Массасы белгісіз ж?кті? массасын аны?тау


Пән: Физика.
Сынып: 7
Практикалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Массасы белгісіз жүктің массасын анықтау»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше және жұптық жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
Құрал-жабдықтар: қатаңдығы белгісіз серіппе, сызғыш, массасы белгілі гирь, массасы белгісіз жүк.
Практикалық жұмыстың жоспары:
КритерийлерЖоғары ұпай
А Ғылыми зерттеу
Оқушы проблеманы анықтай алады, болжам жасайды және оны жоспар құра отырып, тәжірибе арқылы тексереді 5
В Ақпаратты өңдеу
Оқушы ақпаратты өңдейді және жазады (кестені толтыру, графиктер тұрғызу, схемалар сызу) 3
Бағалау жұмысының шкалалары:
Критерий Тексерілетін элемент Ұпай
А (максимум 5 ұпай)
Оқушы төмендегі критерийдің ешқайсысына жетпеді 0
Оқушы жұмыстың проблеманы анықтап, болжам жасады 1
Оқушы жұмыстың орындалу барысына жоспар құрды 2
Оқушы өзі құрған жоспар бойынша физикалық шамаларды дұрыс өлшеді 3
Оқушы жүктің массасын дұрыс есептеді 4
Оқушы орындалған жұмыстың болжамын тексере отырып, дұрыс қорытынды жазды 5
В (максимум 3 ұпай) Оқушы төмендегі критерийдің ешқайсысына жетпеді 0
Оқушы өлшеулер мен есептеулер үшін кесте тұрғызды 1
Оқушы аспаптық қателікті анықтады 2
Оқушы салыстырмалы қателікті тапты, абсолюттік қателікті ескере отырып жүктің массасын тапты және дұрыс жазды 3
БАРЛЫҒЫ: 8
Бағалау парағы:
Критерийлер бойынша ұпайлар Ұпайлардың қосындысы Баға
А В Ұпайларды бағаға аудару парағы:
Жинаған ұпайлардың қосындысы Баға
7-8 ұпай «5»
5-6 ұпай «4»
3-4 ұпай «3»
0-2 ұпай «2»