«Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілерге баулу»
Тақырыптық жоспар
№ Ай аттары Тақырыптары Мақсаты Өтілу түрі Ойындар Өтілу орны Сағаты
1 Қыркүйек «Оқтау ұстаған түлкі» Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнын түсініп әңгімелеп беруге үйрету.
Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
Білімділік: Өтілген ертегілерді еске түсіру. Балалардың ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру.
«Оқтау тартыс» Муз зал 1
2 Қыркүйек «Екі дос» а) тәрбиелік: Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
ә) дамытушылық: Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру
б) Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, теориялық білімдерін байқау. Рөлдік ойын «Достық» Топта
1
3 Қыркүйек «Үндемес ит» Ертегіні түсініп сахналауға дағдыландыру, үй жануарларына деген сүйіспеншілігімен қамқорлығын арттыру. Сахналау «Аңдар» Муз зал
2
4 Қазан «Қарт ұстаз» Қазақ ертегілерін балалардың бойына сіңіру, ертегіні оқу, түсіндіру, есте сақтау қабілетін дамыту, сыйластыққа тәрбиелеу. Слайд арқылы көрсету «Менің жанұям» топта 1
5 Қазан «Мысық пен тышқан торғайға неге өш» Балаларды ертегі кейіпкерлердің рөлінде сомдап, олардың іс- әрекеті мен қимылдарын салу арқылы ойлау және есте сахтау, қабілеттерін дамыту. Қуыршақ театр «Ұяшық» Муз зал
1
6 Қазан «Ертең мен бүгін» Ертегіге шағын өлеңдер келтіре отырып, бастапқы түсінік беру,шығарма жанырларын, ажырата білуге үйрету. Сурет ретінде қойылым «Серуен» топта 1
7 Қараша «Мысық пен тышқан» Балалар ұшқыр ой қиялын, тапқырлығын,өскелең ұрпаққа үлгі етуіне тәрбиелей отырып, ертегінің мазмұнын түсініп, өз ойларын толық жеткізуге үйрету. Көлеңке театр «Шалшық -тар» Муз зал
1
8 Қараша « Құмырсқаның тіршілігі» Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, жәндіктердің де тыныс тіршілігімен таныстыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Үстел үстінде «Ақ қаудан» топта 1
№ Ай аттары Тақырыптары Мақсаты Өтілу түрі Ойын Өтілу орны Сағаты
9 Қараша «Алты түлкі» Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, әдеби шығармашылыққа, ойлаған ісін жүзеге асыруға тілдік шеберлікті дамытуға бағыттау. Сахналау «Саусақ» Муз зал 2
10 Желтоқсан «Тау қаңбақ және түлкі» Балаларды халық ауыз әдебиетінің,ертегілердің ерекшелігін түсіндіріп ,қызығушылығын арттыру, жанырларды ажырата білу.Достық қарым-қатынастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Схема «Қыдырмақ» Топта
1
11 Желтоқсан «Балықшы мен балық» Ертегіні сахналау барысында , оның көркемдік сөзіне мән беріп, адамгершілікке, сүйіспеншілікпен,қамқорлыққа тәрбиелеу. Рөлге сомдау «Балық аулау» Муз зал
2
12 Желтоқсан «Түйе мен тышқан» Балалардың тілін ширатып,ертегіге деген қызығушылығын арттыру.Жануарларға қамқор көрсетуге тәрбиелеу. Слайд арқылы көрсету «Кездесу» топта 1
13 Желтоқсан «Ақылды қыз» Балаларды ертегі кейіпкерлердің рөлінде сомдап, олардың іс- әрекеті мен қимылдарын салу арқылы ойлау және есте сахтау, қабілеттерін дамыту. Саусақ театр «Гүл» Муз зал
1
14 Қаңтар «Кімнің мекені жақсы» Ертегінің мазмұнын түсіне отырып, жақсы мен жаманды ажырата білуге, шынайылықты сезіне білуге үйрету. Көлеңке театр «Үй мен қақпа» топта 1 15 Қаңтар «Көңілді ғарышкер әткеншегі» Балалар ұшқыр ой қиялын, тапқырлығын дамыту, ертегінің мазмұнын түсініп, өз ойларын толық жеткізуге үйрету. Қуыршақ театр «Жасырынбақ» Муз зал
1 16 Қаңтар
« Шибұт, қылмойын, қарынбас» Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, жәндіктердің де тыныс тіршілігімен таныстыру. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сахналау «Таспақа» топта 2 № Ай аттары Тақырыптары Мақсаты Өтілу түрі Ойын Өтілу орны Сағаты
17 Ақпан
«Түлкі кене құмырсқа» Балалардың түсініктерін кеңейте отырып, аңдардың тіршілігін олардың іс-әрекеттерінадам өмірінде де кездесетінін толық түсіндіру. Үстел үстінде «Кездесу» Муз зал
1
18 Ақпан «Аң патшасы арыстанның аңқаулығы» Ертегі әр түрлі қойылым арқылы жануарлардың бет бейнесі мен тіршілігін балаларға жеткізе білу ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. Фланеграф «Жасырынбақ» топта 1
19 Ақпан «Күн, ай және әтеш» Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, туыстық қарым- қатынастыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Фланеграф «Күн шуағы» Муз зал 1
20 Наурыз “Ер Төстік” Тәрбиелілігі: балаларға эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту ,балалардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Білімділік:Балаларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру. Сахналау «Топтасып көрейік» топта 2
21 Наурыз «Қаңбақ шал» А)Жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейді. ә)балалардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Б)Балаларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру. Көлеңке «Ұшақ» Муз зал 1
22 Наурыз «Алтын сақа» Тәрбиелігі: Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылығын , ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Білімділік : Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Сахналау «Сиқырлы қоржын» топта 2
23 Сәуір «Алдар көсе» Тәрбиелік: Балаларды Адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылығын , ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Білімділігі:Мақсат қазақ тілін бүлдіршіндерге мультфильмдер мен ертегілер арқылы үйрету. Қуыршақ театр «Сиқырлы дорба» Муз зал 1
24 Сәуір «Күн астындағы Күнекей қыз», Тәрбиелік: Балаларды Адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылығын , ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Білімділігі:Мақсат қазақ тілін бүлдіршіндерге ертегіні тыңдау арқылы үйрету. ертегінітыңдау «Кездесу» топта 2
25 Сәуір Тау, қаңбақ және бүркіт А) Балаларға ертегідегінегізгі ойды, идеяны ұғындыру
ә) балаларды еңбексүйгіштікке, тұрақтылыққа
тәрбиелеу
б) Қоршаған ортаны танып білуге ынталарын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту
сәтті күн «Мен қамқор баламын» Муз зал 1
26 Мамыр Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым. Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Білімділігі: Балалардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау. Саусақ театр «Нағыз дос болайық» топта 1
27 Мамыр Үш жетім Тәрбиелігі: Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылығын , ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Білімділік : Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Үстел үсті «Жылы сөздер» Муз зал 2
28 Мамыр Екі дос а) тәрбиелік: Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу
ә) дамытушылық: Сауатты көркем жазуға баулу. Өз бетінше орындау
дағдыларын қалыптастыру
б) білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, теориялық
білімдерін байқау.
