№14 орта мектеп гимназиясы бойынша о?ушыларды ысты? тама?пен ?амту ?ортынды есебі 2014-2015о?у жылы


№14 орта мектеп гимназиясы бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту қортынды есебі 2014-2015оқу жылы
2014-2015 оқу жылында мектеп бойынша 1153 оқушымен басталды. Бастауыш 1-4 сыныптарда 605 оқушы, 5-11сыныптарда 524 оқушы бар.
Бастауыш 1-4 сыныптағы 605 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылған.Яғни 100% тамақпен қамтылған.Бұлардың ішінде 73 оқушы тегін тамақпен қамтылған.
5-11 сыныптарда 110 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Бұлардың ішінде 62 оқушы тегін тамақпен қамтылған. 100 оқушы буфеттік тамақтармен (бәліш,тоқаш, сусын т.б) қамтылған. Буфеттік тамақпен қамтылу 6,4% құрайды. Жоғарғы сыныптарда ыстық тамақпен және буфеттік тамақпен қамтылуы 73% құрайды.
3623281273800
Оқушылар екі ауысымда тамақтанады. Бірінші ауысымда 619 оқушы, екінші ауысымда563оқушы тамақтанады.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, оқушыларға салауатты тамақтану туралы тәрбие беру мақсатында 2014 жылдың қазан айының 14 күні Қазақ тағамтану академиясының қолдауымен Ұлттық салауатты тағамтану орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану заманауи өмір дәстүрі» атты республикалық акция өткізілді.Бұл акцияға Салауатты тағамтану орталығының бөлім басшысы Г.Садакбаева, осы орталықтың бас маманы А.Сыпатаева, қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы маманы Ж.Елемесова, денсаулық сақтау орталығының дәрігері Г.Қарабасова қатысты. Акцияға 2-8 сынып оқушыларымен ұстаздары,ата-аналары қатысты.Бұл акцияның өткізудегі мақсаты оқушыларға салауатты тамақтану туралы ақпарат беру,дұрыс тағамдарды таңдай білуге, қандай тағамдар мен сусындардың зиянды екені туралы мәлімет беріп, білімдерін көтеру.
36830011239500321056011239500
32105601968500036830013716000
2015 жылы мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 1-4 сыныптар апталығы аясында 4-ші сынып оқушыларының ҚҒА-жобаларын қорғау жұмысы өтті.Жоба байқауы қортындысы бойынша 4ә сынып оқушысы Гасанова Диана «Азық түлік қоспалары және олардың денсаулуққа зияны», 4б сынып оқушысы Мурат Аружан «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбына ғылыми жобаларын қорғап бастауыш сыныптар бойынша қалалық ҚҒА-жарысында 1-2 орындарды иеленді.
322580177800033953451778000
2014-2015 оқу жылы бойынша жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржы есебінен 95 оқушы және мектеп асханасының мердігері Л.Клянның есебінен 40 оқушының тізімі бекітіліп тегін ыстық тамақпен қамтылды. 2014 жылы бойынша ыстық тамаққа 2904,40 қаржы жұмсалды.
Әр айдың 15 күні мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын, мектеп асханасының қызмет көрсету сапасын тексеру мектепішілік тексеру комиссиясына жүктеліп тексеріліп ай сайын акт-і жасалды. Оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында төменгі сынып оқушыларынан жағдайы төмен отбасынан шыққан 30 оқушыны жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан мектеп жанындағы жазғы демалыс лагеріне тегін демалуына жолдама берілді.
ДайындағанК. Алмашева