Шебер ?олдар б?л ?осымша вариативтік саба?
Түсінік хат
«Шебер қолдар» бағдарламаның жүктемесі аптасына 1 рет өткізіледі. Барлығы 32 сағат. Мектепке дейінгі кезең – жарқын әрі адам өміріндегі қайталанбас кезең. Дәл осы кезеңде балаларда тұрмыстық ортамен, адамдар әлемімен, табиғатпен, заттар әлемімен байланыс жүргізіледі. Білуге құмарлығы дамиды, шығармашылық қызығушылықтары пайда болады. Ең қызықты көркемдік-эстетикалық бағыттың бір түрі қағаздардан бұйымдар құрастыру. Қағазбен жұмыс істеу барысында маңызды білгіштер қасиеттер, сонымен қатар шығармашылық таланттарының іргетасы қаланады.
«Шебер қолдар» бағдарлама бөлімнің мазмұны балаларда қағазбен жұмыс жасау барысында басқа да іс-әрекеттің түрлерімен байланыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттері дамиды деп болжайды.
Бағдарламаның бөлімдерін жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттерді дамытуға қажетті құралдарды таңдап алуға, жақсы нәтиже көрсетуге деген талпыныс, меңгерілген қабілеттерді еркін пайдалану, қағаздардан құрастыру арқылы түрлі бұйымдар жасау сияқты қабілеттер пайда болады.
Қағаздардан бұйымдар жасаудың ең маңызды мақсатының бірі баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, оның икемділігімен шығармашылық қабілеті, зиялылығын дамыту. Шеберлікке үйрету балалардың табиғи өзіндік қабылдауын жоймайды. Қағаздан құрастыру үрдісі арқылы балаларда жалпылай ойлау, көркемдік талғам, жинақылық дамиды. Қағаздан құрастыру іс-әрекеті баланың көңілін шоғырландырады себебі бұйым жасау үрдісінде ойлауға, ауызша түсіндіргенді қабылдауға сонымен қатар есте сақтау қабілетін жақсартады.
Қағаздан құрастыру барысында балалар бүктеу, қию, желімдеу сияқты жұмыстың түрлерімен танысады. Балаларда қолмен жұмыс жасау, нақты қозғалыстарға саусақтарды үйрету, көз өлшемдерін дамытады. Бұйым жасау үрдісі барысында түс, пішін, көлемдерді бір-бірінен айыра білуге үйренеді. Қағазбен жұмыс жасаудың ең маңызды сәті – балалардың өзіндік шығармашылық іс – әрекетімен байланыстыру.
Бағдарламаның мақсаты
Еңбекіс-әрекетінің психикалық алғышартын қалыптастыру.
Нәтижеге деген қызығушылық және соған деген мақтаныш сезімін ояту, сапасының жақсы болуына талпындыру.
Қарапайым қағазбен жұмыс жасау арқылы интеллектуалды және эстетикалық қабілеттерін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері
Қағазбен түрлі жұмыс жасауды үйрету;
Балаларды негізгі геометриялық түсініктермен: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, бұрыш, биіктік сияқты түсініктермен таныстыру;
Қағаздан түрлі композициялық бұйымдар жасау;
Есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауларын дамыту;
Көз және қол өлшемдерін дамыту;
Көркемдік талғамдарын шығармашылық қиялдарын дамыту;
қолмен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, нақты саусақ қозғалыстарына үйрету;
қағазбен жұмыс жасауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу;
еңбек дағдыларымен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
ұқыптылыққа, материалдарды ұқыпты және үнемдеп пайдалануға, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
Оқыту формалары:
әңгіме, әңгімелесу, ертегі;
көрнекіліктерді қарау;
жұмыстың орындалу кезеңдерін көрсету үлгілері.
