Суды? ?асиеті Д?ниетану 2-сынып
Сабақ тақырыбы: Дүниетану Судың қасиеті 2-сынып Күні:
Сілтеме 2 сынып. Дүниетану оқулығы. Әдістемелік нұсқаулық. http://ustaz.kz/, kk.wikipedia.org/wiki, 45minut.kz сайттары
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.
Оқушылырдың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.
Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады.
Тақырып бойынша білім алады.
Тәжірибе жасай алады
Оқушылар алған білімдерін тиянақтайды.
Өз бетінше жұмыс жасай алады.
Негізгі мақсаттар: пәнге деген қызығушылығы оянады;
ынтымақтастыққа үйренеді;
бірін-бірі тыңдайды;
топ ережесіне бағынады;
тақырыпты түсінеді;
дәлелдей алады;
бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Сабақта қолдан. материалд. Интербелсенді тақта, оқулық, жұмыс дәптер, кластер, стикер.
Орындалатын іс-әрекет
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқ,әдістері Бағалау
Ұйымдастыру
Психолгиялық тренинг Сыныптағы тәртіп, оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Топ ережесін еске түсіру.
Құдықтан су алайық,
Беті-қолды жуайық.
Салқын сумен жуынып,
Шынығып бір алайық. Ынтымақтастық атмосферасын орнату Білу 1.Қызығушылығын ояту
Пайыз көрсетілген стрелкаға су туралы қанша білетінімізді айтып, сонша пайызға стикерды жабыстырамыз
Глобуспен жұмыс
Сылдыр-сылдыр ағады,
Қыста мұз боп қатады.
Пешке қойып жылытсаң,
Буға айналып қалады. (Су).
Судың күйі, судың қасиеті туралы өз білетіндерін ортаға салады
Глобуқа қараңдар, ғарышкерлер ғарыштан осылай көреді. Бұны тез айналдырсақ тек көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар бейнеленген. Яғни жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр .
Смайликпен бағалау
Түсіну Топқа бөлу
Егер қазіргі мәліметті дұрыс тыңдасаңдар - Су өмірде табиғатпен қандай байланыста ? – Су өмірде жалпы қайда кездеседі?
— Күнделікті өмірде суды қалай пайдаланамыз? деген сұрақтардың жауабын аласыңдар. 1-топ: Жаңбыр
2-топ: Қар
Су- тазалық пен денсаулық көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз керек. Сусыз тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді. — Балалар, су біздің байлығымыз, оған әр уақытта қамқорлықпен қарау естеріңде болсын. Сусыз жерде тіршілік жоқ. СТО Бармақпен бағалау.
Қолдану 2.Оқулықпен жұмыс.
Тәжірибе жасау 1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз.
Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік.
2 – тәжірибе. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?
- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар? Суды искеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.
Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орныда дымқыл, сулы із қалды, олай болса су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малсаң, ол су-су болады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Ойланыңдаршы оның бойындағы су қайда кетеді? Күн көзі жылуынан су буға айналады. Бу ауаға араласты.
Жазда шомылып рахаттанған өзеннің қыста қандай пайдасын көресің? Қыста оның үстінен конькимен, шанамен сырғанайсың бұл мұз қайдан пайда болды? қысқы суықта қатып, мұзға айналады. СТО
«Екі жұлдыз, бір тілек» Топ ара бағалау
5.Сергіту сәті Балалар қимылмен орындайды АКТ
Талдау Топпен жұмыс 1-топ: 1. Судың қасиеті (топтастырады)
мөлдір
ағады
Су түсі жоқ
иісі жоқ
пішіні жоқ
дәмі жоқ
2. Суға байланысты мақал-мәтел айтады
1. Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ.
2. Су тіршілік көзі
3. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – жанарсың.
4. Судыңда сұрауы бар.
5. Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын сұм бөгер.
6.Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.
2-топ: 1. Судың күйі (сызбамен көрсетеді)
Сұйық су
Суқатты
қар,мұз
газ
бу
2. Суды жарнамалайды
Шаршағаныңды басатын,
Сарайыңды ашатын.
Су болмайды қашанда,
Бұлақтың суынан асатын. Ойын Смайликпен бағалау
Жинақ-тау Тест
Жеке жұмыс
1.Судың түсі қандай?
А) ақ
Б) мөлдір
В) жасыл
2.Судың неше күйі болады?
А) 2
Б) 3
В) 1
3.Су сүзіле ме,жоқ па?
А )ия
Б) жоқ
В) білмеймін.
4.Сусыз тіршілік ету мүмкін бе, жоқ па?
А) мүмкін емес
Б) мүмкін
В) білмеймін
5. Судың қатты күйі қалай аталады?
А)бу
Б)мұз
В)су
СТО
Диалогты оқыту Бармақ-пен бағалау
Баға-лау Табыс критерийлері бойынша бағалату. 1. Тақырыпты түсінуі
2. Өз ойын жеткізе алуы
3. Топ ережесіне бағынуы
4. Белсенділігі
5. Дәлелдей алуы Бағалау парағы Формативті бағалау
II. Қорытынды.
Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.
Келесі тапсырмалар: Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?
1.Су ішкен құдыққа түкірме.
2.Түнде суға барма.
3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.
4.Өзен, көлдерді ластама.
-Сабақ ұнады ма? -Несімен қызықты болды? -Келесі сабаққа ұсыныстарың бар ма?
Жасаған тәжірибелеріңнің біреуін жұмыс дәптерлеріңе жазыңдар СТО
Рефлексия. Оқушылар сабақты жақсы, орташа, түсінбедім. Кері байланыс Пайыз көрсеткіш