Мектепке дейінгі т?рбиеде ?лтты? ойындарды? ма?ызы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Алматы облысы, Іле ауданы,
Байсерке ауылы “Ниет- ай”
Балабақшасының тәрбиешісі
Зарерова Айнұр Жамшидовна
Білім көші жаңалықтан құр қалмау керек деп, шет елдің білім беру жүйесінің жаңа да, тың тұстарын өзімізде қолдану жиілеп кетті. “Бірақ, өз салт – дәстүріміз қайда қалады?”- деген үлкен сауал мені мазалайды. Өркениетті дамыған елдің қатарына қосылсақ, өзіміздің ұлттық нақышымызды паш ететін біздің балалар. “Ал, біз оларға ұлттық нақыштағы тәлім – тәрбиені қаншалықты бере алып жатырмыз?”- бұл сауал да бүгінгінің ертеңгі ел ұрпағын тәрбиелеп жатқан тәрбиешілер қауымына артылған үлкен жүк. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие процессінде балаларды жан жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыруда, балалардың мінез - құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның рөлі ерекше. Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі, осыған сәйкес дәстүрлі кұндылықтар негізінде жан- жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбилеуді қалыптастыру көзделуде. Қазақ халқының ұлттық ойындары негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұлттық ойындар негізінде тәрбиелей отырып, жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды көздеп отырмыз. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды оқу қызметі барысында қолдану балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп кейінгі ұрпаққа жеткізе білуге көмектеседі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу қызметінің тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды көбіне «Сиқырлы қоржын», « Көкпар» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Бала ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Біз әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруымыз керек. Оның тәрбиелік маңызы мынада, ол баланы зеректікке, бірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналырына деген көз қарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет - ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Ойын балаға не береді?: а) ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді. ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. в) эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да ол өнер көрсетеді. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты - уық ұшты, қаршыға ұшты - қанжыға ұшты деп жалғаса береді.Жалпы ұлттық ойындарды мынадай төрт топқа бөлуге болады:1.Аңға байланысты ойындар: «Ақсерек-көксерек», «Аңшылар», «Аңшылар мен қояндар», «Ордағы қасқыр». 2.Малға байланысты ойындар: «Асау көк», «Бура-қотан», «Көк сиыр», «Соқыр теке», «Түйе мен бота». 3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар: «Ағаш аяқ», «Аққала», «Ақсүйек», «Арқан аттау», «Арқан тартыс», «Асау мәстек», «Асық», «Жаяу көкпар», «Күміс ілу», «Қыз қуу», «Орамал тастамақ», «Түйілген орамал».4.Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: «Айгөлек», «Айдапсал», «Аударыспақ», «Бағана өрмелеу», «Бөріктастамақ», «Жасырынбақ», «Жаяу жарыс», «Көкпар», «Ұшты-ұшты».Халық ойындарын оқу қызмет барысында пайдалану баланың алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы. Мысалы: қызықты математикада балалардың ой өрісін дамытатын «Санамақ ойыны». Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танытып біледі. Бір дегенім білімЕкі дегенім егеуҮш дегенім үкіТөрт дегенім төсекБес дегенім бесікАлты дегенім асықЖеті дегенім желкеСегіз дегенім серкеТоғыз дегенім торқаОн дегенім оймақОн бір қара жұмбақ Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі ісі ойын болғандықтан оны үйрету барысында олар біртіндеп ойын әрекетінен таным әрекетіне түрлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс. Я.А. Каменский «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі»- деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруға ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету барысында тек қалыптасқан жұмыс түрлерін ғана қолданып қана қоймай, оған өзгеше әр беріп өткізген жөн деп білемін. Ұлттық ойындардан тұратын эстафеталық жарысты мысалға келтірейік. Жалпы эстафета түрінде ойналатын ойындар әрі тартымды, әрі қызықты өтетіні мәлім. Оның үстіне бұл ойындар кезінде балалардың қимыл- қозғалыс деңгейінің әлдеқайда жоғары болатыны дәлелденіп отыр. Түйілген орамал: Алдымен кез- келген орамалды түйіп- түйіп доп тәріздес етіп алады. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сырттағы балалардың қолдарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал сырттағы балалар бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады. Хан алшы: Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояу қажет. Осы асық « Хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алады. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «Ханның» қалай түскенін байқап отырады. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала « ханның» түсуіне қарай жақын асықтарды бас бармақтардың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере- ыршытып біріне – бірін дәлдей отырып тигізеді.Тигізген асықтарды өзіне алады. Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпаған жөн.Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан» алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысы өз қолдарына түсіруге әрекеттенеді. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды. Тақия тастамақ:Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, бір баланың артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулері керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.