Сыныптан тыс ?арышкерлер к?ні та?ырыбына ?ткен іс-шараны? жоспары


Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.Көрнекіліктер: суреттер
Барысы:І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ІІ бөлім: Білім сайысы.І - жүргізуші.Құрметті оқушылар сіздерді ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!ІІ - жүргізуші.ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.І - жүргізуші.Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.ІІ - жүргізуші.Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,Құмар болды даңғаза, далбасаға«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,Маңайына бір қазақ бармаса да...Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға –Туған ұлдар аз емес бағымызға,Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.І - жүргізуші.Ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз.Сайыскерлерімізді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейік.1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера ІІ - жүргізуші.«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.І - жүргізуші.Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.ІІ - жүргізуші.Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.Олар:1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;2. Ғарыш жағдайында материалтану;3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.І - жүргізуші.Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.Жырға бөле әр төбесін.Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлерКөтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: ҒарышкерлерСабақтың мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.Міндеттері: а) оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой-өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыруә) Оқушылардың сөздік қорын байытып, тіл байлығын молайтып, ойлауға, армандауға баулу;б) Ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбеккер адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;Көрнекі құралдар: Ғарышкерлер суреті, оқулық, Байқоңыр суретіСабақтың барысыI Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындықАрмысың шапағатты күніміз,Армысың мейірімді жеріміз.Армысың табиғат – анамыз,Келді Сізге өзіңіздің балаңызII Үй тапсырмасын тексеру- Үйге қандай тапсырма берілді?- Алматы- Қане, кім айтады?- 4 - 5 оқушыдан ауызша сұрау- Дәптерлерін тексеріп шығуIII Жаңа сабақБүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық1. Көгі «жүр» дейді 2. Қанаты бар ұшпайды,Қызылы «тұр» дейді су астында қыстайды.(бағдаршам) (балық)3. «Бейбітшілік құсы» деп, 4. Күндіз бәрі қашадыАтайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады(көгершін) (жұлдыз)5 Құс сияқты, құс емес, 6. Көреді бәрін өзгенің,Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін.Қақпайды бір қанатын (көз)Жүрсе де тым биікте(ұшақ)7. Киелі бір жануар,Үстінде екі тауы бар.(түйе)8. Қиналмай көтеріп,Өзінен ауырдыЖорғалап кетедіЖүкшідей кәдімгі(құмырсқа)1. б а Ғ д а р ш а м2. б А л ы қк ө г е Р ш і нж ұ л д Ы з5. ұ Ш а қ6. К ө з7. т ү й Еқ ұ м ы Р с қ а- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен?- ҒарышкерлерБалалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?Өз ойларын сұрау- Ғарыш айлағы дегеніміз не?Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?Қалай аталады?Байқоңыр.Жарайсыңдар, балалар.Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтылып кетеді.Сергіту сәті:Аспан, аспан арайлымСаған жиі қараймынСені көзбен шоламынМен ғарышкер боламын.Дәптермен жұмысҒарыш станциясының суретін салғызуIV БекітуОйын: «Егер мен ғарышкер болсам......»Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрауӘр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады.1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?3. Ғарышкерлер қандай болу керек?4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?V ҚорытындылауБалалар, сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?VI БағалауӘр оқушылардың жұлдызша арқылы бағалаймын.