фланеграф «Серуен» топта 1
-549910-530860 Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
№5 « Ақбота» Мектепке дейінгі ұйымы
Бекітілді:
Хромтау аудандық білім ,
дене шынықтыру және
спорт бөлім бұйрығы№ «____»
«____» «________» 2013жыл
Бағдарлама: «Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілерге баулу»
Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
әдістемелік кабинеті ұсынған
Құрастырушы:Тәрбиеші: Коспанова Гаупар Орынбековна
Пікір беруші:Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімнің кабинет әдіскері: Г.С. Барикова.
Кеңес беруші:Хромтау қаласы №5 «Ақбота» МДҰ әдіскері: С. Т. Есжанова.
_______________________________________________________________________
№5 «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының (педагогикалық) кеңесте талқыланды.
Хаттама №__________ «___» ___________2013ж
Меңгеруші: ___________ С.С. Баймағамбетова
(қолы) (аты,әкесінің аты, тегі)
________________________________________________________________________
Аудандық сараптау комиссия отырысында келісілді:
Хаттама № ___ «___» «________»2013ж
Сараптау комиссия төрайымы________ _______________________
(қолы)(аты,әкесінің аты, тегі)
Кіріспе
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз.Жалпы ертегілер тобында салт ертегілерінің орны өзгеше. Хайуанат жайындағы ертегілер - барлық елдердің ауыз әдебиет қорындағы сияқты, қазақ халқының ауыз әдебиет қорында да ескі ертегілер түрінің бірі.Қиял-ғажайып ертегілеріне қосылатын ертегілер көбінше көне замандар айғағы, барлық ертегілер тобының ішінде аса ескі заман ұғым-нанымдарын, тұрмыс-болмыстың ең көне түрлерін көрсететін әңгімелер. Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ғылыми болжамы:Ертегілерді оқыту арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға, адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды жастайынан бала бойына сіңдіруге қол жеткізуге болады.
Әдіс-тәсілдері:ҰОІӘ -детүсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік ,ойын, ертегіні сахналау, үлкендердің еңбегін көрсету арқылы балаларға ұғындыру.
Құрамасы:Жұмыс кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мақсаты:
Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы
ертегілерді оқыту барысында пайдаланып,
балалардың тіл байлығын арттыру.
Міндеті:
- Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасын;
- тіл байлығын арттырудағы тәрбиелік мәнін;
- ертегілердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын шешіп
алу қажет.
Нәтижесі:
Білу керек; Балалар ертегіні дәріптеп, құрметтей білуі керек.
Игеру керек;Көркем әдебиетті сүйе білу,оның қасиеттерін игеру.
Меңгеру керек;Мәтінді ұқыпты тыңдап,өз ойын еркін меңгеру.
Алған білімдерінен альбомдар, ертегіге арналған
көрме ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы: «Алты түлкі»
мақсаты: Аталған сабақта баланы әдеби шғармашылыққа , шығармашылық ойды жүзеге асыру ( ой мен сезімді беру ) үшін тілдік шеберлікті дамытуға бағдарлау.
Керекті құралдар: Ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер .
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ – жауап, ойын .
Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер бойымен тұрып бір – бірімен күлімдей қарап, жылы сөздер айтады.
Арай сәлем, мен саған денсаулық тілеймін
Рахмет !
Арман сен үлкен азамат бол;
Рахмет!
Гүлсана мен саған ашық аспан тілеймін;
Рахмет!.....
Ұйымдастыру кезеңі :
Балаларды орындарына отырғызып тәрбиеші олардың назарын өзіне аударып, бүгінгі ауа-райын бекітеді.
-Балалар бүгін біз сендермен «Алты түлкі»- ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші ертегіні мәнерімен оқып шығып ертегіге байланысты суреттер көрсетеді.Ертегіні балалар түсіну үшін тағы бір мәрте оқып шығады. Ертегідегі түлкілердің түр – түсін, мінез құлықтарын талдау және схема арқылы көрсетіп түсіндіру.
Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегіде қай аң жайлы айтылған?
Ал сендер ормандағы аңдардың қалай жүретінін білесіңдер ме?
Барлығымыз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Ормандағы аңдарды Жақынырақ билейік, Айтыңдаршы балалар. Аю қалай жүреді,жүреді Түлкі қалай жүреді, Қоян қалай жүреді, Міне былай жүреді.
(БАЛАЛАР ӘР АҢНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН САЛАДЫ) Ал енді балалар «Саусақтар» ойынын ойнайық.
