?лкетану саба? жоспары та?ырыбы. Отбасы?а ?ам?ор бол 1 сынып


7.10.14. Өлкетану 1 «В» сынып
Тақырыбы:  «Отбасыңа қамқор бол»
Мақсаты: Оқушыларға  отбасы  туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын  дұрыс әрі анық  атауға  үйрету, әр отбасының  өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің  міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы  түсіндіру. Түрлі  тапсырмаларды  орындау  арқылы   сөйлеу  дағдыларын,шеберліктерін  қалыптастыру.
Көрнекілігі:суреттер,үлестірмелі  материалдар.
 
                                               Жүру барысыI.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
“Қайырлы  күн” деп айтамыз,
Түсте бірге  қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)
 Жаңа сабақ.
«Отбасыңа қамқор бол»
Топтастыру.
 
Атасы                            Анасы                     Отбасы                Әкесі
Әжесі                          Балалар 
Суретпен  жұмыс. 
          Менің атам                                                      Жүзі жарқын, жаны ізгі   Жан бар ма екен атамдай,   Бірақ  бала  тәрізді   Тұрады  әкем бата алмай  Мәнді және маңызды,  Толған  ылғи ой басы,  Ертегі  мен  аңыздың  Таусылмайтын қоймасы.
 
Ой толғау.
Өзіңнің отбасың туралы айтып бер?
Отбасыңызды қалай қамқорлайсыз?
 
Оқушылардың  ойын  талдау.
1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?
Отбасында сендерді қалай еркелетеді?
              Менің  әжем
Менің әжем ақ  әжем,
Ұл мен қыздың  бағы әжем
Ертегі  айтып  бер десең
Айтып  берер  тағы әжем.
Менің әжем, гүл әжем.
Алтын  әжем,  күн   әжем
Апам  үшін,  мен үшін
Нағыз  ана тілі- әжем
Менің әжем,нар  әжем,
Көп жасаған  кәрі әжем
Ауырғанда,
Мен   үшін
Әр  сүйгені  дәрі  әжем.
Оқулықпен  жұмыс.
Отбасы Сенің Отбасың
Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.
          Отбасы мүшелерін ата.
•      2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?
•      3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
•      4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?
         Біз не білдік?
•      Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды  сыйлау керек.
•      Ата әже әке ана,ұл қыз –бәрін отбасы дейміз.
•      Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
     Қорытынды сөз.
Отбасы -әр адамның шағын  отаны.
Отбасы шағын-мемлекет.