Артынан ?уып жету ?оз?алысына берілген есептер
Тақырыбы: Артынан қуып жету қозғалысына берілген есептер
Мақсаты: оқушыларға артынан қуып жету қозғалысына арналған ережесі мен жақындау формуласымен таныстырып, дұрыс шығара алуға үйрету.
Қозғалысқа байланысты есептерді формуласы бойынша шығара алу қабілеттерін арттыру, шыңдау.
Сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділіктерін молайту.
Көрнекілігі:
Әдісі: дәстүрден тыс
Түрі: ойын
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық кезең. Сыныбымыз тап таза № 1 слайд
Борда дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға
Қонақтармен амандасу: Әріп жазылған карточканың артындағы мысалдарды шығарып, « Қош келдіңіздер» деген сөзді шығару. № 2 слайд
Үй жұмысы: Дайын жауаптар арқылы тексеру. Кімдікі қатесіз екенін анықтау. № 3,4слайд
Жұмбақ оқу. . № 5 слайд
Аяз қысып, өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып
Бет домбығып
Сырғып жастар ойнайды
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады?
Қыста қандай ойындарды ойнағанды жақсы көресіңдер?
Ендеше, бүгін қысқы ойын түрлерімен танысамыз, ойнаймыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының бір тармағында «Салауатты өмір салты » бағытында жас жеткіншектердің дені сау, тәні таза, ақыл есі дұрыс азамат болсын деген.
Спорт, Қазақстан, Қыс сөздерін естігенде естеріне не түседі?
Қысқы Азиада қай жылы, қай қалада болды?
Қазақстан командасы алтын, күміс, қола медальдарға ие болды.
Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды, спорттың 11 түрінен жарыс өткізіледі. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі №6,7 слайд
Орын Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
1 Қазақстан32 21 17 70
Сол чемпиондар сияқты сендерде бүгін жеңіске жетіңдер.Сендерге де берілетін осындай медальдар бар.
Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын айту. Мақсатын айту. № 8,9 слайд
Жаңа сабақты түсіндіру.
Артынан қуып жету қозғалысын, жақындау қозғалысын түсіндіру.
Суретті пайдаланып, сөз есеп бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Кестені толтыру.
Біріншіден жақындау жылдамдығын табу. 110- 60= 50
Екіншіден қашықтықты жақындау жылдамдығана бөлеміз. 200 :50 = 4
Оқулықпен жұмыс. Ережені оқу. № 10 слайд
№ 3 есеп. Коньки ойынын ойнау. Бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл қозғалысы (жұптық сырғанау , спорттық билер , синхронды сырғанау болып бөлінеді) . № 11 слайд
№ 120-100=20
160: 20= 8
Жауабы: 8 минуттан кейін жетеді
Тағып алып коньки біз
Кешке мұзда қалқимыз
Қызған сайын денеміз
Қиғаш қиғаш тебеміз
Хоккей ойынын ойнау. Мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын . Ойыншылар доптаяқты пайдаланып , қарсылас команданың қақпасына допты соғуға талпынады . . № 12,13 слайд
Шығармашылық тапсырма. Сөз есеп құрастыру
Алтын - ?
Күміс- 21 м 70 м
Қола- ? 4 кем
.
Хоккей, хоккей мұз айдының
Қызығы ғой қыстай бір
Құлап бара жатып та
Ұшып бара жатып та
Таяғыңды ұстай біл
Алыстан да соқ мейлі
Жақыннан да соқ мейлі
Басылмайды мұз үстінде ерегес
Хоккей, хоккей
Қорқақтардың қолы емес.
Шаңғы ойынын ойнау. № 14 слайд
№ 4Кесте бойынша теңдеу құру
7938- 14. а = 35280: 360 х .32- 123= 3013
7938-14. а =98 х.32 = 3013+123
14.а=7938-98 х.32= 3136
14.а= 7840 х=3136: 32
А=7840 :14 х=98
А=560 98 .32 – 123 = 3013
7938-14 .560 =35280:360
Зулайды зырылдап
Маңдайдан тер бұрқырап
Шаңғым асар шаршамай
Бір қыраттан бір қырат
Шанамен «Бопслей» ойыны . № 15 слайд
№ 2 есеп жылдамдық, уақыт, қашықтықты пысықтау.Тақтадағы кестені толтыру.
Жазда суда жүземіз
Құмда күнге күйеміз
Жалаі аяқ жүреміз
Қыста қызып денеміз
Коньки, шаңғы денеміз
Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Аққала жасау ойыны. Почташының тапсырмасын орындау. . №16 слайд .
Әр балаға мысалдар беріледі. Тез шешіп үйлерге тарату. .
Ой қозғау. № 8 есеп. Сабақ кестесін құру. Неше нұсқасын жасауға болады? 17 слайд
Қорыту:Үй тапсырмасы. Бет 27 6,7 есеп №18 слайд
Оқушыларды марапаттау.