География. №4 практикалы? ж?мыс Бір су нысанына сипаттама беру (6 сынып)


Күні: 27.01.2017 Пәні: география Сынып: 6 A, Ә
Тақырыбы: № 4 практикалық жұмыс: «Бір су нысанына сипаттама беру»
Басты мақсаты: Оқушылардың картамен, оқу материалдарымен және ғаламторды пайдаланып өздігінен, өз бетімен жұмыс істеу дағыдыларын дамыту, су нысандары жайлы білімдерін кеңейту. Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, табиғатты аялауға тәрбиелеу (Мәңгілік ел, 4 құндылық)
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Құрал-жабдықтар: Атлас, глобус, Жарты шарлар картасы, кескін карта, қосымша мәліметтер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылап шығу.
2.Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын ауызша сұрастыру:
1.Сұрақтар: «Жасанды су қоймалары, суды қорғау» тақырыбы бойынша.
2.Номенклатура сұрастыру.
3.Жаңа сабақты меңгерту №1. Жоспарды пайдаланып, өз қалаулары бойынша бір өзенге сипаттама беру:
Өзеннің аты, материктегі орны, қай алапқа жатады?
Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды?
Салалары
Қоректену көздері
Ағысының жер бедеріне байланыстылығы
Қай бағытта ағады?
Қандай табиғат зоналарынан өтеді?
Пайдаланылуы
№2. Өзеннің орта ағысының координатасын анықтау
№3. Кескін картаға шеткі және ішкі теңіздерді түсіру
4.Көз жаттығуларын жасау
Әр жаттығу 5 рет жасалады.
5.Жаңа сабақты қорыту Жасаған жұмыстарына оқушылар қорытынды жазады.
6.Бағалау Жиынтық бағалау
7.Үй тапсырмасы Дүниежүзіндегі ең ірі 5 канал, 5 ірі бөген, 5 ірі мұздық туралы кесте сызу. «Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау» эссе жазып келу.