Саба? жоспары: Таби?атта?ы су, ??рамы, ?асиеттері, ?олданылуы (8 сынып)


8 «б» сынып Кабылкайрова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су, құрамы, қасиеттері, қолданылуы
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға судың химиялық құрамы, қасиеттері, судың тіршілік үшін маңызы, тиімді пайдалану жолдары жөнінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы түсіндіру.
ә) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау арқылы жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық қабілетін  дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше білімдерін тексеріп бағалауға, қоршаған ортаны  қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жаңа әдіс – тәсілдер арқылы өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Топтық, жұптық жұмыстарын критерийлер бойынша өзін – өзі, топ мүшелерін бағалайды, рефлексия жасай алады.
Ойлау құралдары: Оқулық, интерактивті тақта, ғаламтор материалдары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ кезең. Жаңа сабақ.
ІІІ кезең. (топтық жұмыс)
Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.
І. Мәтінмен жұмыс: Инсерт
Теория бойынша «Білу»
Кім? Не? Кімнің? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қашан? Қандай? деген сұрақтар төңірегінде мәтінді оқып танысады, басты ақпарат іріктеліп алынады.
ІІ. Теорияны «Түсіну»
Неге? Неліктен? Не үшін? Дәлелдеу, түсіндіру төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында жұмыстанады.
«Иә», «жоқ» әдісі қолданылады
ІІІ. Теорияны «Қолдану».
Оқушылар флипчарт арқылы тақтаға реакцияны толықтырып жазады.

Есептер шығару
ІV. «Жинақтау». Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле деген тапсырмалар төңірегінде жұмыстанады.
Рефлексия
V. Бағалау. Үйге тапсырма беру. Оқушыларды сабаққа дайындау, бағалау парақшаларын беру.
Тест сұрақтарын шешу
Тотығу дәрежесі +4 ке тең элемент:
а) CO2      ә) K2O      б) HF        в) H2O
Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS        ә) О2          б) CaF2      в) Ca3(PO4)2
Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықтаа) KClO3     ә) HClO4     б) HCl    в) Cl2Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесіа) үнемі оң                      б) бірде оң, бірде терісә) үнемі теріс                  в) нольге теңКөміртектің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6      ә) +4      б) -4        в) 0Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіру
І топ: а) Zn + 2HCl= ZnCl2 +  H2 ↑    
ә)  H2+ S =   H2S↑               
 б) 2H2 O = 2H2 + O2
ІІ топ: а) CuO + H2 = Cu + H2O               
ә) 2K + 2H2O = 2KOH + H2↑              
б) Zn + H2SO4 =  ZnSO4 + H2 ↑           
ІІІ топ:а) Са + 2HCl = СаCl2 +  H2↑    
ә) 2Na+ 2H2O = 2NaOH + H2↑  
б) 2H2 +O2 = 2H2O
IV топ:а) Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2↑  
ә) H2 + CІ2 = 2HCІ ↑
б) 2К + H2SO4 = К2SO4 + H2 ↑           
«Тұсаукесер» тапсырмасы. Жұмбақ жасыру:
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
 Бiрақ тыныш тұрмайды.Сақтамасаң – қорын тек, Барша тiрлiк қурайды.(СУ)
Тақырыппен таныстыру,тақтаға жазу
1топ: Табиғаттағы су.
2топ: Судың құрамы, физикалық қасиеті
3 топ: (видеоролик) Судың химиялық қасиеті: жай заттармен әрекеттесуі.
4топ: (видеоролик) Судың химиялық қасиеттері: күрделі заттармен әрекеттесуі.
Ойлан. Жұптас. Талқыла
Түйінді тап, көршіңмен бөліс.
Енді топтың тапсырмасын басқа топпен бөліс.

1 топ:
1. Су молекуласының құрамына 2 оттек,1сутек атомы кіреді. (жоқ)
2. Су адам өмірінде оттектен кейін екінші орын алады. ( иә)
3. Судың булануы-химиялық құбылыс (жоқ, физикалық)
4. Суды зарарсыздандыру үшін фторды қолданады (жоқ)
5. Су мұзға айналғанда көлемі артады (иә)
2-топ:
1. Судың екі түрлі агрегаттық күйі бар (жоқ )
2. Су күрделі затқа жатады (ия)
3. Су металдармен әрекеттескенде оттек газы түзіледі. (жоқ)
4. Негіздік оксид сумен әрекеттескенде қышқыл түзіледі. (жоқ)
5. Сөндірілмеген әктің формуласы СаО (ия)
3-топ:
1.Адам денесінің 65-70% -ын су құрайды. (иә)
2.Табиғи суды сыртқы түріне қарап таза су деуге бола ма? (жоқ)
3.Еріген заттардан тазартылған су дистильденген су деп аталады. (иә)
4.Қышқылдық оқсидтер сумен әрекеттесіп негіз түзеді. (жоқ)
5.Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады. (иә)
4-топ:
1.Таза су дәмсіз, иіссіз, түссіз сұйықтық. (иә)
2.Су электр тогын жақсы өткізеді. (жоқ)
3.Су көптеген жай және күрделі заттармен реакцияға түседі. (иә)
4.Қалыпты жағдайда су 00С қатады, 1000С қайнайды. (иә)
5.Судың құрамында еритін, ерімейтін қоспалар болмайды. (жоқ)
CaO+H2O=……
……+ H2O= H3PO4
Zn+ H2O=…..+H2
Na+……= NaOH+ H2
SO3+……= H2SO4
C+ H2O=…….+ H2Na2O+……= NaOH
Есептер шығару.Жұптық жұмыс:Пилот және штурман
1.Судағы оттегімен сутегінің массалық үлесі қанша?
2. 72г суды айырғанда бөлінетін сутек пен оттектің массасын табыңдар?
3.Су натриймен әрекеттескенде 4г сутек бөлінді.Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.
4. Су мына металдармен :
А)1 г литиймен;
В)1 г кальциймен
Әрекеттескенде қай жағдайда сутек көбірек бөлінетінін есептеңдер.
Сандарды сөйлетіңдер.
18 (судың салыстырмалы молекулалық массасы)
0 ( қалыпты жағдайда судың қатуы)
100 (қалыпты жағдайда судың қайнауы)
1 (судың тығыздығы)
0,92 (судың қатты күйіндегі тығыздығы)
2. «Су –тіршілік көзі» тақырыбына қысқаша эссе жазыңдар.
3. Мақал-мәтелдерді аяқта.
Судың да сұрауы бар.
Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ.
Ағын су арнасын табады. 
Арық бар жерде су бар, Су бар жерде ну бар.
Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.
Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың.
Су түбіне жетпейсің бойлағанмен, Ой түбіне жетпейсің ойлағанмен.
Сусыз өмір жоқ, Отсыз темір жоқ.
Су ішкен құдығыңа түкірме. 
Терең судың ағысы білінбес. 
Кері байланыс:
Стикерге жазып қалдыру..
Екі жақты бағалау. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің бағалауы.
Үйге тапсырма алады: 1. §46-49, (§47 соңындағы 5-жаттығу.)
Сенің ойыңша біздің облысымыздағы су көздерінің ластануы орын алып жатыр ма? Оны болдырмас үшін сен не істер едің?