?семдік пен ?демілікті? символы — Тауыс ??сы ?ылыми жоба
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ .......................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Тауыс құсының классификациясы ...................................................
2 . 2 Тауыс құсынің әлем мәдениеті мен әдебиетіне
тигізген әсері ................................................................................................
2. 3 тауыс құсының түрлері .......................
2. 4 Тауыс құсы – сен әлемінде..............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................16
Аңдатпа
Тауыс құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Дүниедегі ең әдемі құс тауыс құсы екені талай рет айтылып та, жазылып та жүр.
Зерттеу жұмысы негізінен үш бөлімнен тұрады:
1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни тауыс құсын зерттеу арқылы ол туралы терең білім алатынымыз, оны зерттеудегі мақсат пен міндеттер айқындалады.
2. Негізгі бөлімде тауыс құсы жайлы мәлімет беріле отырып, оның өзіндік ерекшеліктері аанықталады. Әлем мәдениеті мен әдебиетіне тигізген әсері, халық дәстүріне қосқан үлесі сөз болады. Тауыстың түрлеріне сипаттама беріле отырып, оның туған өлкемізге жерсіну мәселесі қозғалады.
Қорытындыда тауыс құсының сұлулықтың, әділдіктің, адалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың символы ретінде жасай бермегі, біз оларды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыстап отыруымыз керек екендігі айқындалды.
Кіріспе
– Сәніне көрген халық қайран қалар,Түбі бір дүние ғой бұл ойрандалар.Нәдір шаһ “тауыс тағын” алып кетті,Моғолдан бақ осымен тайған болар.Қызылбас алып кетті “тауыс тақты”,Билікті содан бері жау ұстапты.Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған,Моғолға тәж бен дәулет ауыспапты.
Павлиндер, тауыстар ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Латын тілі" лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс.
2 түрі бар: HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D3%99%D0%B4%D1%96%D0%BC%D0%B3%D1%96_%D0%BF%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%B8%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Кәдімгі павлин (мұндай бет жоқ)" кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D3%A9%D0%BA%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B_%D0%BF%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%B8%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Көкқанатты павлин (мұндай бет жоқ)" көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D2%AF%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D1%96" \o "Үндістан түбегі" Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110-125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120-130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80" \o "Жәндіктер" Жәндіктер мен олардың дернәсілдерін, құрттар, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4-7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30-35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. Павлиндер HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Қызыл кітабына (мұндай бет жоқ)" Қызыл кітабына” енгізілген.
Мақсаты: Құстар класы, тауық тәрізділер отрядына жататын әсемдік символы тауыс құсының сан алуан түрлері мен оның ерекшелігі туралы түсінік беріп, насихаттау.
Міндеті:
Тауық отрядына жататын тауыс құсы туралы мәлімет беру және насихаттау;
Тауыс құсының сұлулық символы ретінде алатын орнын айқындау;
тауыс құсының мәдениет пен әдебиетке тигізген әсерін зерттеп білу;
Оның түрлерін айқындау.
Негізгі бөлім
1 Тауыс құсының классификациясы
Тауық отрядының ең ірі түрі.
Үндістанда, Шри-Ланка аралында, Ассамда тараған. Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс-қимылына қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанын біледі. HYPERLINK "http://www.vkoem.kz/images/stories/content/LBK/1/MAA_4344.JPG" \t "_blank" \o "үлкейту"
Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген. Бір үйірде 30-40 тауыс топталып жүреді. ХҮІІІ ғасырда мыңнан аса құсқа жеткен үйірлер байқалған.
Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады.
Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады.
Ұяда 4-тен 15-ке дейін жұмыртқа болады. Тауыс мекиені өте орнықты отырады. Қолға үйретілген құстарды Еуропаға алғаш рет Александр Македонский әкелген. Тауыстар ежелден сарайларда, саябақтарда және әуесқойларда ұсталған. Бұрын олардың етін «патшалық» тойлар кезінде пайдаланған. Зообақта оларға дәндер және жеміс, көкөніс, ірімшік сияқты жеңіл азық беріледі. Қамауда да көбейеді.
