Саба? жоспары: Етістіктерді ?айталау
Қазақ тілі 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістерді қайталау
Сабақтың мақсаты: Етістікке тән грамматикалық категория - етіс жайлы білімдерін еске түсіріп, қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойдағысын нақтылау, меңгерген білімді ұмытуға жол бермеу, білімдегі олқылықтарды жою, білімді жетілдіру, есте берік қалдыру.
2) Дамытушылық: іскерлігін қалыптастыру, сөз байлығын дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, сауаттылығын байыту, өз ойын жүйелі, жеткізе білуге үйрету, талдай білуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне біліп, тілге деген құштарлық сезім қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Әдісі: деңгейіне қарай сатылай оқыту
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Үйге етістен өткенді қайталап келу берілген.
III. Сабақ барысы:
Тапсырмадарды орындау:
Ой қозғау
29102056534150013303256534150029102056534150021501101603375003990340938530Орындаушы
00Орындаушы
-70485938530Қимыл, іс - әрекет
00Қимыл, іс - әрекет
196024519050000
Көрсетілген сызба нені білдіреді?
Топтастыру
1520825635Етіс
00Етіс
27082751593850027082751593850022923501593850051117515938500
511873525019000345630525019000165100034480500-18923034480500
270827533458150022923503345815002708275334581500688975334581500488124541535350032308804153535001520825415353500-9461541535350015208252645410Жұрнақтары
00Жұрнақтары
Ой қорыту
Қажетті жұрнақты жалғап, өздік етіс жасау: гүлде, сез, түй, тазала, сал.
Қай етістіктің жұрнағы жалғанған: айтқыз, оқыт, айтылды, асыр, қаланды, жинақталды сөйлесті, сырласты.
Мына мақалдарда етістік қай етіс түрінде тұрғанын көрсет.
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер
Ашу шабыстырады,
Ақыл табыстырады.
Ой сергіту
Бір жұрнақ екі етіске ортақ . Олар қай етістер?
Көп адамның қатысуымен естілетін іс қай етіске жатады?
Онға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да – етістік. Ол қай сөз?
Ойға тоқу
Мақал-мәтелдегі түсіп қалған етістікті тап
Өтірік сөз өрге ....
Қына тасқа....
Білім басқа....
Ат жаманы жолда....
Жолдас жаманы қолда....
Өнерлі өрге....
IY. Қорытынды
Миға шабуыл
Тест әдісімен қорытындылау.
Өздік етіс қайсы?
А) оранды в) тіктірді
Б) сөйлетті г) айтысты
Өзгелік етісті көрсет.
А) сендірді в) салынды
Б) айтылды г) жуынды
Ырықсыз етісті тап?
А) көргізді в) жинаттыр
Б) жасат г) жасалды
Ортақ етісті тап.
А) айтысты в) тіктірді
Б) өшіргіз г) салында
Етіс неше түрге бөлінеді?
А) 3 в) 4
Б) 5 г) 2
Өзгелік етіс жұрнағын көрсет
А) –ғыз, -гіз, -қыз,-кіз в) -ыл, -іл, -л ,
Б) – ын, - ін,- н г) – ыс, -іс,-с,
Бағалау парағы
р/с Оқушы фамилиясы Ой қозғау Топтастыру Ой қорыту Ой сергіту Ойға тоқу Тест Қорытынды
Үйге тапсырма: Етіс туралы тестік жұмыстар құрастыру.