6 А сыныбыны? сынып жетекшісі Каюбалиева Гулназ Табылдиевнаны? жылды? есебі


Батыс Қазақстан облысыКазталов ауданы Жалпақтал ауылыҒ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі Каюбалиева Гульназ Табылдықызының Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай «ыстық қайрат нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы-өмір сүрүдің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру – ұстаздың міндеті екені даусыз. Сынып жетекшісі ретінде осы қағиданы берік ұстана отырып, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу, нұрлы ақыл-санасын білім нәрін құю, жылы жүрек- эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру»-деп түсінемін. І. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мақсатым: Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы оқушы дүние танымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, иманды, қайырымды, білімді, салауатты “Қазақстан-2030” ұрпағын тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінің құрылымы осы үрдістің шешімін табуға бағытталған міндеттерінің реттігін көрсетеді. Сынып жетекшісі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйтқысы болғандықтан, біздің сыныптағы тәрбие үрдісі мынандай бағыттары төмендегідей: 1.Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі 2.  Ұлтжандылық тәрбиесі. 3. Рухани – адамгершілік тәрбиесі. Оқушыларды ғылым, мәдениет, өнер аясында қоғамдық құндылықтарға бейімдеу. Өмірлік ұстанымы-жеке тұлғаның құқығы. Жеке тұлғаның мүмкіндігі мен қалауын әлеуметтік талаптарын ескере отырып, бейімділігін, қабілеттілігі мен қызығушылығын дамыту. Оқушылардың жеке және қоғамдық түсінігін дамытатын танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Дидактикалық жүйе 2.Тәрбиелік жүйе. 3.Қарым-қатынас жүйесі. Ата-аналардан сауалнама алу арқылы отбасының тәрбиелігін зерттеп, олардың жауапкершілігін арттыруға болады. Өзім жетекшілік ететін сыныптың ата-аналарын бала тәрбиесі мәселесінде қызықтыру мақсатымен анкеталық сұхбат жүргіздім. Әртүрлі анкеталық сұрақтар таратылды.Мысалы: «Балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?», «Бала кезіңізде қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз, балаңызға үйреттіңіз бе?»-деген сұрақтар қою арқылы ата-аналарды ынталандырып, жауаптарын білдім. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмысы жоспарымда:1-ден оқушылардың отбасын зерттеу;2-ден ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;3-ден сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;4-ден ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу, тәрбие үрдісінің барысымен жүйелі таныстыруды қамтамассыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылған. ІІ. Бала тәрбиесіндегі негізгі міндеттерім: Бірінші міндет - тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Екіші міндет - ұжымды ұйымдастыру және дамыту; Үшінші міндет - оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау. Төртінші міндет - патриоттық тәрбиені нығайту. Оқушылардың бойында ұлтаралық және этникалық қарым-қатынас мәдениетін көтеру Алтын күз Туриада «КТК» ойындарының жеңімпаздары «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» ашық тәрбие сағаты "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ" АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ Жаңа жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні! «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз»