ЭССЕ «О?ытушы мен студент шы?армашылы?ы ар?ылы табыс?а жету жолы»


ЭССЕ «Оқытушы мен студент шығармашылығы арқылы табысқа жету жолы»
Қазіргі таңдағы мұғалім – ол жаңа технологияны және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан – жақты мұғалім болуға тиіс. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілігі туындайды. «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасы – мұғалімге үздікссіз, жан – жақты білімін жетілдіруді талап етеді.   Мұғалімнің үнемі біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруы - жалпы білім беру сапасын арттырудың басты шарты. Өзара сабаққа қатынасу – тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі.
Осыған орай 2015 жылдың 22 – 31 қазан күндері аралығында «Оқытушы мен студент шығармашылығы арқылы табысқа жету жолы» атты жоғарғы және бірінші санатты колледж оқытушылары жас мамандарға өздерінің тәжірибелерімен бөлісу ретінде ашық көрсетілім сабақтарын өткізген болатын. Аталған күндері 11 оқытушының көрсетілім сабақтарына қатысып өзіме көптеген жан-жақты тәжірибе алдым деп айта аламын. Жас маман ретінде көрсетілім сабақтарына қатыса отырып білімімді толықтырып, қорытынды сабақты талдауым төмендегідей:
Сабақтың мақсатын дұрыс қою, пәннің әрбір сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары тақырыпқа байланысты дұрыс қойылуын;
Бағдарлама талаптарын, материалдық мазмұнын;
Оқушылардың білімдері мен дағдыларының қажетті деңгейін және қабілетін ескеруді;
Оқушылар дағдысын, шеберлігін қалыптастыруды;
Оқушыларды мақсатқа жеткізудің әдістері мен формаларын;
Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық, қарапайым нақты ұйымдастыруды;
Қойылған мақсатқа жетудің сатыларын;
Қойылған міндеттерді түгел орындауды;
Дәрісхана құралдарды пайдалануды, схема, оқулықтар оның ішінде жаңа технологияның дұрыс тиімді пайдалана білуді;
Мұғалімнің материалды баяндауы оқулық мазмұны негізінде оқушылардың білім деңгейіне сәйкес қосымша материалдар пайдалануды;
Әрбір сабақтың өмірмен тығыз байланысын орнатуын;
Сабақ мазмұнының оқушылар қажеттілігі мен қызығушылығына байланыстылығын;
Оқушылардың ізденушілігі өз бетімен ойлауы оқу әрекетінің бейімділігін қалыптастыруды;
Жекелеме сұрау, жазбаша тапсырмаларды тексеру, тест, ауызша баяндау, пікірталас, әңгімелесу, талдау, қорытындылау, шығармашылық жұмыстар;
Оқушылардың сабақ алдындағы психологиялық  жағдайға дайындау;
Өтілетін тақырып туралы қызық фактілер арқылы оқушылар көңіл –күйін сабаққа дайындауды;
Топпен жұмыс жасауда, әрбір оқушыға әдіс-тәсілдері тиімді болуды ескеруді;
Оқушылардың сабақ барысында жұмысқа қабілеттілігі және белсенділігін әр түрлі жұмыс формаларымен, мадақтауларымен, жауаптарын бағалаумен жүргізуді;
Мұғалімнің сөйлеу мәнері бір қалыптылығын, дауыс ырғағы анық болуын;
Оқытудың соңғы нәтижесін коя білуді;
Адам баласы қашанда айналасын, өзін қоршаған жанды-жансыздың барлығын білуге тырысып, зерттеуге құмартқан. Абай атамыз жазғандай, баланың бойындағы «естіп, біліп көрсем» деген қасиеттердің өсе келе сұранысы мен қажеттілігі де күрделене түседі. Сол уақытта мұғалім балаға түсінігін жетілдіріп, тақырыпты ұғындырып қана қоймай, оларды қоршаған өмірге баули білуі қажет. Ұстаздық деген атқа сонда ғана лайық болмақ. Жас бала әрдайым зерек келеді, ол өздігінен-ақ кез-келген нәрсенің қыр-сырын меңгеруге талпынып, тіпті үйреніп алады. Ал мұғалім бұл жағдайда оқушысынан бір қадам алда жүруі қажет, оның қажетсіз дүниеге бас сұғып кетпеуін қадағалауы қажет деп ойлаймын.
Жаңашылдық – қазіргі заман мұғалімінің басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Бұл қандай уақытта болмасын мұғалім бойынан табылу тиісті басты қасиеттердің бірі деп білемін. Адам әрдайым уақыт талабымен бірге жүрген, уақыт талабына сай тұлғалық жағынан қалыптасып, дамып отырған. Мұғалім де осы үрдістен шет қалмауы қажет.
Қазіргі заман мұғалімі ретінде әрдайым өткенді есте сақтап, бүгінгі көштен қалмауға тырысамын. Ол үшін өзім оқушыларға үйретіп қана қоймай, олардан да үйренуші болуға тырысамын.

Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясы
Информатика пәні оқытушысы Меллатова М.Д.