Күтілетін нәтижелер:
қағазбен жұмыс жасаудың түрлерімен танысады;
ауызша түсіндіргенді қабылдай білуді үйренеді;
қағаздан түрлі композициялық бұйымдар жасай алуды үйренеді;
есте сақтау, ойлау қабілеттері жақсарады;
көз және қол өлшемдеріне үйренеді;
көркемдік талғам шығармашылық қиялдары жақсарады;
қағазбен жұмыс жасаудың түрлі техникаларымен танысады;
еңбек мәдениетінің дағдыларын қалыптастырады;
«Шебер қолдар» бағдарламасының күнтізбелік жоспары
Аптасына 1 сағат жылына 32 сағат
№ Мазмұны Сағат саны Өтілетін күні
1
Тақырып:«Қағаздардың сиқырлы қасиеті»
Мақсаты:Балалардықағаздардыңқасиетіментаныстыру. Қағаздардыңтүрлеріжәнеолардынақтыбұйымдаржасауғапайдалануғаболатыныжайлытүсіндіру. 1 8.09
2 Тақырып:«Көлемді мүсіндерді қайшымен оңай қиып алу»
Мақсаты: Балаларды көлемді фигураларды бүктеу әдісі арқылы жасау туралы ережелермен таныстыру. 1 15.09
3 Тақырып:«Симметриялы қию»
Мақсаты: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту. Өз іс-әрекетін жоспарлауға үйрету. 1 22.09
4 Тақырып:«Төртбұрыш ертегісі»
Мақсаты: Қағаздан жасалған бұйымдармен таныстыру. Бүктеудің түрлерін көрсету, бүктеу сызықтарын, бұрыштарын табуға үйрету. Геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту. 1 29.09
5 Тақырып:«Көңілді үшбұрыш»
Мақсаты: Қарама-қарсы бұрыштарын қосу арқылы балаларға төртбұрыштан үшбұрыш жасауға үйрету. 1 6.10
6 Тақырып:«Піскен алма»
Мақсаты: Жемістермен олардың пішіндері жайлы білімдерін бекіту. Төртбұрыштың тең ортасын табуға, шеңбер жасай отырып бұрыштарды бір бағытта бүктеуге үйрету. 1 13.10
7 Тақырып:«Көбелек»
Мақсаты: Төртбұрыштан үшбұрыш жасау білімдерін бекіту. Бұйымдарды шығармашылық әсемдеуге деген қызығушылықтарын арттыру. 1 20.10
8 Тақырып:«Қаз»
Мақсаты: Балаларды бесбұрыштан қаз жасауға, бұрыштарын ортасына бүктеуге үйрету. Байқағыштығын дамыту, желіммен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. 1 27.10
9 Тақырып «Саңырауқұлақ»
Мақсаты: Геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту, қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздігімен таныстыру. Түсіндіріп болғаннан кейін өз беттерімен саңырауқұлақ жасауды ұсыну. 1 10.11
10 Тақырып:«Пирамида»
Мақсаты: Әр түрлі көлемдегі бұрыштарды бүктеуге үйрету, желіммен ұқыпты жұмыс істеу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. 1 17.11
11 Тақырып:«Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: Үшбұрыш жасау қабілетін бекіту, қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздігін еске түсіру, бұйымды аппликациямен безендіру, шығармашылығын, байқағыштығын дамыту. 1 24.11
12 Тақырып:«Қысқы көңіл-күй»
Мақсаты: Қағаз жолақтарынан бұйым жасау дағдыларын дамыту. Ақ жолақтардың шеттерін қосу және одан екі дөңгелек жасап аққала шығару, жасыл түстен шыршаның бұтақтарын жасау. Бірдей жолақтарды табуға үйрету. Шыдамдылыққа тәрбиелеу. 1 8.12
13 Тақырып:«Кеме»
Мақсаты: Үшбұрыштан алған білімдерін еске түсіру. Балаларды үшбұрыштардың бұрыштарын майыстыруды еске түсіру. Бұйымдарды безендіру барысында көркемдік талғамдарын дамыту. 1 15.12
14 Тақырып:«Ұшақ»
