Ашы? саба? ?аза? тілі Негізгі ж?не туынды зат есімді ?айталау
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды кеңейту; туынды зат есімнің өзге де сөз таптарынан жасалатынын байқату.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелігі:Әрбір істі саналы орындауға, ізденімпаздыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ Типі: қайталау.
Әдісі:ой қозғау, топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Иіліп сәлем береміз Біз әдепті баламыз Біз келбетті көріктіміз Біз әдепті мейірімдіміз Біз ақылды дарындымыз Біз зейінді зерекпіз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Енді қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойнап отырып оқимыз, оқимыз, үйренеміз.Екі топқа бөліну. Топ басшыларын сайлау.
Үй тексеру тапсырмасын: Сөзжұмбақ шешу.
з
1. Білімнің дәнін тередіа
Балаға білім береді.(ұстаз)
т
2.Сағат сайын қағылды Тек мектептен табылды.(қоңырау)
3. Білімнің мол сыйы асы
Балғындардың ұясы(мектеп)
Сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
Зат дегеніміз не?
Заттың несін білеміз? Топтастыру.
Зат есім қандай болып бөлінеді?
Жаңа сабақ..
Енді сабағымыз ойын түрінде болғандықтан ойынымызды бастайық.
«Сен-маған, мен-саған» ойыны.Екі топтың басшылары доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақ қояды.(сөз таптары туралы)
Екінші ойын «Суретті сөйлет» деп аталады.Әр оқушыға бір-бірден сурет беремін.Оқушылар бір сөйлем құрайды,ішінде зат есім болу керек.Топ басшылары шағын әңгіме құрап,бірінші сөйлемнен зат есімді табады.
Үшінші ойын; «Көрші»деп аталады.Берілген жұрнақтарды жалғап,туынды зат есім жасау.
... ...
... ...
Шы лық... ...
...
...
...
...
... Гіш .
...
Дәптермен жұмыс. Бір, екі, үшБойымызға жинап күшҚолға қалам алайықӘдемілеп жазайық 32-жаттығу. «Ойлан тап»ойыны арқылы жүргіземіз.Екі топтан екі оқушы тақтада орындайды.
Сергіту сәті.
Ормандағы аю,қонжық Ағаштардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрдыМойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрдіҚуанғаннан билеп берді.
Көру диктанты. Оқулықпен жұмыс.
Келесі ойын. «Кім жылдам?»деп аталады.
36-жаттығу.Қарамен жазылған негізгі зат есімдерді жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасау.
Қорытынды.Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде болды.Қарандаршы,біз неше ойын ойнадық?Сендерге қай ойын көбірек ұнады?Жақсы олай болса келесі ойынымыз қалды.Бұл жай ойын емес, сендердің білімдеріне баға беретін ойын.Бұл ойынымыз«Дүкенші» деп аталады.
-Балалар, дүкенші дегеніміз кім?
-Ол қайда жұмыс істейді?
-Дүкенші заттарды жай бере ме?
Ендеше мен де сендерге жай бермеймін.Сендердің бүгінгі тақырыпты қалай меңгергендерінді байқап беремін.
Бір затты алу үшін оны сөз құрамына талдап,қандай сөз табынан жасалғанын айтып аламыз.
Қуыр-шақ, дәрі-гер,ұш-ақ.т.б.
Үйге тапсырма беру.
Ішінде туынды зат есімі бар бес сөйлем.
Бағалау.
«Жігер» ӘБ жоспарлы ашық сабаққа анықтама
15.02.2017 жылы А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 2 «а» сыныбында қазақ тілі пәнінен «негізгі және туынды зат есімдерді қайталау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабаққа барлығы 16 оқушының 16-сі түгел қатысты.
Сабақтың мақсаты: 82+18,100-82 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, кестелік қосу, азайту дағдыларын бекіту.Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кітап оқуға деген ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысын психологиялық дайындықта амандасудан бастадық . Үй тапсырмасын тексеру мақсатында жеке оқушылардан жауап алынды. Балалар өте белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берді.Және өткенді еске түсіру үшін математикалық диктант берілді. Оқушылар математика пәнінен алған білімдерін көрсете білді. Жазбаша қосу,азайтудың емлесін еске түсіру мақсатында толықтыру тестін өткіздім. Дәптермен жұмыс кезінде 1-жаттығуды түсндірмелі жаттығу ретінде орындалды.Оқушылар алған білімдерін ортаға салып сабаққа белсене қатысып отырды. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Аңшы мен түлкі» ертегісі оқылып, түлкіге көмектесу мақсатында тапсырмалар орындалды. Балалар қызыға қатысты. Сергіту сәті кезеңінде бой жазу жаттығулары орындалды.. Логикалық есеп шығаруда оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланды. Ой толғаныс кезеңіне және кері байланыс жасау мақсатында оқушылардың сабақтан алған әсерлерін айту тапсырылды. Оқушылар сабақтан жақсы әсер алғандарын, қызықты екенін айтты. Сабақта барлық оқушылар қамтылып, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілді. Оқушылар сабаққа қызығып, белсене қатысты. Сабақтың бағалау кезеңінде оқушыларды «Бағдаршам» әдісімен бағаладым.
Сабақта кездескен қиыншылыққа келетін болсақ,сергіту сәтіне қызықты ойын ойнатуым керек еді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сапарова Н.С
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
«Жігер» әдістемелік бірлестігінде өткен жоспарлы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Негізгі және туынды зат есімді қайталау»
(қазақ тілі пәнінен)
Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова.Н.С
2016-2017 оқу жылы
Сабақтағы қызықты сәттер
148590363855Алгоритмге машықтандыру сәті
00Алгоритмге машықтандыру сәті
left444500
148590382905Сергіту сәтінен....
00Сергіту сәтінен....
left444500
3663315316230
Өз –өзінен бағалау кезеңі
00
Өз –өзінен бағалау кезеңі