Мектепалды даярлы? сыныбында математика саба?ы



Негметова Алмагүл Салахқызы
ЖББ Бұлдырты орта мектебінің МАДС тәрбиешісі.
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы.
1- ден 20- ға дейінгі сандар
Білім беру саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік орта.
Бөлімі: ҚМҰҚ ,тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру .
Мақсаты: Екінші ондық сандарының өқылу және жазылуымен таныстыру, 20 көлемдегі реттік санауды бекіту.Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,жазуға қолдарын жаттықтыру,табиғатқа деген аяушылық сезімін қамқорлыққа тәрбиелеу .
Түрі: ойын - сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын, көрсету ,санату, мадақтау.
Көрнекілігі: кеспе сандар,суреттер,кейіпкерлер,парақшалар,моншақтар.
Көп тілділік компонент: сандарды үш тілде айтады.


Оқу іс - әрекетінің түрлері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
«Сәлем сөздің - анасы» демекші,алдымен қонақтарға амандасайық.
Жарайсыңдар! Жақсы тілек айттыңдар. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман есен болайық!
Бейбітшілік сақтайық.
Ұйымдастыру кезеңі Балалар, бүгін біз өткен жаңа тақырыпты жалғастырамыз.
1-ден 20- ға дейін тура санау,
1-ден 20- ға дейін кері санау,
Сандардың көршілерін атау,
Сонда 20саны 2 және 0 санынан тұрады.
Жарайсыңдар балалар,
енді біз математика әлеміне саяхатқа пойызбен шығамыз.Ол пойызға міну үшін билет сатып алу керек.Үстел үстінде шығаратын есептер жатыр,жауаптары вагон нөмері болады.
1-ші бекетте бізді Мақтақыз қарсы алады.Ол әшекей бұйымдарды жақсы көреді екен. Балалар, сендер қыздар тағатын қандай әшекей бұйымдарды білесіңдер?
Мақтақыз ренжулі өйткені моншағын үзіп алған екен, сендер әрқайсыларын
Мақтақызға моншағын түгендеп, берейік.

2- ші бекетте біз пойыз терезесінен құстарды көреміз.
Ал енді біз ұядағы құстарды қосу тәсілін қолданып санап алайық.
3-ші бекетте бізді ертегілер әлемінен Алдаркөсе қарсы алады.
Ол бізге тапсырма дайындап қойыпты, «Фигураны тап» деген:
Ол қызыл түсті бұрыштары жоқ .
Үштен артық бұрышы бар фигураны ата.
Жұмыртқа пішініне ұқсайтын фигураны ата.
Үш кесіндіден құралған фигураны тап.
Біз Алдаркөсенің тапсырмасын білеміз екен.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оң аяқта бес бармақ,
Сол аяқта бес бармақ.
Бесті - беске қосқанда,
Болып шықты он бармақ.
4-ші бекет: көркем жазу бекеті.
5-ші бекет: Логикалық көңілді есептер .
-Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатыспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
Алма ағашта бес алма,
Қандай жесе тәтті алма.
Бесеуінде жеп қоям
Қалады сонда неше алма?
Табақта 10 өрік
Қолымда 5 өрік
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады,
Аяқ нешеу, бас нешеу,
Жауабын кім табады?
Жол ұзын ба,қол ұзын ба?
Алма үлкен бе,түйме
үлкен бе?
Шаш ұзын ба, қас ұзын ба? 6-ші бекет: Жарысу (кім көп есеп шығарады). Қазақ,орыс,ағылшын тілінде тура және кері санайды.
Сандардың көршілерін таба білді.
Балалардың жауабы.
сырға,
білезік,
алқа,
шашбау,
моншақ,
Мадина, Жанерке,
Алмаз, Нұрлыбектер үзілген моншақты реттік санау арқылы инемен жіпке тізеді.
№1тапсырманы орындайды.
Балалар білетін құстарды атайды
№2 тапсырмадағы есепті шығарады
Балалар Алдаркөсені сипаттап береді.
дөңгелек
шыршы,төртбұрыш
сопақша
үшбұрыш
№3тапсырманы орындайды.Заттар мен фигураларды сызықпен қосу.
Қимылмен дене жаттығуларын жасайды.
№4тапсырма
Логикалық есептерді зейін қойіп тыңдап,зерек ойлап,әрбір логикалық есептің жауабын тез таба білді.

4балапан
0 саны
.
15өрік
4бас, 8аяқ

- жол
- алма

-шаш
парақшамен жұмыс
Оқу іс – әрекетін қорыту Балалар, біз бүгін қайда бардық?
Кімдерді көрдік?
Сендерге саяхат ұнады ма?
Жарайсыңдар!
Балаларды мадақтау.
Балалар, келген апайларға жүрек жарды сезімізді айтып,шығарып салайық. Пойызбен бекеттерге тоқтадық.
Мақтақызға көмектестік.
Алдаркөсе, құстарды көрдік.
Ұнады.
Қол ұстасып тұрайық,
Қатарды біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура,кері санауды,қосып, азайтуды, геометриялық фигуралар түрлерін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қоршаған ортада фигураларға ұқсас заттар түрлерін ажырата білуді.
Меңгерген қандай дағдылары мен іскерліктерін қолданды: Геометриялық денелер түрлерін таныды.