Саусақтарым тұрыңдар,
Қане, қайрат қылыңдар.
Бас бармағым суға бар,
Балан үйрек ағаш жар.
Ортан терек пеш жағып,
Шылдыр шүмек нанға бар.
Кішкене бөбек тәтті ал,
Би биле де, әнде сал. ( екі қолдағы саусақтарды кезек-кезек бүгу. Соңғы шумақта саусақтардың барлығын бірдей қозғалту.)
Қорытынды:
Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық? Ертегіде неше түлкі бар?
Ертегі не арқылы көрсетілді?
Түлкінің мінез құлықтары қандай?
Түлкінің өз досын мазақ еткені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Ал шолақ түлкі достарына не істеді?
Өз достарыңды мазақ етіп күлуге, алдауға болады ма?
Балалардың жауабы.
Тақырыбы:Тау қаңбақ және түлкі.
Мақсаты: Баларды халық ауыз әдебиетіне деген ертегілерді ерекше түсінік беріп
жанырларды ажырата білуге үйрету.
Керекті көрнекіліктер: ширма , үнтаспа, жарық, кейіпкейлер бейнесі.
Әдіс- тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ – жауап,ойын .
Шаттық шеңбер:
«Нағыз дос болайық!»
Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең зиянды дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейрімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз сараң дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз жақсы дос болып.
Ұйымдастыру кезеңі:
Әңгімелесу:
Балалар сендер мақтаншақ деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сендер өздерің достарыңа мақтанасыңдар ма?
Әңгімелеу:
Тәрбиеші: «Тау қаңбақ және түлкі» ертегісін әңгімелей отырып көлеңкелі қойылымда көрсетеді.
«Тау қаңбақ және түлкі»
Бір қаңбақты жел айдап, үлкен- үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетеді. Мұны көріп тұрған Тау;
Е, Қаңбағым, қайдан жүрсің, неге келдің?- деп сұрайды. Қаңбақ тұрып:
Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шықтым.Алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі сені іздеп келдім,- дейді.
Тау бұған жымыңдап күледі. Сол кезде құйын соғып, Қаңбақты дедектетіп аспанға алып шығады. Аспаннан қайта жерге әкеліп, әрі – бері аунатады. Ойға – қырға домалатады. Ақыры өлдім- талдым дегенде, бір шақ тобылғының басына іліп, жайына кетеді. Қане, қашып қабағы түскен Қаңбақтың қасына жымыңдап қу түлкі келеді.
-Е,Қаңбағы, неғып жатырсың?- дейді.
Қаңбақ:
-Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып атын естіген таумен әдейі келіп алысып едім.Жеті күн дегенде әрең жығып, желкесінен басып жатырмын,- дейді.
- Болса болар сен мененде өткен қу екенсің бәлем,- деп күледі. Қолайлы жер болмаған соң тобылғыны ұстап жатырмын.
Сол кезде құйын соғып, Қаңбақты тағы да дедекте те жөнеледі.
Түлкі тұрып:
Е, батыр, қайда барасың Тауды тастап. Ол орнынан тұрып кетпейді ме№- дейді.
- Еш етпес, менің алдымда алысатын көп алыптар бар. Асығып барамын!- деуге ғана шамасы келді қаңбақтың.
Міне, осылай Өаңбақ жөніне ұша жөнеледі.
Тау менен жұрттың бәрінен қулығын асырған қу түлкіде қала береді.
Ертегіде қандай кейіпкерлер туралы айтылған?
Қаңбақтың ісін дұрыс деп ойласыңдар ма?
Ертегідегі Қаңбақты жағымды кейіпкер деп атауға бола ма?
Ойын: «Қыдырмақ»
Бір, екі үш, төрт,бес
Саусақтар ойы қыдырмақ
1,2,3,4,5
Ойнады олар тығылмақ.
Қорытынды.
Тақырыбы. «Балықшы мен балық»
Мақсаты: Ертегіні сахналау барысында оның көркемдік сөзіне мән бере отырып, адамгершілкке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тал, су, қармақ, балық, тас, схема , малберд
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбер.
«Балықтар»
«Балықшы мен балықтар». Ойын шартымен танысады, ойнайды.
Мақсаты: Балықтар балықшыны қоршап тұрады. Белгіден кейін балықшы балық ұстап алу керек. Бүгін не туралы айттық? Қандай балықтарды білесіңдер?
-Балықтың қандай пайдасы бар? (Дәруменге бай,йод көбейтеді,балық майымен балалар денесін сылайды)
Ұйымдастыру кезеңі:
Әңгімелеу: Тәрбиеші «Балық пен балықшы» ертегісін түсіндіріп оқу. Сұрақ – жауап алу.
«Балықшы мен балық»
Ерте заманда сирағы шыққан жалшы балықшы болыпты.Ол күнде өзен жағасында отырып балық аулайды екен. Бірде қармағына бірде балық ілінбей үйіне бос қайтатын болыпты. Бір күні балықшының қармағына балық ілініпті .
-Суға қоя бер ,- деп жалыныпты.-Мен қазір кішкенемін. Мені алғаныңмен саған түсер пайда аз. Жесең – аузыңа жарамайды. Сатсаң – пұлға жарымайды. Қоя берсең – мен өсемін үлкен боламын. ?Сонда, жесең тоясың , сатсаң –пұлға малығасың.
Балықшы сонда :-Жоқ, балығым,мен сені сарыға айлар бойы ,күндер бойы күттім сол есеппен мен сені жібере алмаймын .Көп пайдадан дәметіп ,- аз пайдадан айырысу ақылдының ісі емес, - депті.
Ойын: Балық аулау.
