Д?ниетану Су. Суды? ?асиеті 2-сынып


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№1 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі
Конарбаева Камшат Наурызбаевна
Пәні Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың судың қасиеттерімен таныстыру. Судың үш күйін анықтап көрсету. Тәжірбие жасау арқылы нәтижелерін өз беттерімен дәлелдеуге дағдыландыру.
Оқушыларды ізденімпаздыққа, ой-шапшаңдыққа, шығармашыл болуға тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға,аялауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Судың қасиетін танып біледі.
Сілтеме Оқулық «Дүниетану» 1 сынып, Алматы «Атамұра» 2013 жыл.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық,тақырыпқа байланысты слайд, плакат, суреттер.
Оқыту әдістері: СТО, АКТ
Оқыту үшін бағалау 1.жұппен жұмыс
2.топтық жұмыс
3.жеке жұмыс
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабаққа байланысты сұрақ-жауап жүргізу.
«Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау» тақырыбына байлнысты жеке тапсырмалар беру.
1. Ауаның қасиетін ата.
2. Акваланг дегніміз не ?
3. Батискаф не үшін қажет?
4. Ауаны қалай сақтаймыз ?
«ВЕНН» диаграммасы

Ауа
ІІІ. Жаңа сабақ Су. Судың қасиеті
ІV. Тапсырма
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс Суретпен жұмыс. Оқушы ойын тыңдау.
«БББ» ст-сын қолдану.
Білемін Білдім Білгім келеді
Не білемін? Оқулықпен жұмыс.
а) Дауыстап оқыту. ә) Сұрақ-жауап арқылы талдау.
1-тәжірбие. Сүт пен суды салыстыру.
2-тәжірбие. Судың мөлдірлігін дәлелдеу.
3-тәжірбие. Судың пішінін анықтау.
4-тәжірбие. Судың үш күйі


Судың үш күйі
Сұйық Бу Мұз
Өлең жолдары мен жұмбаққа тоқталу.
Қыс мезгілі туралы әңгімелету.
1. Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)
2. Жылт-жыл еткен. Жырадан өткен. (су)
Оқушылардың алған білімдерін бекіту.
Білемін Білдім Білгім келеді
Н е білдім? Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап алу.
V. Сергіту сәті АКТ арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
VІ. Дәптермен жұмыс
Жеке жұмыс Дәптерге кестені жапсыру. Талдау жасау.
«БББ» стратегиясы, «Топтастыру» , «ВЕНН диограммасы» дәптерге орындалып отырады.
VІІ. Пысықтау
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс Жасалған жұмыстарына талдау жүргізу. Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап алу.
1. Судың бүкіл қасиеттерін талдап түсіндіру.
2. Тәжірбиелерге тоқталу.
3. Су-бу-мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімелету.
«ВЕНН» диаграммасы
Ауа Су
Оқушылардың өз пікірлерін білдіру.
Білемін Білдім Білгім келеді
Не білгім келеді?
VІІІ. Рефлексия Жақсы түсіндім. Қанағаттанарлық. Түсінбедім.
ІХ. Үй тапсырмасы Мазмұндау.
Х. Бағалау Мақтау-мадақтау. Бағалау.