Шебер ?олдар ?йірме жоспары 8 сынып


А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі КММ
Технология пәнінің мұғалімі Боранбаева Батима Дюсехановна
Түсінік хат
Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл күнде педагогтер қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол өнеріне үйрету арқылы тәлім- тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету негізгі міндетіміз.Ұлттық тәрбие жүректе жатық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер. Бұл мұраларды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып-үйрену, игеру қажет.
Мақсаты: Халық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулу
Міндеттері:
- оқушының ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау
- қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің ролін түсіну, өнер адамдарына деген құрмет
- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы еңбекке даярлық
- көрнекі құрал ретінде пайдаланылатын өздері жасаған бұйымдарға, мектеп мүлкін аялау көзқарасына тәрбиелеу.
«Шебер қолдар» үйірмесінің күнтізбелік жоспары
№ Тақырыбы Сағат саны Жұмыстың орындалу түрі
І. Кесте түрлері және кестелі бұйым жасау 1 Кесте тігуге қажет жабдықтар. Тігіс кезіндегі қауіпсіздік ережелері 1 Ине мен жіптің сәйкестігі
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
2 Көркемдік көктеу тігісінің түрлері 1 Кесте тігістерін ажырата білу
3 Көркемдеуші тігістермен қол орамалшаларын кестелеу 1 Тігілу жолын матаға инемен тігіп көрсету
4 Айқас тігісінің түрлері 1 Тігіс түрлерін тігіп, жаттығу
5 Шет тігісінің түрлері 1 Иненің шаншылу, шығу нүктелерін көрсету
6 Тізбек тігісінің түрлері 1 Таңдай, бізкесте тігіс түрлерін көрсету
7 Жіп және моншақтан шашақ жасау 1 Шашақтың қазіргі тұрмысымызда қолданылуы
8 Шашақтар және көркемдік кесте тігістері коллекциясын жасау 1 Көрме ұйымдастыру
ІІ. Көркемдік кесте тігістерімен сыйлықтық үй тұрмысы бұйымдарын жасау 9 Кестелі түпкиіз түрлері, қолданылуы 1 Түпкиіздің жасалу жолдары
10 Түпкиізді пішу 1 Ыдыстың формасына байланысты жасау
11 Түпкиіздің оюын кестелеу 1 Түпкиізді пішу, ою-өрнегін сызу
12 Түпкиізді астарлау,шетін шет тігісімен тігу, бау тағу 1 Оюы кестеленген бетіне беттестіріп, көктеу
13 Кестелі аяққаптың қолданылуы 1 Ұлттық дәстүрді түрлендіре пайдалану
14 Аяққапқа оюды кестелеу 1 Бұйымды тігу кезінде уақытты тиімді ұйымдастыру
15 Аяққапты астарлау, шет тігісімен тігу 1 Бұйымның астарын тігу
16 Аяққапты шашақтау 1 Шашақтың түрлері, олардың жасалу жолдары
ІІІ. Тоқыма бұйымдарын жасау жұмыстары 17 Тоқу инесімен тоқуға қажет құрал-жабдықтар 1 Тоқу инесінің құрылысымен таныстыру
18 Тоқудың негізгі әдістері 1 Тоқудың шартты белгілері. Тоқу схемасы
19 Сыйлықтық ұшбұрышты орамал тоқу 1 Орамалдың тоқылу формалары
20 Орамал тоқуды аяқтау 1 Орамалдың тоқылу схемасы
21 Сыйлықтық қолдорба тоқу 1 Қолдорбаның үлгісін жасау
22 Қолдорба тоқуды аяқтау 1 Қолдорбаны біріктіріп тігу
23 Мойынорауыш тоқу 1 Енінен бастап тоқу
24 Тоқу түрін таңдау 1 Өзіндік жұмыс
25 Тоқуды аяқтау, мойынорауышты шашақтау 1 26 Қалпақ тоқу, қалпақ өлшемін анықтау 1 Қалпақ формасы
27 Қалпақ үлгісін сызу 1 Қалпақ өлшемін анықтау
28 Қалпақтың екі жақ қабырғасын біріктіру, қалпақты шашақтау 1 Шашақтың түрлері
ІV. Құрақ 29 Құрақ, құрақтың түрлері, қолданылуы 1 Құрақта пайдаланылатын геометриялық фигуралардың анықтамасы
30 Құрақ көрпешенің геометриялық суретін дәптерге салу 1 Геометриялық фигураларды ажырата білу
31 Сурет бойынша құрақ маталарын қырқып дайындау, көрпешенің құрақтарын тігу 1 Көктеу тігісі
32 Құрақ көрпеше жиегіне үшбұрышты тұмаршалар жасау, көрпешеге тұмаршаларды тігіп, астарлау 1 Тұмаршаның жасалу жолы
33 Көрпешеге мақта салып көктеу 1 Көктеу ерекшеліктері
34 Оқушылардың шығармашылығынан көрме ұйымдастыру 1 көрме
Пайдаланған әдебиеттер Касиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1969
Оралбаев Н.А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері
Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы, «Қазақстан» 1977