Қортынды: Ерте өте қызықты екенін оның мән мағынасынан білуге болады. Шешенінен судан таймас деген мақал осыған келіп тұр. Сарғайып күткен балықшы несібеге кенелді десекте болады. Азды көптей көргені өте дұрыс деп айтуға болады.
. Балықшының орнында болғандарыңда не істер едіңдер?
. Балықшы неліктен балықтың айтқанын тыңдамады?
. Мәтінде не туралы айтылған?
Тақырыбы: «Түйе мен тышқан.»
Мақсаты: Баланың тілін ширатып ертегіге деген қызығушылығын арттыру.Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: түйе,тышқан,сиыр,ат,әтеш,жолбарыс,доңыз,маймыл,қой,қоян,ұлу т.б.теледидар,девиди, үнтаспа.
Әдіс- тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгіме,ойын
Шаттық шеңбер.
Аңдар.
Мысық отыр жайғасып, Қолымен құлағын сипалап. Қимылды байқап жасайық, Жасайық соны қайталап. 1,2,3 қане ,қайтала (3рет). Тағы қайтала
Ұйымдастыру кезеңі.
Әңгімелеу:тәрбиеші ертегіні түсіндіре отырып үстел үстінде көрсетеді сұрақ-жауап алады.
« Түйе мен тышқан»
Ерте-ерте,ертеде адамдар әр жылды жан-жануарлар атымен атауды ұйғарды. Олар он бір жылға он бір жан-жануардың атын береді.Он екінші жылдың атамақ болғанда,түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып , бір-бірімен айтыса бастайды.Адамдар олардың екеуін де өкпелеткісі келией, түйе мен тышқан:-Егер шығар күннің басы сонымен аталсын,-деп келісті.Түйе басын шығысқа беріп,күннің шығуын күтеді.Түйенің өркешіне білдірмей шығып алған тышқан да шығыстағы таулардың шығар басынан көз айырмайды.Күннің алғашқы шапағы тауларың шыңдарына түскен кезде,тышқан бірінші болып :-көрдім, мен көрдім бірінші көрдім!-деп айқай салады. Өйткені ол түйенің өркешіне шығып алған еді.Түйе өзінің ұтылып қалғанына ызаланып, тышқанды аяғымен тапап өлтірмекші болады. Бірақ тышқан қашып барып, үйілген күлдің астына тығылып қалады.Содан бері түйе күл көрсе,тышқанды тапамақ болып, күлге аунайды. Ал жылдың басы түйе емес тышқан болыпты. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты.
Түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
. Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба?
Ойын:Кездесу.
Екі мысық кездесті мияу- мияу, 3рет Екі күшік: ав- ав Екі қозы: мә-мә-мә! Екі жолбарыс:р-р-р!
Екі өгіз:мө-мө-мө. Өзі семіз Мүйізін қара:ой-ой-ой!
Қорытындылау: Ертегідегі жағымды жағын өз бойларыңа сіңіріп, жаымсыз мақтаныш жағын естеріңе сақтап ажырата біліңдер. Түйенің іс әрекеті мақтаншақтың ісіне ұқсайтын естеріңнен шығармаған жөн. «Бойыңа сенбе,ойңа сен» деген сөз осыдан шыққан.
Тақырыбы: «Кімнің мекені жақсы»
Мақсаты:Ертегіні схема арқылы көрсету барысында тәрбиеші схеманың жолдарын түсіндіре отырып,әдептілікке сыйластыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ширма , үнтаспа, жарық, кейіпкейлер бейнесі.
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбер.
«Кездесу»
Екі мысық кездесті мияу- мияу, 3рет Екі күшік: ав- ав Екі қозы: мә-мә-мә! Екі жолбарыс:р-р-р! Екі өгіз:мө-мө-мө. Өзі семіз Мүйізін қара:ой-ой-ой!
Әңгімелеу:-Балалар сендер өздеріңнің үйлеріңді жақсы көресіңдер ме?
Әңгімелеу: тәрбиеші «Кімнің мекені жақсы» ертегісін схема арқылы көрсетеді.
«Кімнің мекені жақсы»
Ертегі.
Бір күні құрбақа,тышқан,құмырсқа-үшеуі кімнің жақсы мекені,жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты.
Құрбақа секіріп,тышқан жорғалап,құмырсқа қыбырлап ұзақ жүрді.Талай шұңғыр,талай төмпешік артта қалды.
Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болды.Шалшықтың маңынан борсыған иіс келеді.Шет жағында жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтаннан басқа бұл маңда ештеңе көрінбейді.
-Дүниедегі ең бір қолайсыз жер осы болар-ау,иісі қандай сасық еді,қолқаңды атады,-дептышқан мұрнын тыржитты да,көкқұтанның қасына келді.
-Көкқұтан,жер бетінде кімнің мекені жақсы,кімнің қонысы жайлы?-деп сұрайды.
-Соны да сөз деп сұрап тұрмысың?Ең жақсы мекен,жайлы қоныс осы жер емес пе!
Иісі қандай жақсы- көкірегіңді ашады.Суы қандай тәтті-жертатиды.Батпағы қандай жұмсақ-нағыз май батпақ,-деді де,ұшып барып шавлшықтың екінші жағына қонды....
Тышқан ініне кіріп:
-О,шіркін!Дүниеде менің мекенімнен артық жер жоқ жайлы әрі қараңғы,өзі қауіпсіз,-деді.
Құмырсқа өз илеуіне келіп:
-О,шіркін!Дүниеде менің иелеуімнен жақсы мекен,жайлы қоныс бар ма екен?өзі биік,өзі жұмсақ-дейді.
Ал құрбақа өз орнына секіріп келіп:
-О,шіркін!Дүниеде менің орнымнан жақсы мекен,жайлы қоныс бар ма екен?
Өзі салқын,өзі дымқыл,өзі көлеңке,-деді.
.Өз тұрған мекендері неге несімен ұнайды екен қалай ойлайсыңдар?
Ойын:
«Үй мен қақпа» Алаңдағы ақ үйдің. Жабық екен қақпасы Қақпаны тез ашайық. Үйге қонақ шақырып. Бауырсақты шашайық.
Қорытындылау.
Балалар біз бүгін «Кімнің мекені жақсы?» атты ертегіні схема арқылы көрсеттік.Бұл ертегі әр адам өз үйін жақсы көру керектігін ұғыну «өз үйім өлең,төсегім» деген мақалда осы ертегіге байланысты десек қателеспейміз.Сіздердің өз үйлеріңе деген сүйіспеншіліктерің арта түссін деген үміттемін.
Тақырыбы: «Көңілді ғарышкер әткеншегі.»
Мақсаты:Балаларды мультфильмге баулу арқылы оны түсіне көріп сұрақ-жауаптар арқылы ой сезімдерін дамытуға бағдарлау. Керекті құралдар:таспса,теледидар,девиди. Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ойын,әңгіме.
Шаттық шеңбер.
Ұшақ
Ұшты-ұшты не ұшты? Ұшты-ұшты ұшақ ұшты. Ұшты-ұшты не ұшты? Ұшты-ұшты зымыран ұшты. Ұшты-ұшты не ұшты? Ұшты-ұшты құстар ұшты.
(тәрбиеші сұрағын қояды балалар жауап қайтарады тәрбиеші әр-бір жауаптың суретін көрсетіп тұрады.) Ұйымдастыру кезеңі.
Әңгімелеу: тәрбиеші ертегіні таспа арқылы көретіндерін айтып, сұрақ-жауап алу.
Көңілді ғарышкер әткеншегі ертегі.
Көктемнің жылы кештерінің бірінде қояндар көжектерімен серуенге шықты.Аспанда жұлдыздар жымыңдайды,орақ ай жарқырап тұр. -Ай ораққа ұқсайды,-деп,кішкентай көжек байқағыштығын білдірді. Айдың жанына жіңішке тайақша қойсақ,Р әрпі шығады,-деді көжектердің біреуі. Бәрі ойша айдың жанына таяқша сала бастады.Бірақ бұл әрекет оларды жалықтырып жіберді . -Ойын ойнайықшы,-деп, кішкентай көжек ұсыныс тастады.-«Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнайық,-деді әке-қоян. -Ол қандай әткеншек?-деп, көжектер шу ете түсті. -Қазір үйретемін.Сендер қандай планетаны білесіңдер? –Жер мен Ай,- деді бір көжек ақырын ғана. -Жерді планета дегенің дұрыс, ал Ай планета емес. Ол –Жердің серігі,-деп анасы түсіндірді. –Марс пен Шолпан. -Юпитер мен Сатурн. -Күнге ең жақын орналасқан қай планета?-деп сұрады анасы. -Меркурий!-деп, мақтанышпен айғай салды тағы бір көжек. -Ал мен Уран,Нептун,Плутон деген планеталарды білемін.Олар өте алыста орналасқан, сондықтан оларды телескоп арқылы ғана көруге болады,-деді ересек көжек . -Жарайсыңдар! Деді әке-қоян. -Ал енді әрқайысың бір-бір планета боласыңдар.Сонан соң ойынды бастаймыз.
Қызық басталды да кетті.Барлық көжек «Жер боламыз» деп таласты.Бәрі Юпитер болмақ болды.Өйткені ол планеталардың ішіндегі үлкені екен. Рөлдерді бөлу билігін әке-қоян өзі алды.Жер-ана –қоян. Жер де,ана да мейірімді ғой. Планеталардың ішіндегі жылдам қозғалатын Меркурий ересек қоян болды.Шолпан-кішкене көжек.Шолпан планетасында найзағай жиі ойнап тұрады.Осыған кішкентай көжек қызықтап қарайтын.Осылайша көжектерге планеталарды бөліп,әке-қоян өзі Марстың рөлін алды.Ол биік тауларды жақсы көретін.Марста тау жоталары көп және оның топырағы қызыл түсті.-Бізге жылу мен жарықты беріп тұрған Күн ше?-деді кішкентай көжек.Әрі-бері ойланып,Күн әжесі болатын болды.Әжесібірден келісіп ортаға Күннің орнына жайғасты. «Планеталар» орындарын тауып тұра қалысты.Аулада «Көңілді ғарыш әткеншегі» айнала жөнелді.
Ойын: Зеңгір аспан көгілдір Алтын күн төрінде Тамылжытып төгіп тұр. Шаттық сыйлап көңілге Көк аспандай көгілдір Қазақстан байрағы Тұрса күндей төгіп нұр. Жандарымыз жайдары.
Қорытындылау.
Тақырыбы: «Шибұт,Қылмойын, Қарынбас»
Мақсаты: Ертегіні рөльге сомдау үшін есте сақтау қабілетіне ерекше көңіл бөлу. Әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: қорадағы қой, ішек қарны, үй, тал.
Әдіс –тәсілдер:Сұрақ – жауап, ойын, әңгіме.
Шаттық шеңбер
«Менің достарым»
Кел балалар, балалар,
Дос болайық бәріміз
Жарасып жүр әніміз.
Досым жоқ деп қамықпа,
Доссыз өмір болама.
Ұйымдастыру кезеңі.
Әңгімелеу:Тәрбиеші ертегіні әңгімелеп, сұрақ –жауап алады.
«Шибұт,Қылмойын, Қарынбас»
Қарынбас, Шибұт,Қылмойын үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны сойып етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп, қарынды беріпті. Қарынбас қарынды тысқаалып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа басы жарылып, жан тапсырыпты. Қарынбас қалайша кешікті деп,Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып:
Әй әттеген- ай ! – деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрден кетеді. Шибұттың дауысын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
Ойбай бауырым – ай! –деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетеді.
