Word. Дала академигі Ы.Жа?аевты? к?ркем ?дебиеттегі бейнесі ?ылыми жоба 28 бет


МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ
Мәңгілік ел киелі – өркендеген Шиелі..................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Еңбектен өз бақытын тапқан адам ....................................................5
2. 2 Көркем сөздегі Ы.Жақаев бейнесі – ұлттық
тәлім-тәрбие көзі .....................................................................................14
2. 3 Өсиет пен қасиет...................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................27
Қосымша 1.....................................................................................................28

І Кіріспе
Мәңгілік ел киелі – өркендеген Шиелі
Шиеліні білгің келсе жарандар,
Ыбырайдың жолын күтіп қараңдар!
Қанапия Дәрібаев
«Жалпақ жұртыңды құрметтеу – туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады», – деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, туған жеріміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу - уақыт талабы. Қадір-қасиетін одан әрі арттыра түсуіміз, рухани мәнін терең таныта білуіміз керек.
Шиелі – ғажап ертеңі,
Сүйеміз туған өлкені.
Тағдырлар толы тарихтың,
Сан жылдар сырын шертеді.
Шиелі – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орналасқан Қызылорда облысының шұрайлы аймағының бірі.
Шиелі ауданы 1928 жылы қыркүйек айында іргесі қаланып, жеке отау құрған аудан өз тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді, өркендеу жылдарының куәсі болды.
Шиелі өңірінде ұлтымыз ұлағат тұтатын азаматтар көптеп шыққан. Алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, «Дала академигі» атанған даңғайыр диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, атақты Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсүр мен Нартай ақындар, қазақ ғылымының, әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Әбділда Тәжібаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, Асқар Жұмаділдаев исі қазағымыздың рухани мақтаныштары екені анық. Ендеше, осы өлкенің халық аузында «Киелі Шиелі» аталуыжайдан-жай емес. Осы орайда, бойында шежіре тұнған, даласы дархан, қойнауы қазына, тарихы телегей теңіз ашық аспан астындағы айшықты да асқақ ескерткіштей Сыр маржаны – Шиелінің өткені мен бүгінін терең зерттеп, жерлестеріміздің бойында туған өлкенің тарихын тану, оны ардақтау сияқты түсініктер мен қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор.
Білмеймін топырағы киелі ме,
Білмеймін жапырағы киелі ме,
Береке,ырыс болып өнеді екен,
Түйір дән түсіп қалған Шиеліге – деп ақын жырлағандай Сыр елінің киелі мекені саналатын Шиелі өңірі ақ күріштен дүние жүзінде рекорд жасаған Ы.Жақаев есімімен танылады. Қазақ халқы тарихының төрінен орын алған ерлігі, еңбегі бүкіл ғұмыры атадан балаға, немере, шөбереге тәлім-тәрбие болған, бола беретін қасиетті диқан ата.
Ежелден тарихы бай осынау шырайлы өлкенің шежірелі тұстары, ұлтының мақтан тұтар ұлылары мен ұлықтары жетерлік.
Аты аңызға айналған жеті әулие, Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-палуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсүр мен Нартай, қазақ ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Әуелбек пен Қалжан Қоңыратбаев, Әбділда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, Мырзабек Дүйсенов, Мүсілім Базарбаев және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл өлкенің киелілігін білдірсе керек.
Биылғы жылы Ыбырай атамыз 125 жасқа толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен қатар келген мерейтой ауданымызда қазан айында кең көлемде аталып өтпек.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқы өз мәдениет тарихында ұлы оқиғалар мен әйгілі есімдерді, тарихи тұлғаларды ешқашан естен шығарған емес. Олар жайлы ел аузында аңыз-әңгімелер, көптеген деректер қалып отырған. Өмір шындығын, қоғам шындығын айқын танытуда көркем әдебиеттің орны айрықша. Тарихи тақырыпта ой қозғап, қазақ елінің, қазақ ұлтының әр ғасырда әрқилы тағдыр кешкен біртуар тұлғалардың ел тарихындағы орнына баға берген, олардың күрделі бейнесін көркемдік тұрғыдан жинақтаған қаламгерлер қазақ прозасы мен поэзиясын жаңа қырынан танытты.
