Презентация на тему: «Жасанды та?ам?а ?ажеттілік бар ма? Генді модифицирленген а?за».


«Жасанды тағамға қажеттілік бар ма? Генді модифицирленген ағза».Дайындаған: Жетенова Айнұр Серікқызы ГМА- (ағылш. genetically modified organism) –гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде генотипі өзгертілген тірі ағза.Бұл анықтама өсімдік, жануар және микроағзаларға қолданыла алады. Генетикалық өзгерістер ғылыми және шаруашылық мақсатта жасалады. Ең кең таралған  гендік модификацияланған дақылдарСоя , жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп «ГМА-ның пайдасы мен зияны» деген сураққа ұлт зиялылары қалай жауап берді екен? Жұрттар тез бұзылатын, құрт түсетін алма жеп үйреніп қалған. Сондықтан әлгіндей өзі қатты, оңайлықпен бұзылмайтын, өзегіне құрт түспейтін алмадан қорқады. Одан қорқудың қажеті жоқ! Ол тексерілген. Түсінесіз бе? Ол бұрынғыдай улы химикаттармен өңделген алма емес. Ол – гендік моди­фика­ция­лан­ған, сапасы гендік деңгейде күшей­тілген, тез бұзылмайтын өнім. Гендік модификацияны қолдану өнімділікті ұлғайтады. Мысалы, гендік модифика­цияланған өнімдердің басым көпшілігі АҚШ-та шығарылады әрі тұтынылады. Ал америкалықтар – өз денсаулығын күту, сақтау жа­ғынан алдына жан салмайтын халықтардың бірі. Егер зиянды болса, олар мұны өндіріп, тұтынбас та еді. Сондықтан қорқып, үрей­лене беретіндей ештеңе жоқ. Бекен ӘЛІМЖАНОВ, Мәжіліс депутаты Түрі әп-әдемі, қап-қатты, шірімейтін, ірімейтін, шаян гені қосылған дәмі жоқ -АЛМА Генетикасы модификацияланған дақылдармен қоректендірілген эксперименттік жануарлардың және олардың кейінгі ұрпақтарының ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталған. Британия ғалымдары – генетикасы модификацияланған ГМ-картоптың, Италия ғалымдары ГМ-сояның, Австралия ғалымдары ГМ-асбұршақтың, француз зерттеушілері ГМ-жүгерінің жануарлар ағзасына қауіпті екендігін дәлелдеген. Мысалы, ГМ-жүгері беріп асыраған эксперименттік жануарлардың төлдері 100 пайыз өлі туғаны туралы ғылыми нәтиже бары белгілі. Бірақ мұндай қорытындыны кезінде жауып тастаған. Себебі ғалымдардың бұл секілді қорытындыларының жария болуы өндіруші компанияларға тиімді емес.Мұхамбедия АХМЕТОВ   Астана медицина университеті тағамтану кафедрасының профессоры Доңыз гені қосылған кортоп Қос пікірдің де жаны бар. Нарық ағымына да ілесуге тиіспіз, бірақ кейінгі ұрпақтың да салауаттылығын ойлауға, ұлт ғұмырының ұзақтығын қамтамасыз етуге міндеттіміз. ГМО – әлбетте, жаңалық, инновация. Ал инновацияның экономиканы алға сүйрейтіні де – шындық. Бірақ ГМО-ның адам баласына әсерін, ықтимал зиянын ғалымдардың толық зерттеп бітпегені де – ақиқат. Оның зияны ұрпағымызға 40-50 жылдан кейін білінуі де әбден мүмкін. Ендеше, түпкілікті түйін де әр адамның өз еншісінде деп ойлаймын. Жан-жануардың, өсімдіктің тектік аппаратын қолдан өзгертуге бағытталған гендік инженерияның адамзатқа қауіпті тұстары туралы 2000 жылы ғалымдар Әлемдік үндеу жариялаған болатын. Тышқанға жасалған тәжірибе Қытай тауарлары бүкіл әлемге экспортталуда Қытайдан келетін тауарларға халықтың көз қарасы «Китайский» көкеністерге үйір бола бермей, табиғи өнімді тұтынған дұрыс-ау…Қолдаймын. Бірақ қазір сатушыларда тұтынушылардың талабын біліп алған. Китайскийлерде трансген көп бола ма сонда? мысалы китайский әдемі алмалар бар ғой, жесең дым дәмі жоқ, суы жоқ, құр қағаз сияқты. солар трансген ба әлде химикаттар қосылған ба?Үйге мүмкіндігінше өзімізде өсірілген көкөністі алуға тырысамын. Құрты бар алманы жақсы көреміз біз  Жазда АҚШ-та болғанымызда қай жерге бармайық, кілең дәмсіз тамақтар еді. Әп-әдемі құлпынайды көресің, бірақ дәмі картон сияқты… Өсімдіктерге ГМА-ның әсері Жануарларға ГМА-ның тигізер зияны  Қытай, Жапония, Корея, АҚШ гендік модификацияланған азық-түлік өнімдерін өндіреді. Гендік модификацияланған тағам өнімдері жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. «Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?»Деген сұраққа әлі жауапжоқ!