Открытый урок по казахскому языку на тему Жеке адам ?міріне ?атысты іс-?а?аздарыны? т?рлері, тілдік ??рылымды? ерекшеліктері, стиль т?рлерімен байланысты
Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздарының түрлері, тілдік құрылымдық ерекшеліктері, стиль түрлерімен байланысты
Мақсаты білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
дамытушылық: : Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгертуКөрнекілігі Әдістеме
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту 1. БілуЖеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік
құрылымдық ерекшеліктері
Ісқағаздар, оның түрлері.2. ТүсінуМультимедиялық проектордан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Ресми ісқағаздарының негізгі міндеттері
Өмірбаян, оның ерекшелігі,стильдік белгісі, түрлері. (Қ.Жұбановтың саяси-қоғамдық өмірбаяны, М.Әуезовтің автобиографиялық өмірбаяны, жай өмірбаян үлгісі)
Өтініш, жазылу стилі.
– Құжат адресациясы ;– Құжаттың аты;– Мәтін;– өтініш жазылған күні, айы, жылы.– Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі көрсетіледі)
Арыз, оның түрлері, арыз құрылымы туралы.
Арыз құрылымы:
1) Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2) Құжат аты;
3) Негізгі мәтін;
4) Қосымша болса оған сілтеме;
5) Жазылу мерзімі;
6) Қолы;
7) арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
V. Жаңа сабақты бекіту
3. Қолдану.Дидактикалық материалдар
117-тапсырма
а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап,мектеп директорына өтініш жазыңдар.
б) Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.
в) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, сол пәнді
жүргізетін мұғалімге өтініш жазу. Оның себептерін ашып жазыңдар.
Оқулық бойынша тапсырмалар:
1. Мектепішілік ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтініш
жазу.2. Спорт секциясына, үйірмелерге қатысуға сұралатын өтініш жазу.
3. Өтініш сөзімен түбірлес сөздерді жазыңдар.
Өтініш сөзінің синонимдік қатарын қатарын тауып жазыңдар.
Мағынаны тану Ой толғаныс 4.Талдау.І. Оқулықтағы домалақ арыз туралы пікірлерің қандай деген сауалға орай екі арызды оқыта отырып, оқушылардың пікірлерін білу.
1.Бас дәрігер А.Айдынованың үстінен жазылған арыз (« А.Айынованың сүрінуін көксеп жүргендер кімдер? » мақаласы негізге алынады. « Қазақ » газеті, 2010 жылы 10 қазан)
2. 1930 жылы Ақмола өңіріне қарасты( кезінде Социалистік деп аталған) аудан тұрғынының И. Сталин атына жазылған домалақ арызы. («Олақтар социализмді қалай орнатып жатқаны туралы айту» мақаласы негізге алынады. Арыз ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған. 719-қ. 1-т. 125 іс, 132–134-п. Көшірме. Орыс тілінде. Машинамен басылған. Материалды өңдеп, баспаға дайындаған Сейсенбаева Айнаш, ҚРПМ бас сарапшысы )ІІ. «Полиглот» ойыны.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
5. Жинақтау«Ашық сабақта»
Тірек сөздер (өмірбаян, саяси-қоғамдық өмірбаян, мәлімет, өтініш, арыз) арқылы қорыту
6.Салыстырмалы қолдану
Саяси-қоғамдық өмірбаяның жай өмірбаяннан айырмашылығы.
Арыз бен өтініштің ерекшелігі.
БББ кестесі
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады