«Т?уелсіз елді? жастары – Н?рлы жолды ?олдайды» атты ауыл ардагерлерімен кездесу кеші


Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
«Тәуелсіз елдің жастары – Нұрлы жолды қолдайды»
( ауыл ардагерлерімен кездесу кеші)

Өткізгендер: М.Т. ХаликоваЗ.Қ. Ешмұхамбетова2016-2017 оқу жылы
«Тәуелсіз елдің жастары – Нұрлы жолды қолдайды» атты ауыл ардагерлерімен кездесу кеші
Мақсаты:
а) Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
Түрі: кездесу кеші
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, зерттеу
Көрнекілігі: ардагерлерге байланысты жазылған қанатты сөздер
Техникалық құрал: мультимедиа
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мектебімізде 25 жұлдызды күн аясында өткізілгелі отырған «Тәуелсіз елдің жастары – Нұрлы жолды қолдайды» атты ауыл ардагерлерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Олай болса, бүгінгі кешімізге келген ауыл ардагерлерімен таныс болыңыздар.
Еділбаев Абуғали Тасқалиұлы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз
Мұштанов Нұржан Газизұлы – ауылымыздың қадірлі зейнеткері
Ешмухамбетов Ғалымжан Үмбетұлы – ауылымыздың сыйлы зейнеткері
Нигметов Берік Задагерейұлы – мектебіміздің директоры

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тағы да құтты болсын! Бұл күнге жетуіміздің өзі аяулы да ардақты ардагерлер сіздердің арқаларыңыз. Бұл жерде әрқайсыңыздың еңбегіңіз орасан зор. Олай болса, қарттарымыз қашанда аман болсын дейміз.
Кешімізді әсем әнмен ашсақ.
Ән: «Әке - ана» Орындайтын: 8 «б» сынып оқушылары
Жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді - олай болса, құрметті оқушылар алғашқы сұрағым сіздерге болсын. Сіздер үшін Отан сөзінің мағынасы қандай?
Ия, балалар дұрыс айтасыздар. «Отан – отбасынан басталады» , «қарты бар үйдің қазынасы бар» деп жатамыз. Әр шаңырақта осындай дұрыс жолға сілтеп, бағыт беріп отырар ата – әжелеріміз болсын. Құрметті қонақтар, аталар мен әжелер олай болса, сөз кезегі өздеріңізде. Өздеріңіздің отбасыларыңыз, еңбек жолдарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіздер.
Осы ретте кезекті бір тамаша өлеңге берсек деймін. «Ана сен бақыттысың» Оқитын: Қабашева Гүлден
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар – дей келе бүгінгі кешімізге келгендеріңізге мың да бір рахмет дейміз. Әңгімелеріңізге көптен – көп рахмет көрермендердің қоятын сұрағы болса рұқсат.
Сахнада «Жаса Қазақстан» әнімен Абай Нұрғиса
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі кешімізді аяқтай отырып, қарттарымызға уақыт бөліп келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мына өлең жолдарын арнаймын.
Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін,
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм – тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел – жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз – бірлік бола берсін
Тап – таза абыройлы болғаныңды
Қазірге ел билеген жастар көрсін. –дегім келеді. Дендеріңізге саулық тілейміз. Немере, шөберелеріңіздің ортасында күліп ойнап жүре беріңіздер. 100 жасаңыздар құрметті ата - әжелер! Ендеше, құрметті ардагерлер сіздердің алдарыңызда смайликтер жатыр, «смайлик» бұл ағылшын тілінен аударғанда күлкі деген мағынаны білдіреді. Ендеше бүгінгі кешімізді осы смайликтермен бағалап, сол смайликті өздеріңіз көрсетсеңіздер.
Рахмет!
Кешіміз аяқталды кеш соңында сіздерден бата сұраймыз.