Оқтау тартыс :Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады. Енді оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.Күш сынаспақ:Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Әтеш күрес:Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып , кәдімгідей күреседі. Оның ең қызығы, басқаша күрестен айырмасы тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарын қағып күресуінде. Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді. Күресте бір аяғын тізесінен бүгіп, мата белбеуін байлап тастайды. Қайсысы сүрініп жығылса , сол ұтылады. Қыз –қуу:Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады. Қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. Асау мәстек:Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға былай дейді:Ер екеніңді білейін Ешкі сойып берейін Тақия алсаң еңкейіп Құламасаң теңкейіп Ерлігіңе сенейін Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан бала: Асау мәстек бұл болса Үйретейін көріңіз Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. Әуе таяқ:Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы болады. Екі топқа екі таяқша (жұмсақ) беріледі, жерге түзу сызық сызылады. Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады. Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса, ойынды бастаушы сол болады. Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады. Осы кезде қасындағы екінші бала таяғымен лақтырылған таяқты қағып түсіруі керек. Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі. Қарақұлақ: Ойынға 5-10 бала қатысады. Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді. Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады. Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. Таяп келіп: - Мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі: - Ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі. Қалғандары да:-Қарақұлақ,қарақұлақ!-деп бытырай қашады. Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады. Ұсталған бала қарақұлақ болып, ойын әрі қарай жалғасады.Алақан соқпақ: Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгілейді. Оған сүлгі (орамал) беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп: -Сүлгі қайда?-деп сұрайды. Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды. Аты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады. Бастаушы: -Сүлгі қайда?-деп атын айтады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. Сақина жасыру :Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен:-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. Белбеу соқ:Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бірі белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.Ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді. Допты қуып жет: Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауға, тез жүгіругі, түсетерін, көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты: Бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатысуымен ойналады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып, балалардың алдына домалатып жібереді. «Допты қуып жет»-деген белгі бойынша , балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. Түлкі мен балапандар :Ойын шарты: Бұл ойынды балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетперде кигізіп ойын ойналады. Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс. Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс. Түлкіге ұсталған балапан айып төлейді. Ұйқыдағы аю:Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп орындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып, ұйқыдағы аюды көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп, балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды. Ойын қайта жалғаса береді. Ат жарыс:Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Ойын шарты: Балалар тәрбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша, ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге тез жетіп келеді. Сол команда жеңімпаз болады. Қуыр-қуыр қуырмаш: Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:-Ортаңғы саусағымды тапшы?-дейді. Екінші бала қарап байқап отырады да: Міне.-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп бес саусақты түгел жазады. Сен тұр қойыңа бар Сен тұр түйеңе бар Сен тұр жылқыңа бар Сен тұр сиырыңа бар Сен кішкентай әлі жас екенсің Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: Қуыр-қуыр ,қуырмаш Балапанға бидай шаш Әжең келсе есік аш Қасқыр келсе мықтап бас Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп: -Мына жерде қой бар Мына жерде жылқы бар Мына жерде күлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық деп қытықтайды .Үш табан: Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйым-дастыруға болады. Ойын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық, бір-бір сақа беріледі. Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын иіріседі. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі. Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа иіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады. Осылай болмаған жағдайда асық ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа ұшқан асыққа мергендер тигізе алмаса, көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атуды жалғастыра береді. Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып, өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады. Ереже бойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады. Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып, олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі. Бұл шешуші жарысқа бірінші, екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр.
Таңдаған үш ойынға фото керек