Мақсаты: Төртбұрыштан әдемілеп үшбұрыш жасау дағдыларын дамыту, бұрыштарын қарама-қарсы жағына қарай бүктеу. 1 22.12
15 Тақырып: “Жалын құс”
Мақсаты: Қағаздан симметриялық заттарды қиып алу дағдыларын бекіту, шығармашылық қабілеттерін кеңейту. 1 29.12
16 Тақырып: «Қардан гүл жасау. Анаға сыйлық»
Мақсаты: Қардан және тамшылардан жасалған жапырақтар арқылы гүлден композициялар жасауды үйрету, көркемдік талғамын дамыту, өз бетімен еңбек етуге ынталандыру. 1 12.01
17 Тақырып: «Желкен»
Мақсаты: оригами өнері арқылы бұйымдарды ынтамен жасауға үйрету, қиялмен және өз ойымен жасауға тәрбиелеу. 1 19.01
18 Тақырып: « Сиқырлы құс»
Мақсаты: қағаздан симметриялы фигуралар жасау білімдерін бекіту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 1 26.01
19 Тақырып: «Кеме»
Мақсаты: Қиғаш сызықтары арқылы текшені бүктеу және бұрышын бүктелген сызық арқылы сыртқа шығару. 1 9.02
20 Тақырып:«Шыр айналған шырша»
Мақсаты: Балаларды бүрмелі қағазбен таныстыру, қағазды екі және үш рет тең бүктеу, жиектерін қию. 1 16.02
21 Тақырып: «Қар»
Мақсаты: Төрт бүктелген қағаздан әр түрлі өрнектер жасау, ойлау қабілетін дамыту, қию дағдыларын дамыту. 1 23.02
22 Тақырып: «Тоты құс»
Мақсаты:Балаларды бүрмелі қағазбен таныстыру, қағазды екі және үш рет тең бүктеу, жиектерін қию. 1 2.03
23 Тақырып: «Қоян»
Мақсаты: Үшбұрыш пішінін пайдалана отырып қоян жасауға үйрету, қайшымен ұқыптыжұмыс жасауды үйрету. Жасалу жолдарын мұқият тыңдауға тәрбиелеу. 1 9.03
24 Тақырып: «Белгі»
Мақсаты: Балаларды кәмпиттің формасымен таныстыру, кәмпиттің қағаздарын жинап, жапсырып белгі жасау. Ойлау қабілеттерін, шығармашылығын, еңбексүйгіштігін дамыту. 1 16.03
25 Тақырып: «Жеті түсті гүл»
Мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, гүл бөлімдерінің атауларын бекіту, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандыру. Мақсаттылық, көркемдік талғамын дамыту. 1 6.04
26 Тақырып: «Стақан»
Мақсаты: Бүктеу әдістері арқылы стақан жасауға үйрету, байқағыштық қабілетін дамыту. 1 13.04
27 Тақырып: «Ормандағы кірпі»
Мақсаты: Топта жұмыс жасауға, ойлағандарын айтуға үйрету, өтілген техникалар бойынша жұмыс жасау, оригами. 1 20.04
28 Тақырып: «Қағаздан жасалған бантик»
Мақсаты: Ашық хаттарды безендіру үшін қағаздан үлкен бантик жасау, қайшымен дұрыс жұмыс жасауды үйрету. 1 27.04
29 Тақырып: «Сандықша»
Мақсаты: қорапшаларды өз бетімен жапсыруға үйрету, оны әр түрлі қағазбен безендіру, эстетикалық тәрбие беру. 1 4.05
30 Тақырып:«Бақ-бақ»
Мақсаты: Гүл туралы білімдерін бекіту, қағазды екі және үш рет тең бөлу, гүл шоғын безендіру. 1 11.05
31 Тақырып:«Зырылдауық»
Мақсаты: қағаздан зырылдауық жасауды үйрету, серуенде жүргенде желді бақылау, өз бетімен бұйымдар жасауға тәрбиелеу. 1 18.05
32 Тақырып:«Перделер»
Мақсаты: көп қабатты әдіспен бүктеу, эстетикалық сезімдерін дамыту. 1 22.05
Барлығы 32 Қолданылған әдебиет:
Бейнелеу өнері. Әліппе дәптері. Қ.Т. Байғабылова, Ғ.Т. Момынәлиева, Д.Ж. Мамырбаева, Е.В. Козлова
«Удивительная бумага» И. Черныш
«Оригами для малышей» И.А. Коротеев
«100 поделок из бумаги» Г.И. Долженко
«Поделки из природных материалов» Ф.Т. Филенко