MS Excel ба?дарламасында кестелермен ж?мыс
САБАҚ ЖОСПАРЫ Бекітемін_________Б.Сарбалина директордың ОІЖ орынбасары
«___»______________
Пән аты: Информатика 32 сабақ 03.04.2017ТК42 тобы
Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасында кестелермен жұмысСабақтың мақсаты:Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету. Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: Сыни тұрғысынан ойлау және деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдану.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрсете – түсіндіру Сабақтың оқыту формасы: жеке оқыту.Сабақтың көрнекілігі: ДК, Power Point-та дайындалған презентация-слайдтар, Таратпа материалдар,Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тіліСабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі1.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Сабақтың мақсатын айту.Қызығушылықты оятуЖаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға үй тапсырмасы бойынша “Жуан-жіңішке сұрақтар” стратегиясын пайдалана отырып сұрақтар қойылады.Windows-қа арналған ең танымал мәтіндік процессор не деп аталады?
Абзац енгізу қандай пернемен аяқталады?
Меңзердің сол жағындағы символды немесе мәтінді өшіруге арналған перне?
MS Word терезесінің екінші панелі не деп аталады?
Объектілері-символ, жол, ұяшық, баған болып табылатын қандай мәтін?
Мағынаны тану. Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды түсіндіру.
1. Кесте дегеніміз не?
2. Кесте жасау әдістерін.
3. Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу операцияларын.
Кесте дегеніміз-жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандайда бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Word мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады.
1-әдісі: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып, Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз. Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық.
2-әдісі: Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз. Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық.
3-әдісі: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені сызайық.
Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік. Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру (Таблица –Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара (Таблицы и границы ) тақтасындағы батырманы шертеміз. Ал, екінші жағдайда Кесте – Ұяшықтарды бөлу (Таблица –Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де Ok батырмасын шертеміз.
Мысалы: 1.Соңғы кестеміздің бірінші жолындағы ұяшықтарды біріктірейік.
2. Осы жолды 4 баған, 2 жолға бөлейік. Кестеге элементтер ( жол, баған, ұяшық ) қосу үшін кез-келген ұяшыққа тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен, ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.
Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет – Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан нұсқағышының көмегімен немесе пернелер көмегімен: Tab, Shift+Tab орындалады.
Ой толғаныс
(Жаңа сабақты бекіту мақсатында.)
Кестені пайдалана отырып, сынып бұрышын жасау. Тапсырмалар жеке орындалады.
Оқушылар тізімі
Сабақ кестесі
Кезекшілер тізімі
Қоңырау кестесі
Оқушылардың білімін бағалау
Ұсынылған жеке тапсырмаларды белсенді орындаған оқушыларды
формативті түрде бағалаймын.
Қорытынды: Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерін оқушылар рефлексия парағын толтыру арқылы береді
Үйге тапсырма. Кестемен жұмыс атқару
Қортындылау, бағалау.
мұғалімнің қолы____________________ Н.Хаирлиев