Д?ниетану Cу. Суды? ?асиеті


Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай селосы,
М.Сиранов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және
сызу пәні мұғалімі Жанмукашева Куралай Кенесқызы
Тақырыбы: Пейзаж өнері Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғат бояуларымен таныстырып, ақынның өлең шумағына иллюстрация жасауға үйрету.IV. Көрнекіліктер: Түрлі - түсті бояулар, акварельТабиғат көріністері, ақынның өлең шумағы, пейзаж өнеріне үлес қосқан суретшілер портретіV. Қажетті құрал - жабдықтар: Сурет альбомы, акварель бояуы, су құятын ыдыс.VI. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, дүниетануVII. Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтамен жұмыс, сұрақ - жауапVIII. Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың барысы:IX. Ұйымдастыру кезеңі:а) Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшіні тағайындап, бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.Бояумен нәрсенің түрін, түсін, кескін – келбетін суреттеп көрсету - кескіндеме өнері. Өткен тақырыпқа шолу“Кім жылдам”? ойыны1. Натюрморт дегеніміз не?2. Натюрморт жанр ма, әлде өнер түрі ме?3. Натюрморт құрастыру дегеніміз не?Сергіту сәтіТербеледі ағаштар,Алдымнан жел еседі.Кіп-кішкентай ағаштар,Үп - үлкен болып өседі.XI. Жаңа сабақПейзаж өнеріЕгер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы елдерді бейнелеген болсаң, онда сені пейзажшы - суретші деп атауға болады. Ал сенің шығармаң пейзаж деп аталады.Пейзажды салып үйрену үшін табиғат аясында жиі болған дұрыс. Жан - жағыңда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, көңілге тоқи білу керек. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Бізде теңіздер, өзендер мен көлдер, биік таулар мен ормандар бар.Суретші басқалар көңіл аудара бермейтін дүниелерді көретіндей сезімтал, байқағыш болуы керек. Мысалы аспанның түсі қандай?Әбілхан Қастеев(1904 - 1973)- қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып - өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік аулында дүниеге келген. Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген және халық суретшісі атағында бірінші болып алған кескіндемеші - суретші.Абай Құнанбайұлы(1845 - 1904)- Қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Туған жері - бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Абай біртектес өлеңдер жазуға ұмытыла бермеген. Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін - “Қыс”, “Күз”, “Жаз”, “Жазғытұрым” секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн - мағынасы, суреттеу тәсілі жағынан әр түрлі болып шыққан.XII. Сарамандық бөлім:Өлеңді түсініп оқы, өлеңге қарап иллюстрация құрастыр1. Ақын қысты кімге теңейді?2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылатын қысты сипатта?3. Өлеңінде балалар туралы не делінген? Малшы туралы ше?Абай Құнанбаевтың“Қыс” өлеңіне иллюстрация құрастыруАқ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды.Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды.Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғандаАлты қанат ақ орда үй шайқалды.Әуес көріп жүгірген жас балалар,Беті қолы домбығып үсік шалды.Шидем мен тон қабаттап киген малшы,Бет қарауға шыдамай теріс айналдыШидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім (сөздікпен жұмыс)XIII. Сабақты қорытындылау1. Адамның бет бейнесі бейнеленген көркем шығарма қалай аталады?2. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі?3. Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген және халық суретшісі атағын да бірінші болып алған кескіндемеші - суретші кім?4. Егер сен өз суретіңде табиғатты, даланы, өзенді, тау мен теңізді, орманды, алыстағы елдерді бейнелеген болсаң, онда сені кім дейді?5. Жылдың 4 - мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың ұлы ақынын ата?6. Көркем шығармалар жинағы қалай аталады?Сөзжұмбақ жауабыә)“Қыс” өлеңіне құрастырылған иллюстрациялық суреттер бойынша көрме ұйымдастыруXIV. БағалауXV. Үйге тапсырма:“Менің ауламдағы пейзаж көрінісі” атты тақырыпта бейнелеу жұмысын жүргізу.