Ашы? саба?: Керме. Кермеде асылып, ал?а арт?а ?арай секіріп т?су. Сыры? комбинация элементтері. (6 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Керме. Кермеде асылып, алға артқа қарай секіріп түсу. Сырық комбинация элементтері.
2. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушының білімін, жалпы мәдениетін қалыптастыру.
Ә) Тәрбиелік мәні: Ұлттық патриотизмді қалыптастыру, өз отанының мықты, шымыр, шыныққан белсенді азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушының денсаулығы дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру, дағды, икемділіктерін қалыптастыру.
3. Мұғалім: Кораласова Асель
№ Сабақтың қысқаша мазмұны уақыт өлшемі Әдістемелеу, нұсқаулар
1. Кіріспе бөлімі:
Оқушыларды қабылдап алу.
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Күнделікті спорт жаңалықтары. 5 мин Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабақ даярлығына назар аудару. Техникалық қауіпсіздік ережесін қадағалау. Денсаулықтарына көңіл бөлу.
2. Дайындық бөлімі.
Саптық жаттығулар: оңға, солға, кері айнал. Жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі сыртқы қырларымен жүру. Жартылау аяқты бүгіп жүру.
Жүгіру, жүгіріс үстіндегі жаттығулар. Жалпы дамыту, қыздырыну жаттығулары. 10 мин Берілген бұйрық бойынша жаттығуларды дұрыс орындау.
Еркін тыныс алу. Жаттығулар кезінде саптан шықпау және басқаларға бөгет жасамау.
3. Негізгі бөлім. Гимнастика.
Техникалық қауіпсіздік ережесі. Керме. Кермеде асылып, алға артқа қарай секіріп түсу. Сырық комбинация элементтері.
Қозғалмалы ойындар ойнату.
Миға арналған ойындар. Шахмат шашки ойындары. 25 мин Мұғалімнің рұқсатынсыз өздігінше жаттығулар жасамау. Айтылған ескертулерге көңіл бөлу. Оқушылар мұғалімнің назарында болу.
4. Қортынды бөлім
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіруге арналған жаттығулар жасату. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың ынталарын бағалау. Үйге тапсырма беру. 5 мин Терең дем алып шығару жаттығуларын қайталап жасау. Өткізілген жаттығуларды пысықтау.

Тексерілді: