Есеп ж?не оны? ??рылымды? элементтері 
« Ақтөбе қаласы № 57 жалпы білім беретін орта мектеб і» КММ мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі Ажигалиева Фатима Кабиевна
Сабақтың тақырыбы : Есеп және оның құрлымдық элементтері.
Сабақтың мақсаты : 
а) Балалардың санау есептеу жауап беру дағдыларын дамыту.
ә)Есеп ,оның құрлымдық элементтері туралы түсініктерін жетілдіру.
б) Әдемі таза жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Ертегі кейіпкерлерінің  суреті , цифрлар , кеспе әріптер ,                       интерактивті тақта , слайд .
Әдіс –тәсілдер : Сұрақ – жауап , ойындар , суретпен жұмыс.
Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу .
 Амандасу үлкенге 
Тәрбиенің басы ғой
Ал , кәнекей балалар !
Амандасайық қонақтарға.
Тілек шеңбері: 
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де ,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге,
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Психологиялық сәт:
Қарлығашқа не жарасады ?
(Қарлығашқа ұшқан жарасады)
Шегірткеге не жарасады ?
(Секірген жарасады)
Ақтауыққа не жарасады ?
(Ақтауыққа шоқыған жарасады)
Білімдіге не жарасады ?
(Білімдіге оқыған жарасады)
Балалар , күн неге аяз ?
(Себебі қыс мезгілі)
Қар неге жауады ?
(Қыс мезгілі болғандықтан)
Күн неге боран ?
     (Себебі қыс мезгілі)
Адамдар неге қалың киінеді ?
(Қыс мезгілінде адамдар қалың киінеді)
Қызығушылықты ояту : Таңғажайып сәт :
Ертегілер елінен «Қызылтелпектің» келуі .
Қызылтелпек ормандағы әжесіне бара жатып адасып кетіпті , Қызылтелпектің алдынан кедергілер шықты. Қызылтелпек әжесіне жету үшін кедергілерден өтуге көмек береміз бе? 
Тапсырмаларды орындасаңдар Қызылтелпек әжесіне тез жетеді?
Мағананы ашу :  1 тапсырма. 
Есептің элементтерін ата ?
(Есептің шарты , сұрағы , шешуі , жауабы) .
Дидактикалық ойын : « Не екенін тап » !
а ) Әжесі Маратқа   3 шар , ал анасы  2 шар сатып әперді . Маратта барлығы неше шар бар ?  (балалардың жауабы есеп)
ә ) Айгүлдің әдемі бояулары көп . Айгүл  бояумен сурет салғанды жақсы көреді.(балалардың жауабы) әңгіме
      б) Бірі сөйлейді
     Екеуі көреді 
     Екеуі тыңдайды
      (балардың жауабы) жұмбақ 
     2 тапсырма . «Сиқырлы сандар»
1 . 2 . 3 . 4 . 5 . 
А  Қ  П  А  Н
Ең ақылды , ең күшті кім             А
Қыстық тамашасы                        Қ
Қысқы киім                                    П
Қысқы ойын                                   А
Көктемнің алғашқы айы               Н
3 тапсырма . Дәптермен жұмыс .
Слайд , сурет бойынша  есеп құрастыр және шығар . 
4 тапсырма : Слайд ,ж апсырма
Әр сөреде  төрт доптан болуы керек , жетпегенін жапсыр , ал артығын сыз .
Сергіту жаттығуы.
5 тапсырма . Сурет қандай фигуралардан тұратынын атаңдар . Заттың түсі мен санын анықта ,
6 тапсырма . Үздік сызықтарды бастырып сыз боя . 7,8 сандары .
7 тапсырма . Математикалық моншақ .Тиісті таңбаны қой.
10
=
5
5
---------------------------------------
0
=
8
8
-------              ---------------------------------------
6
=
2
4
-------------------------------------------------------
8 тапсырма . «Құпия » ойыны
Есептің шартын тақтаға жазу. Жауабын балалар тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады.
Қортынды . Бүгін  біз не білдік ?
      -Міне балалар білімдерің арқылы Қызылтелпекке көмектестік . Енді ол әжесімен аман      
      сау табысысты .
Сабақта ерекше белсенділік көрсеткен балаларды марадақтау.
« Қуанышты хабарлама»  тарату  .