Көркем шығармаларға өзек болған сондай тұлғалардың бірегейі – Ыбырай Жақаев. Еңбектен ләззат, рахат алған, үлкен жүрегі ел, жер, отан деп соққан ақиық азаматтың туған ауылынан бастап алты Алаш баласының бақыты үшін аттандамай-ақ сабырлы, салиқалы жұмыс жасап, еңбектің құдіретін өзі ғана емес, бүкіл қалың бұқараға терең сездірген, халқын сүюдің жарқын үлгісін әр жүрекке жағып кеткені тарихи ақиқат. Исі қазақтың, айта берсек, түркі тектес барша мұсылман әлемінің кемеңгер қайраткері болған, солай болып қала беретін Дінмұхаммед Қонаев айтқандай: «Сарыарқада сөз патшасы ұлы Абай, Сыр бойында дән патшасы Ыбырай» деген әділ бағасы ұрпақтан-ұрпаққа ұласатын ұлағатты есім. Ы.Жақаев есімі қалың көптшілікке кеңінен таныс болғанымен, оның өз туындылары да, ол туралы жазылған ақын-жазушылар шығармалары да зерттелігін, талданған емес. Осы жұмыс сол кемшіліктің бастамасы болмақ.
Зерттеу мақсаты:Дала академигі Ы.Жақаевтың көркем әдебиеттегі бейнесін айқындау. Ол туралы жазылған шығармаларға талдау жасау, ұлы жазушыларымыздың суреткерлік шеберліктеріне сипаттама жасай отырып, еңбек адамының жарқын бейнесін сомдаған еңбектерінің тәрбиелік мәнін ашу.Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
Ы.Жақаевтың еңбекпен өрнектелген өнегелі өмір жолы кеңінен талдап, оған сипаттама беру;
Көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы Ы.Жақаев бейнесін тереңінен ашу;
Ы.Жақаев атамыздың жастарға айтқан өсиет, насихаттарын тарату.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Еңбектен өз бақытын тапқан адам
Күріштен бүкіл әлем таңырқайтын Рекордтың туған жері – бұл бір айқын. Бұл күнде кім білмейді Шиелісін, Күрішшілер маршылы Ыбырайдың. Ыбырай еңбегімен ұнағанды, Көтеріп елі кетті бұл адамды. Ерлігін естіп, бұрын шыдай алмай, Сабит те келіп жазды романды. Адырбек Сопыбеков 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде: «Мен еңбек адамына, өз ісінің білгіріне арналған әлеуметтік бағыттағы отандық мәдени өнімдер (кино, кітаптар, театр қойылымдары, телебағдарламалар) үлесінің жеткіліксіз екендігіне шығармашылық интеллигенцияның назарын айрықша аударғым келеді», - деген еді.
Көркем шығармаға жан бітіріп, оны өнердің биік туындысына айналдыратын – әдебиеттегі адам бейнесі. Ал, әдебиеттің негізгі мақсаты образ арқылы шындықты, ақиқатты бейнелеу. Әдебиеттегі адам бейнесі жазушының табиғатымен, дүниетанымымен, болмысымен, білімділігімен тығыз байланыста болу керек.
Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, ол - өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек.
Еңбек адамы бір кездері, яғни Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең басты назардағы адамдар болған. Еңбек адамы өзіміздің Ыбырай Жақаевтан бастап, кешегі Жазылбек Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаеваның Кеңес кезеңінде еңбектерінің көрінуі. Олардың еңбектерінің бағаланғандығы. Социалистік Еңбек Ері деген атақты бір рет қана алып қоймай, оның екеуін, үшеуін қатар алып жатуы, сол еңбек адамдарының қадір-қасиетінің мықты екендігін көрсеткен еді.
Ы.Жақаев ерлігі көптеген қаламгерлердің шығармаларына арқау болды. Ақын-жазушылар еңбек адамының өнегелі өмір жолындағы әр кезеңдерде жасаған ерлік істерін паш етумен қатар, оның ерекше жаратылған адам екендігін танытуға тырысты және көркем сөз өрнегімен қиюластыра білді.
Абдолла Дәулетұлы. «Ыбырай тағылымдары», Мусин Ж. «Ерлік дастаны», Ділмұхамедов М. Ыбырай мектебі, Отарбаев А. «Ақ күрішті ауыл»,Топорков Л. «Ыбырайдың жұлдыздары», Қ.Исмаил «Құрметке бөленген диқан», Қ.Түменбай «Адам туралы аңыз»,С.Нұралиев«Диқан мен жазушының достығы»,А.Ысымұлы«Дала Академигі»,Байымбетов О. «Шиелі шынарлары» т.б. еңбектерді атауға болады[1, 41-б.].
Қазақ әдебиетінде шаруа еңбек адамдары тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – Сейілбек Шаухамановтың «Ыбырай Жақаев» әңгімесі.
Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.
Жазушы өз шығармасында өткен күндерге қайта-қайта оралып, естелігін ой елегінен өткізіп, тарих беттеріне терңірек үңіледі, оған көркемдік сипат дарытады. Мен таңғаламындейді С.Шаухаманов: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: "Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар. 
Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады. 
Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: "Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: "Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді. 
Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл
2. 2 Көркем сөздегі Ы.Жақаев бейнесі – ұлттық тәлім-тәрбие көзі
Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы-шындық. Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын, қаламасын-бәрі бір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (М.Горький). Демек, әдебиет-таптық.