Мақал. «Ұрлық түбі қорлық»- деген осыған айтылса керек.
Ойын: «Таспақа»
Өзінің үйін сүйеді, Жауының іші күйеді. Қуанса басын шығарып, Қорықса қайта тығады.
Қорытынды: Шибұт, Қарынбас ,Қылмойынның істеген істерін дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Олар қорадан не ұрлады?
«Ұрлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
«Ұрлық түбі- қорлық»-деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Тақырыбы: «Құмырсқаның тіршілігі»
Мақсаты:Балаларды еңбексүйгіштікке баули отырып, өзгелердің де тыныс тіршілігімен тыру. Ұйымшылдыққа,ауызбіршілдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құмырсқа, асқабақ дәні, дән инелік.үстел үстінде.
Әдіс- тәсіл: Сұрақ – жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбер
«Топтасып көрейік»
Кімнің мысығы бар...
Ақ көйлектілер ...
Тәттіні жақсы көретіндер.
Футболды жақсы көретіндер.
Балалар топтасып үнсіз қимылды орындайды.
Ағаш аралу;
Алма жинау;
Суға түсу;
Әткеншек тебу;
Сурет салу;
Би билеу;
Ұйымдастыру кезеңі.
Әңгімелеу:Тәрбиеші «Құмырсқаның тіршілігі» ертегісін әңгімелеп,көрсетіп сұрақ –жауап алады.
«Құмырсқаның тіршілігі»
Ертерте ерте де, ешкі жүні келтеде.
Бір кішкене құмырсқа өмір сүріпті.
Бір күні құмырсқа зыр жүгіріп келе жатып жолдан қызғалдақ дәнін тауып алыпты. Оны алып жүре берісімен жолдан үп- үлкен, тәп- тәтті, сарғылт түсті асқабақ дәнін көзі шалып қалады. Құмырсқа қызғалдақ дәнін арқалай бастап еді, жотасына тұрмады. Дән сырғып түсе берді. Осылайша Құмырсқа дәнді көтеріп алып кету үшін көп әуреленеді.Бірақ дәнді жотасына тұрғыза алмайды.Құмырсқа біреудің мысқылдап күлген дауысын естиді.
Қараса жол жиегінде Инелік отыр екен.
Сен бұл дәнді мың рет көтеріп көрдің, ғой, - деді Инелік.
Әліңнің келмейтініне көзің жеткен жоқ па? Мұныңнан ештеңе өнбейді.
Таста дәнді осылай жата берсін.
Жалқаулар ғана ештеңе өндіре алмайды,- деп жауап қатты Құмырсқа. Сөйтіп, дәнді жотасына салып алды да, үйіне қарай арқалап жүріп кетті. Енді дән де бұрынғыдай сырғанамады.
Неге ертегі Құмырсқаның тіршілігі деп аталады?
Құмырсқа асқабақ дәнін үйіне қалай жеткізеді?
Сен Инеліктің орнында болғанда не істер едің?
Ойын: «Ақ қаудан»
Аққауданды аршимыз, Аққауданды тұздаймыз. Аққауданды жентектеп, Әрлі- берлі тасимыз.
Қорытынды: Ертегі сендерге ұнады ма?Ертегінің тақырыбын басқаша атауымызға болады ма? Қалай атауға болады. Сендер де осындай ержүрек еңбекшіл ұйымшыл болуларыңа тілектеспін.
Тақырыбы: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты:Балалар ұшқыр ой қиялын, тапқырлығын, өскелең ұрпаққа үлгі етуіне тәрбиелеу. Ертегіні түсіне отырып толық жеткізуге үйрету.
Көрнекілік: Мысық пен тышқан бейнесі, ширма жарық.
Әдіс- тәсіл: Сұрақ- жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбер
«Достық неден басталады»
Достық танысудан бастала ма? Достыққа қамқорлық жараса ма? Достық төбелестен бастала ма? Достыққа мейрімділік жараса ма? Достық ренжісуден бастала ма? Дос тыққа адалдық жараса ма? Достық күлуден бастала ма? Достыққа татулық жараса ма? Достық мазақтағаннан бастала ма?.... (сөздің мәнісіне қарап «иә» деп қолдарын шапалақ ұрады, келіспесе. «жоқ» деп жауап беріп, шапалақтамайды).
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелеу:Тәрбиеші ертегіні түсіндіре отырып көлеңке театрынан көрсетіп түсіндіреді. Балаларға сұрақ – жауап қояды.
«Мысық пен тышқан»
Мсық пен тышқан ежелдене- ақ біріне- бірі өш болыпты. Бір күні мысық іздеп барып, тышқандарға жар салады.
Бұдан былай, араздықты қоялық, тату- тәтті өмір сүрейік Сол үшін біздің ауылға келіңдер депті.
Оны естіп алған жас тышқандар:
Мысықтар жаулық райынан қайтыпты тату болғанымыз жөн. Шақырып кетті ғой көңілін қалдырмай барайық, - деп құлшынады.
Бір кәрі тышқан тұрып қойыңдар мысықтың айласы болар артын күтіңдер.... Тіл алсаңдар бармаңдар!- дейді.
Жас тышқандар тыңдамай қонаққа келеді.
Қош келдіңдер ағайындар! Мына үңгірге кіре беріңдер. Бұл біздің үйіміз!- деп , өзі бастап кіреді. Тышқандар үңгірге кіріп болған соң есігін бекітіп тастайды.
Е, қулар, амалымды асырдым ба? –деп тепсінеді де мысықтар лап қояды. Ал кәрі тышқандар аман қалады. Содан бері «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» деген сөз қалыпты. Үлкенді тыңдамаған ұмытылмаса керек.
Ойын: «Шалшықтар»
Жиналды аңдар шалшыққа, Аю менен қояндар. Борсық пенен көлбақа, Жап – жасыл шалшық жанына . Келсеңші досым қасыма.
Қорытындылау: Балалар ертегіні түсініктерін айтып кейіпкерлердің мінез құлықтарын талқылау. Достар бір – бірін алдауға болмайтынын ескерту.
Мысық тышқандарды неге алдады?
Тышқандар үлкеннің айтқанын тыңдады ма?
Сіздер болсаңыздар не істер едіңіздер?
Тақырыбы: «Мысық тышқан мен торғайға неге өш»
Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлердің рөлінде сондап , олардың іс- әрекеті мен қимылдарын салу арқылы ойлау және есте сақтау, қабілеттерін дамыту.
Керекті құралдар: мысық, торғай, қапшықпен дән және тышқан қамба адамның бейнесі, ширма, жарық.
Әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбері.
«Ұяшық»
Торғай қайда ұяшық, Тығылдың ба, кәне шық, Көреді көзін қиялдан. ,1,2,3,4,5! Шик-ширик шик-ширик.
Әңгімелеу: Тәрбиеші ертегіні түсіндіре оқып рольдерге сондап түсіне орындау.
Мысық тышқан мен торғайға неге өш.
Ерте , ерте ертеде мысық, тышқан және торғай өте тату тұрыпты. Басқа аң құстар олардың достығына қызығып та қызғанып та қарайды екен. Күндердің күнінде қылышын сүйретіп қыс келеді. Үш дос суыққа тоңып, ашыға бастайды.
Уа, достар, аяз- мынау, жыртқыш аңдар –анау, тарпа бас салуға даяр тұр. Оданда біз адамдарға барып, қызмет етейік. Сонда қарнымыз тоқ болады, өзіміз жылы баспанада алаңсыз өмір сүреміз,- деп мысық торғай мен тышқанға ақыл салады. Сөйтіп, бір диқанға келсе, үш достың бұл ойын диқанда құп алады. Бір күндері мысық екі досының семіріп қалғанын аңғарады. Енді ол торғай мен тышқанды аңди бастайды.Сөйтсе, екеуі қамбадан астық ұрлап жеп жүр екен. Жақсылыққа жамандық жасаған достарына ол қатты ашуланады. Арқа жүні гүдірейіп, көзінен от шашып тышқан мен торғайға атылады. Торғай сәл ашық тұрған есіктен лып етіп шығып, ұшып кетеді. Тышқан көп тесіктің біріне зып беріп кіріп құтылады. Содан бері тоғай мен тышқан мысықтың ата жаулары болып қалған екен.
Ойын: « Сиқырлы қоржын»
Қоржынның ішінен доп алып балаларға лақтырып сиқырлы сөздер айтылады. (досыңды алдама, досыңды далаға тастама т.б.)
ҚорытындылауТәрбиеші ертегіні қорытындылай келе достар бір- біріне адал болатындығын ешқашан дотың көңілін қалдырмайтындықтарын айтты. «Ұрлық түбі бір уыс» деген осыдан қалған.
Тақырыбы: «Үндемес ит»
Мақсаты:Ертегіні түсініп сахналауға дағдыландыру, үй жануарларына деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттыру.
Көрнекіліктер: түйе , жылқы, сиыр, қой, ит маскалары жайлаудың суреті.
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ –жауап әңгіме ойындар.
Шаттық шеңбер
«Аңдар»
Аю ақырады, Әтеш таңды шақырады, Қу түлкі зымыңдап. Ал қасқыр ырылдайды, Достасқан аңдар бір –бірне сыбырлайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелеу: тәрбиеші «Үндемес ит оқып түсіндіреді.
«Үндемес ит»
Ерте заманда үй жануарлары – түйе, сиыр, қой, жылқы , ит- бәрі бас қосыпты.
Түйе тұрып:
Менің адам баласына пайдам көп! Өйткені – мінсе көлікпін, сүтімнен шұбат ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді... – деп мақтаныпты.
Бұдан соң қой, жылқы, сиыр да өздерінің қасиеттерін айтып мақтаныпты. Олар осылай шалқып отырғанда, ит үн түнсіз қалғып жата беріпті.
Сонда түйе;
Әй, салпаң құлақ! Нағып үндемей жатсың? Сенде бір ауыз әңгіме айтсаңшы депті.
Сол кезде әңгімені қожайыны естіп қалып былай депті.
Ит болмағанда , ол сендерге күзетке тұрмаңһғанда қасқыр, түлкі немесе басқа да жыртқыш аңдар сендерді жеп қояр еді - дейді.
Ойын: « Кездесу»
Екі мысық кедесіпті мияу- мияу!3рет Екі күшік аф- аф, Екі жолбарыс р-р-р Екі өгіз мә-мә-мә өзі семіз мүйізін қара Ой-ой-ой.
Қорытынды: Үй жануарларының қандай пайдасын білесіңдер?
Неліктен олады үй жануары деп атаймыз?Жабайы аңдар ме үй жануарларының айырмашылығы неде?
Тақырыбы: «Ертең мен бүгін»
Мақсаты: Ертегі шағын өлеңдерді мысалға келтіре отырып, бастапқы түсінік беру. Шығарма жанырларды ажырата білуге үйрету.
Керекті құралдар: Маймылмен бақаның суреттері.
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ- жауап, ойын, әңгіме.
Шаттық шеңбер
«Белсенділік жаттығу»
Үлпілдек мақта.
Ақша қар.
Піскен, ыстық картоп.
Ыстық тәрелкедегі сорпа.
Кесе толы су.
Бір уыс тары.
Сабағы тікен райхан гүлі.
Домалақ жіп.
Темір ыдыстағы ыстық кофе.
Сулы сабын.
Нәресте.
Қозы.
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелесу: Тәрбиеші етегіні сурет арқылы түсіндіріп балалардан сұрақ- жауап алады.
