?збек биі (4-5 жас)
ӨЗБЕК БИІ
Бидің негізгі қимылдары:
І.«Ерекше қадам» - жерді жарты табанымен (аяқтың ұш жағымен ) теуіп, тізені жазып, денені жоғары көтеріп істелетін қадам. Мысалы, оң аяқтың ұш жағының жарты табанымен еденді соғып, жазылған тізе арқылы денені жоғары көтеріп, сол аяқты еденнен сәл көтеріңкірей қайта басып, оң аяқтың тізесін бүгіп, бойды бастапқы қалпына түсіріп, оң аяқты сәл көтеріп, қимылды қайта бастау керек. Қимылды бір орында да немесе алға, артқа жүріп те орындауға болады.
ІІ.«Ауыспалы жүріс» - 3 қысқа қадам жасап, үзілістен кейінгі жүрісті басқа аяқтан бастау керек.
ІІІ.«Жай жүрісті қадам» - Қолдың білезік буынымен шынашаққа қарай жарты шеңбер жасау. Биге қатысатын қыздар тобына шек қойылмайды (6, 8, 10, 12 ).
Бидің құрылысы:
Қыздар екі қатар құрып, бөлменің екі жағында бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады.
І бөлшек
2 такт.Сол жақта тұрған қыздар оң аяқтан бастап, бірінші қимылды ( «ерекше қадам» ) 4 рет орындап, ортаға қарай жүреді. Оң қолдарын иықтарынан жоғары көтеріп, сол қолдарын иық тұсына шетке созып көтере ұстайды. «Ерекше қадам » кезінде қыздар білезік буындарымен жарты шеңбер бұрылыс жасайды.
2 такт.Екі рет «ауыспалы жүрісті» орындап, сол жақта келе жатқан қыздар оң жақта тұрған қыздардың жанына келеді. Оң жақтағы қыздар алақандарын соғып тұрады .
4 такт.Сол жақтан билеп келген қыздар осыған дейінгі жасап келген қимылдарымен артқа қарай жүріп, бұрынғы орындарына жетеді. Ал оң жақтағы қыздар оң аяғымен тізерлей отырып, жоғары көтерілген қолдарының білезіктерімен 4 рет жарты шеңбер жасайды .
ІІ бөлшек
8 такт.Оң жақтағы қыздар сол жаққа қарай жүріп, сол жақтан келген қыздардың қимылын қайтадан орындап, сол жақта отырған қыздардың алдына келеді. Ал сол жақтағы қыздар сол аяқтарымен тізерлеп отырып қол шапалақтап, қолдарын жоғары көтеріп, білектерін 4 рет жарты шеңбер жасап айналдырады .
ІІІ бөлшек
8 такт.Қыздар 8 рет «ерекше қадаммен» бірінен соң бірі алдыңғы жақтың ортасына жетіп, екі саппен ортадан төрге қарай көтеріліп, екі жаққа ажырап шеңбер құрады.
ІV бөлшек
8 такт.8 «ауыспалы жүріспен» кезек –кезек оң қолын, содан соң сол қолын жоғары көтеріп, білектерін айналдыра дөңгелетіп, шеңбермен оңға қарай жүріп отырады .
V бөлшек
4 такт.Қыздар 4 рет «ерекше қадам » жасап, бір орында тұрып оң жақтарымен бір рет айналып шығады .
4 такт.Қол ұстасып, жай қадаммен шеңбер жасап, оңға қарай жүреді .
VІ бөлшек
8 такт.8 «ерекше қадаммен» шеңберден ажырап, екі жаққа жарты шеңбермен бөлініп, екі жақтағы орындарына келіп, алға қарай иіліп тәжім етеді. Сонан соң, биді басынан бастап қайта орындауға болады.