Жазушы Қ.Түменбайдың тыңғылықты сөз етіп, үнемі қайта-қайта оралып отыратын негізгі тақырыбының бірі – дүниежүзілік рекорд жасап, ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев. Бұл тақырыпта ол «Қайың сапты кетпен» әңгімесінен бастап, үлкенді-кішілі бірталай шығармалар жазып, Ы.Жақаевтың көркем бейнесін қазақ әдебиетіне алып келді. Мәселен, «Ағаш ескерткіш» хикаятындағы Сатай қарттың да прототипі Ыбырай Жақаев. Сатай әулетінің бүгіні мен кешегісі көз алдынан өткен Асқардың атынан баяндалған оқиға қаладан келген немеренің көзімен өрбиді. Сексенге келген атасының туған күнін аудан, облыс қана емес, Республика, тіпті, Одақ (КСРО) көлемінде атап өткеніне куә болған Асқар әулеттің киесі – жылан екенін білмей абы жыланды өлтіріп қояды. Жылан өлген күннің ертесіне атасынан айрылған ол қыстай жарманы, жаздай «Сатай түбегіндегі» егістікті күзеткен абы жылан өлген соң, бұл әулеттің басынан бағы тайғандығына куә болады. Оның басы Сатайдың мүрдесіне таласудан басталып, ауыл ортасында тұрған атасына қойылған қола мүсіннің, оның төңірегіне қойылған қара темір, қара шынжыр, жылтыр керамиканың ұрлануымен суреттелген. Өмір бойына халқына, еліне қызмет еткен жанның аруағына тыныштық бермей оның басын жалаңаш қалдырғандардың тірлігі мызғымас Одақ ыдырап, Қазақстан өз алдына дербес ел болған тұстағы шаруашылықтардың таратылып, тығырыққа тірелген елдің ішінде ұры-қары көбейген кезімен тұспа-тұс келеді. Шығарма соңында ағаш сапты кетпеннен басқа басында ештеңе қалмаған Сатай қарт жоңышқа иісін иіскеп, қар мен жаңбыр суымен сусындап жатқандай әсер береді. Мұның өзі о дүниелік болған адам үшін табиғат-ананың суы мен желінен артық ештеңе жоқ екендігін байқатады. Автор осы хикаят арқылы «Өлі риза болмай, тірі байымайтындығын» екі аяқты пенделердің есіне салған[8, 49-б.].
Ол феодализмде туып, социализмде салтанат құрып, капитализмге бет бұрған қоғамда аңызға айналды. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында Сыр топырағының дария бойын жайлаған Қарғалы деген жеріне кіндік қаны тамып, жігіт шағында кедейлер құрған артельге мүше боп кірді. Қазір бір кездегі «Қызылту» колхозы өз атында. Ауылдағы мешіт те «Ыбырай мешіті» деп аталады. Ол – бұрынғыларға белгілі, ал қазіргілерге елес секілді еренғайып бейне.
Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан және оның өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденуде, бұл-дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Өйткені, өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн – адамның ойы, арманы, мұраты, құштарлығы; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз мүмкіндігінше өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен маңызын суреттейді.
Ыбырай шын мәнінде кім еді? Жазушының ойына, шығармашылығына тұздық болған мәселе осы.

2. 3 Өсиет пен қасиет
Ыбырай Жақаевтың қасиетті адам болғаны айқын. Олай болмаса, Жақаев есімі осы уақытқа дейін жұрт жадынан өшер еді. Қасиетті адам көзі тірісінде артындағы мұрагерлеріне өсиет те айтқан. Соны санамызда тағы бір мәте жаңғыртып қоялық.
– Бәрінің анасы Жер. Жерді таңдай біл. Оны баптай біл. «Егінші мәрт, жер жомарт» деген сол.
– Адам сияқты егін де таза суды тілейді. Ескірген судан егін де ауырады. Оған үнемі таза су бер.
– Жас күріштің сабағы ешкінің түбітіндей нәзік келеді. Оны тек тамырымен суарып аласың. Жер дымқыл болса тамыры тереңге кетеді, күріш өмірлі болады.
– Күріштің жауы арамшөп. Қаулаған арамшөптен күрішті арашалай білсең, күріш сені байлыққа белшеңнен батырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жақаев Ыбырай. Өмір жолдары. Алматы. Жазушы. 1979. 2. Абдолла Дәулетұлы. «Ыбырай тағылымдары». Қызылорда. 2002. 3. Мусин Ж. Ерлік дастаны. «Қазақстан» баспасы. Алматы. 1979. 
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055)
Каспий банк депозитіне ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып,
немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Осы сайт арқылы ала аласыздар!!!
ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ
2500 ТЕҢГЕДЕН
Бастауыш сыныпқа арналған ғылыми жобалар:
Қарбыздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 29 бетҚауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бетДәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бетЖолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетЛимон жемісінің таңғажайып әлемі ғылыми жоба 22 бетТүймедақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 24 бетБақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бетҚұрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 37 бетҮкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бетШайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бетТотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бетӘсемдік пен әдеміліктің символы - тауыс құсы ғылыми жоба 18 бетТасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 16 бетСудың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бетЗәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бетСахар сабынығылымижоба 23 бетФелинотерапия және мысықтар әлемі ғылыми жоба 26 бетҚырғауыл - сезімтал құс ғылыми жоба 18 бет HYPERLINK "https://infourok.ru/ord-kirpi-meni-tikenekti-dosim-ilimi-zhoba-bet-1143856.html" \o "Word. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет" \t "_blank"
Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет
Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба 25 бетИтмұрынның емдік қасиеттері ғылыми жоба 21 бетАлма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бетҚамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба 22 бетІшекқұрттар, олардың адам ағзасына әсері ғылыми жоба 27 бетЖелден жүйрік жануар ғылыми жоба 20 бетЖыл иесі - жылан ғылыми жоба 20 бетЖұмбақтар сыры ғылымижоба 18 бетЖаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба 22 бетЖергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба 27 бетАқсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба 26 бетАдыраспан - киелі көп ғылыми жоба 16 бетКереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба 24 бетҚұлпынайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 32 бетОшағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетТаңқурайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 20 бетҚарақаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетМақсырдың пайдасы ғылыми жоба 25 бетКүнбағыстың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚиярдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бетСарымсақ - сансыз ауруға ем ғылыми жоба 25 бетПияздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетШырғанақ (облепиха) жидегінің емдік қасиеттері ғылыми жоба 27 бетҚызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетАнар - жеміс-жидектердің патшасы ғылыми жоба 25 бетЖүзім - дертке шипа болатын жеміс ғылыми жоба 23 бетШие жемісінің адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСәбіз және оның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСан қырлы сырдың иесі, сүлікте емнің киесі ғылыми жоба 16 бетДәруменге бай - асқабақ ғылыми жобаКиелі сандар сыры ғылыми жоба7 санының қасиеті ғылыми жобаМақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ғылыми жобаҚазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаЧисла в пословицах и поговорках
Этнопедагогика (бастауыш)
Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бетҚазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бетЗергерлік әшекей бұйымдар жиынтығы ғылыми жоба 20 бетАта салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бетАқ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба 16 бетСабақ жоспарлары
Көркем жазу сабақ жоспарлары 34 сағат 1-4 сыныптар 2500
Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары500
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жобалар тізімі
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВТЫҢ ТОТЫНАМА ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРІҚ.ӘБДІҚАДЫРОВТЫҢ МЫҢ БІР ТҮН ЕРТЕГІСІМАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУМ.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХҚ ӘБДІҚАДЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҒАНИТӘРБИЕСІНДЕӨСКЕНҒҰЛАМААЛАШТЫҢАРЫСЫ, ЖАСТАРДЫҢКӨСЕМІЖАЛЫНДАПӨТКЕНЖАСҒҰМЫР (ҒАНИМҰРАТБАЕВТУРАЛЫ)СЫР СҮЛЕЙІ - БҰДАБАЙАЛМА ҚЫРАУБАЕВА - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗӨшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі(Нартай Бекежанов туралы)
О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі диалект сөздер
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Қазақ сатирасының бала тәрбиесіне әсері (О.Әубәкіровтың сықақ өлеңдері бойынша)
Халқына пана болған – Бала би
18 Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман
19 Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні
20. Дала академигі Ы.Жақаевтың көркем әдебиеттегі бейнесі
Қазақстан тарихы бойынша
Өзгент қаласы және оның Сыр өңірі тарихындағы маңызы ҒЫЛЫМИ ЖОБАҚазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБАТүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел
Ұлы Жібек жолының Сыр бойындағы тармақтары
Шиелі халқының тарихы және әлеуметік жағдайлары
Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі
Еңбегімен ел таныған тау тұлға (Ы.Жақаев туралы)
Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев
Физика бойынша
Уран өндірісінің жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына ықпалы! ҒЫЛЫМИ ЖОБААтом өнеркәсібінің элитасы ҒЫЛЫМИ ЖОБАИнформатика бойыншаХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБАWi-Fi-дың пайдасы мен зияны ғылыми жоба 24 бетХимия бойынша
Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы ҒЫЛЫМИ ЖОБАБиология бойынша
Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері ҒЫЛЫМИ ЖОБААғылшын тілі бойынша
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми жобаМатематика бойынша
Қазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаСимметрия – ғажайып әлем
Математика және табиғат
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасымен.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы сайты арқылы ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды, диплом жұмыстары мен сабақ жоспарларын кезіктіреcіз!
Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле