География п?нінен сараманды? ж?мыс №5 (8 сынып)


Қысқа мерзімді жоспар
Пәні:География Сынып:8-"А,Ә" Күні: 20.02.2016ж Пән мұғалімі: Абдильденова Д.
Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс №5
Мақсаты: Өткен сабақта алған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту, білімді бекіту,
қайталау.
Міндеттері: 1. Оқушылардың өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс дағдыларын
қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже: 1. Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды.
2. Ізденімпаздығы артады.
3. Бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе алады.
4. Алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: оқулық, сызбалар, карта.
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты Сабақтың
кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 мин Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу Жинақталады
2 мин ТоптастыруСандар арқылы топқа бөлу Сандар арқылы 3 топқа бөлінеді
5 мин Үй тапсырмасын тексеру1. Биіктік белдеулік дегеніміз не?2. Биіктік белдеулік Қазақстанның қай аумақтарында орналасқан?
3. Антрпогендік кешен дегеніміз не?
4. Оның шаруашылықтағы маңызы қандай? Сұрақтарға жауап береді
30 мин №4 практикалық жұмыс Тапсырма№1.
Қазақстанның табиғат зоналарына сипаттамаберіңдер, оларды кескін картаға түсіріңдер.
Тапсырма №2.
Жер бедері мен климат табиғат зоналарына қалай әсер етеді?
Тапсырма №3
Қазақстанда шөлдердің қандай түрлері бар, олар қай жерлерде тараған?
Тапсырма№4.
Әр табиғат зонасының топырақтарына сипаттама беріңдер. Тапсырмаларды орындайды4 мин Сабақты қорытындылау 1.Қазақстан өсімдіктер жамылғысы қай кезде тараған?
2. Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
3. Қазақстан өсімдік дүниесінің қанша түрі Қызыл қітапқа енген?
4. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі қай шөл?
Жеке жұмыс
1 мин Үйге тапсырма беру Қайталау Үй тапсырмаларын жазып алады.
2 мин Бағалау Формативті, сумативті бағалау. Рефлексия Оқушылар бүгін не оқып үйренді? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім? Мен сабақта сынып және оқушылар туралы нені білдім?