2. 2 Тауыс құсының өзіндік ерекшеліктері
Құстардың бәрі әдемі. Дегенмен, сұлулығы жөнінен ешбір құсқа дес бермеймін дейтіндері де жоқ емес. Тауыс құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Дүниедегі ең әдемі құс тауыс құсы екені талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген. Тауыс құсы ұшады, лып етіп жеңіл ұшады, көздеген биігіне оңай көтеріледі.
Тауыс денесінде тек осы құсқа ғана тән бояулар бөліп шығаратын зат бар көрінеді. Оның қауырсындарының әрбір талы көк, алтын сары, қоңыр, ашық көк боп құбылатыны да содан екен. Қауырсын бойындағы жан-жаққа тармақталатын “бұтақшалар” бар емес пе, соның әрқайсысы екіқабат кристал құрылымдарынан тұрады, құрылымдар болса, өз кезегінде, меланин, кератин ақуызынан құралған. Қарапайым адамға мұның бәрінің керегі шамалы, бұл қызық болса, мамандарға қызық. Қалай, неден болғанда да, Құдайдың құдіреті екені даусыз.
Күндіз тауықтармен бірге жайылып, су ішіп жөнімен жүрген құс сам жамырағаннан өзінен-өзі берекесі кетіп, тынышсыздана бастайды да, батар күнмен таласып ұшып барып, ең биік ағаштың басына қонады. Сол отырғаннан батып бара жатқан күнге телміре қарап отырады да қояды. Күн батып кетеді, қызыл шапақтар сөніп, жер бетін қараңғылық басады. Тауыс әлі отыр. Бүкіл назары құбылады, енді азырақ отырса, батып кеткен күн қайта шыққанын көре алмай қалатын секілді отырған орнынан қозғалмайды. Үркер ауады, ол батыстан көзін алмайды. Қалай мойны талмайды? Жұлдыздар сиреп, шығыс жақ құланиектене бастағанда барып мойнын жаңа атып келе жатқан таң шапағына қарай бұрады. Ескі Шығыс жұмбағында айтылатын сөз рас екен:
Жаратқан жаппар хақтың бұл да құсы, Құстың да жай құсы емес, күнбағысы.
Расында құстың күнбағысы дерсің. Күнге ғашық екі құс болса, бірі – тауыс. Біреу болса, өзі. Күн шуағы мол елдерде өскендіктен бе, ол күн нұрына ғашық. Әуел бастағы отаны – Үндістан, Шри-Ланка, Суматра аралдары. Осы елдерді алғаш аралаған еуропалықтардың арасында тауысты ұшпайтын құстың санатына жатқызғандар да бар. Бұл, әлбетте, жаңсақ пікір. Тауыстың құлаш жарымнан да ұзын құйрығын көріп, «мына ауыр денесімен ұша алмайтын шығар» деп ойлаған біреудің сөзі болса керек. Оның үстіне, аталмыш елдерде тауысты ешкім үркітпейді, қорқытпайды, тас атып қуаламайды. 1963 жылы Үндістан оны «ұлттық құсымыз» деп жариялады. Бұл сол кезден бастап қадірлі деген сөз емес. Орнитологтар оның қолға үйретілгеніне 3000 жылдай уақыт болды дейді. Цейлонда да көшеде жайбарақат жайылып жүрген құстарды көресіз. Үрікпесе, қорықпаса, ұшып қайтеді, ылғи да осылай жерден жем теріп, беймарал жүргенін көрген адамдар «шынында, мынау ұшпайтын құс болса керек» деп топшылаған. Тауыс ұшады. Оның ұзындығы – 2,5 метр, салмағы да өзіне жараса әжептәуір көрінеді. Соған қарамай, лып етіп жеңіл ұшады, көздеген биігіне оңай көтеріледі. 2004 жылы Ресейдің “Известия”, “Комсомольская правда” газеттері Мәскеу хайуанаттар бағындағы бір тауыстың кешкі апақ-сапақта қорадан ұшып шығып, ізім-қайым жоғалғанын жазып, көрген-білген кісі болса бақ әкімшілігіне не газет редакциясына хабарласуын өтінді. Ұзамай тауыс табылды. Хайуанаттар бағының басшылығы «көше толы маскүнемдер ұстап алып, қуырып жеп қоймай тұрғанда табылғанына қуаныштымыз» деп көзайым боп жатты. Себебі, мұның алдында жапон тырнасын көше кезбелері ұстап алып, араққа тіске басар орнына қуырдақ пісіргені туралы да сол басылымдар жазған еді.
Тауысты алғаш Еуропаға Ескендір Зұлқарнайын әкелді деген сөз бар. Бұл, әрине, мүйізді патшаның күймесінде келді деген сөз емес болар, әсте әңгіме оның сол замандардан бастап бері қарай қоныс аударғаны туралы болса керек. ХІ ғасырда Рим қаласында бөденешілерден гөрі, тауыс баққандар көп еді деп жазылады тағы бір деректерде. Римдіктер оның етін де жеген, әрі қауырсындарын жоғары бағалап, бір-біріне сыйға тартып отырған секілді.
Ескі Шығыс бәйіті:– Көрсеткен тауысты әсем құйрығы дүр,Алланың бұл да болса бұйрығы дүр, – дейді.
Шынында, оны әсем де сәнді етіп көрсететін, жоғарыда айтқанымыздай, құлаш жарымнан астам ұзын құйрығы. Мұндай құйрық тауыстың еркектерінде болады. Мекиендері қырғауылдың мекиендері секілді бәкене, қарапайым, реңсіздеу боп келеді, сөйте тұра, еркектерін жанынан бір елі шығармайды. Еркектерінің түрлі-түсті құйрығын жайып жіберіп, “кемпірқосақтанып” әрі-бері көстеңдеп, қоқиланып жүруі – жұрт ойлағандай әсемдігін көрсету үшін жасаған қылығы емес. Оның есіл-дерті қораның бір бұрышында өз бетімен жайылып жүрген мекиендерге жігіт боп, жын буып қырындағаны. «Қарындас-ау, қосылмаймыз ба, қос тікпейміз бе?” дегені. Түрік дінтанушысы Харун Жақия: “Сөйткен әдемі құйрығын, көрген көзді таңғалдырған сұмдық сұлу дүниесін тауыстың өзі көрмейді”, – деп жазады. Шынында, бұ да терең пәлсапалық мағынасы бар сөз екені даусыз. Көне шығыс көркем әдебиетінде тауыс ылғи да пәлсапалық шығармалардың кейіпкері ретінде кездеседі. Ол туралы сәл кейінірек.Заманауи орнитология тауыстың аппақ түрі де болатынын жазады. Шетел басылымдарында 2002 жылы Англияда хайуанаттар бағынан альбинос тауыстың ұрланғаны жөнінде қызық мақала басылды. Қызық дейтін себебіміз – қаз сияқты аппақ құсты қолтыққа қысып есіктен шығып бара жатқан ұрыға ешкім назар аудармаған. Оның табылған-табылмағаны туралы дерек әлі жоқ. Әсте, табылмаған болар. Олай дейтініміз, тауыс құсы өте дәмді ет ретінде шетел мейрамханаларында жоғары бағаланады.
Тауыстың тұқымдастарынан көп ерекшелігі шамалы. Екі жастан асқаннан соң мекиендері жұмыртқалай бастайды Екі айдан соң балапандайды. Кейде анасы әлдеқандай себептермен жұмыртқа баса алмауы мүмкін. Ауырады, өліп қалады, ауа райына байланысты әлсірейді, ондайда
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!