?аза?ша к?ресті? ?дісіні? бірі ая?тан орау ?дісі


Күнделікті сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Аяқтан қағу әдістері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аяқтан қағу әдісін үйрету.Міндеттері: 1. Қимыл қозғалысын арттыру.2.Ептілікке тәрбиелеу. Өтілетін орны: Спорт зал Керекті құралдар: Ысқырық, төсеніш Өтілетін уақыт: Өтілетін күні: сынып
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
1
1
2
3
4
2
3
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Спорт секторының рапорты.
Қауіпсіздік ережесіне шолу жасау.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптық жаттығулар,Сап түзе,тік тұр Еркін тұр.Аяқтың ұшын түзету.
Солға бұрылу,Оңға бұрылу,Кері айналу.
Реттік санмен саналу,1-2ге саналу.
Бастаушының соңынан ара қашықтық сақтап жүру.Жай жүгіріс.
Жай жүгіріс кезіндегі жаттығулар.
Сол ж\е Оң жақ бүйірге биік секіріп жүгіру.
Тізені алақанға тигізіп жүгіру.
Өкшені алақанға тигізіп жүгіру. Қол белде аяқты алға,артқа сермей жүгіру.
Жай жүгіс кезіндегі жаттығулар.
Қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру.
Қол желкеде денені солға,оңға бұрып жүру.
Қол белге қойып,өкшемен жүру.
Қол белде жартылай отырып жүру.
Дем алу жаттығулары.
Қолды жоғары созып демді ішке алып қолды томен түсіріп демді сыртқа шығарамыз
Жалпы дамыту жаттығулары
Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде басты 1-4 солға5-8 оңға айналдырамыз.
Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде белді 1-4 солға,5-8 оңға айналдырамыз.
Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол тізеде тізені 1-4-ішке,5-8-сыртқа айналдырамыз.
Б-қ Аяқ иық деңгейінде қол белде белді 1-4 солға 5-8 оңға айналдырамыз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Оқушыларды санау арқылы екі топқа бөліп.Оқушыларды спорт залда қаз – қатар сапқа тұрғызып, Оқушыларға Қазақ куресінің бір әдісі аяқтан қағу әдісінің жасалу техникасын түсіндіре үйрету.Оқушыларды екеуден төсеніш үстіне шығарып осы тәсілді меңгергенше жасатып жетілдіре үйрету,Оқушылардың барлығын екеуден шығарып оң қол жеңнен ұстап сол қол белдіктен ұстап аяқты сырттан қағу және тобықтан қағу әдісін көрсетіре үйрету осы әдісті меңгергенше қайта қайта жасатып қалыптастыра оқушыларды белдестіре күресуіне мүмкіндік беру Аяқты сырттан қағу және тобықтан қағуды кезінде қарсыластың тепе теңдігін жоғалтуды үйрету.
ҚОРТЫНДЫЛАУ БӨЛІМІ
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Ұйымшылдықпен киіну орынына жіберу.
Спорт залдан шығарып салу.
Қоштасу 10-12м
30с



2м 30с

30с
3-4 рет
3-4 рет
3-4 рет
3-4 рет
23-25 м
5-7 м
30с


30с
30с
30с Оқушылардың тәртібіне, спорттық киіміне
назар аудару.
Саптық жаттығуларды бір келкі орындауын ескеру.
Ара қашықтықты дұрыс сақтап жүруін бақылау.
Сол ж\е оң жақ бүйірге секіріп жүгіргенде қолды алдыға,артқа айналдыруын ескерту.
Жай жүріс кезіндегі жаттығуларды орындағанда басты,қолды,аяқты,кеудені тік ұстап жүруін ескерту.
Дем алу жаттығуларын дұрыс орындауына назар салу
Жалпы дамыту жаттығуларын қателеспей орындауын қадағалау.
Бір келкі орындауларын қадағалау
Оқушылардың дұрыс саналып,дұрыс бөлінуін ескерту
Оқушылардың қазақ куресінің ережесін мұхят тыңдап әдісті дұрыс жасауын бақылау
Оқушылардың мұқият машықтануын ескеру.
Сабақ барысындағы тәртібін қадағалау.
Оқушылардың сабақ барысындағы тәртібін ескерту.жақсы ойнаған оқушыларды мадақтап,қызығушылығын ояту.