Жабайы а?дар Сын есімні? шырайлары.
Пән аты: Қазақ тілі Сыныбы : 6 БСабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Сын есімнің шырайлары. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға аңдар туралы мәлімет беру , сын есім шырайлары, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдану әдістерін үйрету; 2.Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған орта және жануарлар туралы тәрбиелік мәңі зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Аңдардың пайдасы мен зияны туралы айтып өту; 3.Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. Сабақтың типі: дәстүрлі. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО әдісі, сұрақ-жауап. Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану , ән – күй , еңбек , ағылшын , география ,биалогия . Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте , суреттер , қима қағаздар , баннерлер, слайдтар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі : 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгелдеу. 3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : 1.Табиғат дегеніміз не? 2.Табиғат бізге не береді? 3.Табиғаттағы тіршілік иелерді ата. 4. Табиғатқа қосар өз үлесін қандай? ІІІ. Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып , «Атамекен» әнін орындайды. ІV.Топқа бөліну : І топ : «Жабайы аңдар» ІІ топ : «Үй жануарлары» V. Оқушылардың қызығушылығын ояту . «Ой қозғау» стратегиясы. І топ. ІІ топ. 1.Жабайы аңдарға сипаттама беріңіз. 1.Үй жануарларына сипаттама беріңіз. 2.Олардың мінездері қандай? 2.Неліктен біз оларды үй жануарлары дейміз? 3.Жабайы аңдар қай жерлерде мекендейді? 3.Қалай ойлайсыз, жабайы аңды үй жануарына айналдыруға болама? 4.Жабайы аңдар немен қоректенеді? 4.Үй жануарлары еркіндікті аңсай ма? VІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім деп аталады. Сын есім қандай? , қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: жақсы, жаман, қу, қорқақ, жылдам, т.б. Заттың сыны мен сапасының әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін белгілер шырайлар деп аталады. Сын есімнің шырайлары /Степени сравнения прилагательных/ Жай /простая/ Салыстырмалы. / сравнительная/ Күшейтпелі /превосходная/ Әдемі -лау,-леу,-дау,-деу -тау,-теу,-ырақ,-ірек, -рақ,-рек: әдемірек,әдемілеу 1.Күшейткіш буын арқылы: әп-әдемі; 2.өте,тым, аса, ең, тіпті, сөздер арқылы: өте әдемі. Екі тілде үйренейік: І топ : ІІ топ: лиса - .... лев - ... жираф – ... в горах - ... слон - ... тигр - ... волк - ... берлога- .... дикие животные - ... медведь - ... в лесу - ... заяц - .... VІІ. Дәптермен жұмыс. Мына сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырайлар жасаңдар : Жай Салыстырмалы Күшейтпелі қорқақ жылдам қу батыл биік қоңыр қорқақтау өте қорқақ VІІІ . Мағынаны ашу. Аралас оқиғалар. Мәтінмен жұмыс. Әр топқа арналған мәтін беріледі, сол мәтінді оқушылар талдап, сұрақ қою арқылы сын есімнің шырайларын тауып белгілеп көрсетуі керек. І топ : «Аю» мәтіні. ІІ топ : «Арыстан» мәтіні. ІХ. Жаңа сабақты бекіту. «Жалғасын тап» ойыны. Ойын шарты: әрбір топқа арнайы тапсырма беріледі. Оқушылар мақалдың жалғасын тауып , белгілеп көрсетуі керек. І топ : Аюды женген-жарты ер, Кірпі баласын жұмсағым дер. Қарға баласын аппағым дер, Қырық кісінің жүрегі бар, Қырық кісінің күші бар. Жылауық болса да, баланың бары жақсы, жемесе де қан. Арыстанда бір кісінің күші бар, Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар, Ашуды жеңген-бүтін ер. Қасқырдың аузы жесе де қан, Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы. ІІ топ : Итпен ойнасаң үрерсің, Құстың бәрі сұңқар болмас. Ат аяғын жерге қарар, Үйдің көркі мүлік. Жылқы-малдың патшасы, Баламен ойнасаң күлерсің. Аттың бәрі тұлпар болмас, Құс аяған көкке қарар. Жылқының көркі құйрық, Түйе-малдың қасқасы. Х. Қорытынды. 1. «Жер планетасы» атты бейнематериалды тамашалау. 2.Бағалау. Әр топ басшыларына бағалау қағазы берілген , сабақ барысында алған бағаларын қорытындылап , айтып шығады. 3.Үй жұмысы : 2-тапсырма . Мәтінді оқып , аудару. Ереже, сөздік жаттау. 4. «Жүректен-жүрекке» айдарын өткізу. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!