын.
Денсаулық тілеймін.
Білімді бол-Көп оқып,білім ал.
«Көрнекілік» стратегиясы.
«Астанаға» арнап салған суреттерін тақтаға іліп, өз ойларын білдіреді.
«Сауаттылықты ашатын хаттар» стратегиясы бойынша әрбір бала Астана туралы бі-бір сөйлем жазып,келесі,балаға жалғастырады. Мұғалім оқып, тоқталады.
Оқулықпен жұмыс.2-тапсырма.Мәтінді оқып,көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазу.
Өзенінің бойында, т.с.с.
«Бәйге»ойыны.
Әрбір ұяшықта бүгінгі сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар жазылған, білімімізді тексеріп көрейіп.
1.Сол жақтағы 30-Біздің астанамыз қай қала? (Астана)
2.Ортадағы 40-Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3.Оң жақтағы 20-Көмекші есімдерді ата.
4.Сол жақтағы 20-Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді? (6 мамыр 1998ж)
5.Оң жақтағы 30-Қазақстанның картасы тәрізді парк қалай аталады? (Атамекен)
6.Ортадағы 50-Астана қаласы туралы қандай фильмдер түсірілді? (Астана-махаббатым менің)
Астана туралы қандай өлеңдер білеміз?
Гингилян В мен Алимбаров А өлеңдерін оқиды.
Топтық жұмыс.
ҚР-ның жүрегі
Шет елдермен бәсекеге қабілетті-Астана-Еліміздің мақтанышы
Үлкен мәдениет,білім орталығы.
Бекіту сұрақтарын беру.Тақырып бойынша.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:5-6-тапсырма.
Оқушыларды бағалау,мадақтау.