«Ертең мен бүгін»
Бірде жаңбырлы кеште Керібай атты маймыл мен Берібай деген құрбақа суықтан бүрсең қағыпты.
Кррх- кррх!- Деп Керібай жөрелсе, ББерібай бақ –бақ етіп бақылдап отыр.
Жаңбырдан су-су болып,суықтан дір-дір еткен екеуі келесі күні ағашты кесіп оныңқабығынан жылы күрке тұрғызбақ болды. Бірақ ертесінен күн жарқырап шығып, айнала жылы шуаққа толды .Керібай ағаш бұтағына отырып,ал Бердібай күнге қыздырына отыра берді.Бір уақыттан соң Керібайдың ағаштан түсіп:
Құрбым, қалың қалай? – деп сұрады.
Тамаша! – деп жауап қатты Берібай.
Күркемізді саулуға кірісеміз бе?
Қайдағыны айтпай қойшы! Ертең де үлгереміз.
Шынында да асығыс жоқ,- деп, Керібай келісе кетті.
Сөйтіп екеуі күні бойы сайран құрды. Кешкісін тағы жаңбыр жауды.
Кррх- кррх !- деп, Керібай күрк- күрік жөтелді.
Бақ- бақ !- беп, Берібай бақылдады.
Қос жалқау тағы жылы күрке салмақ боп келісті. Бірақ таңертең күн қайтадан күлімдеді.Керібай мен Берібай сауық – сайрандарын жалғастырды. Керібай күрке туралы келісімдерін есеке түсіріп еді Берібай:
Тамаша көңіл күйді бүлдірмей тыныш жүр! Күркені ертең де салуға болады,- деді.Осы оқиға күнде және бүгінгі күнге дейін қайталанып келеді. «Жалқаудың күні бітпес»- деген осыдан болар.
Ойын: «Серуен»
Саусақтар шықты сейілге. Екіншісі қуалап, Үшіншісі жүгіріп. Төртіншісі жаяулап, Бесіншісі секіріп. Құлап қалды өкіріп.
Қорытынды: Ертегі не қорытындылай отырып балалардан сұрақ- жауап алу. Бір істі бастадың ба оны аяғына дейін жеткізу керек еріншектікке бой бермеу керек екендігін балалардың естеріне салу.
Тақырыбы: Екі дос.
Мақсаты: Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру, достық қарым-қатынастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: түлкі мен қасқырдың маскасы шынжыр, тал, ет. Әіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.
Шаттық шеңбер.
Нағыз дос болайық!
Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең зиянды дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейрімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз сараң дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз жақсы дос болып.
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелеу: тәрбиеші балаларға «Екі дос» ертегісін оқып түсіндіріді.Сонан соң рольдерге бөліп сахналайды. Ертегіні түсініп, және де сол кейіпкердің мінез құлықтарын, дауысын келтіруге тырысуларын естеріне салады.
«Екі дос»
Ертеде қасқыр мен түлкі дос болыпты. Екеуі жолда келе жатып бір қызыл етке тап болыпты. Қасқырдың мейрімі түсіп:
Сен жей ғой , достым – депті түлкіге.
Жоқ, сен же, - депті ол.
Мен бүгін өзіме аштық жарияладым депті түлкі.
Сонда сілекейі шұбырып тұрған қасқыр етке тап беріпті. Осы кезде үлкен қақпан сарт етіпті, қауп түсіпті. Ал түлкі болса ұшып кеткен етті ала,сала жеп қойыпты.
Сен жаңа ғана аштық жарияладым демеп пе едің? – дпеті қасқыр.
Мынадай семіз ет тұрғанда аштық жариялап жынды деймісің, - деп түлкі күліп жүгіре жөнеледі. Ал, қасқыр болса тоқта бәлем тағы да қолға түсерсің тоқта құтқар мені деп қала беріпті.
Түлкі мен қасқыр бір – біріне лайықты дос бола білді ме?
Түлкі досын алдады ма?
Сіздер олардың орнында болғанда не істер едіңіздер?
Ойын:» Достық»
Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашан да қайда да! Достар бір- біріне, Сенімді боламыз!
Қорытындылау:
Балалар бүгін біз «Екі дос» жайлы ертегіні оқып сахналадық сендерге ұнады ма?
Қасқыр мен түлкінің достығын біз нағыз достық деп айта алмаймыз өйткені олар бір – бірін лдады.
«Өле жеген ше , бөле же» -деген сөз осыған айтылса керек.
Тақырыбы: «Күн ,Ай және Әтеш»
Мақсаты: Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, туыстық қарым – қатынастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Фланеграф, үнтаспа, күн ,ай, әтеш
Шаттық шеңбер
«Күн»
Күн суық, Аспанда бұлт . Жаңбыр жауды, Жел соқты. Күн ашылды.
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгімелесу:
Балалар сендер туыстық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сіздер бауырларыңызды сыйлайсыздар ма?
Әңгімелеу:
Тәрбиеші «Күн ,ай және әтеш» ертегісін фланеграф арқылы түсіндіріп көрсетіп сұрақ- жауап алады.
«Күн ,Ай және Әтеш»
Ерте, ерте ерте де аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті. Үлкені – Күн, ортаншысы – Ай, кішісі- Әтеш екен . Күн жерде тіршілік ететін адамдарға , өсімдіктермен жануарларға жарық пен жылу таратуға кеткенде , үйдегі кіші інілері Ай мен Әтеш үнемі келіспей қала береді екен. Бір күні әбден ыза болған Ай Әтешті айдарынан ұстап алып, жерге лақтырып жібереді.Кешке үйге келген Күн болған жағдайды естіп біледі. Ашуға булығып Айға!
Туған ініңді көзің қиып, қалай лақтырдың? Сендей рахымсызды көргім келмейді. Бұдан былай аспанға мен күндіз, ал сен түнде шығатын боламыз. Ал Әтеш жақын інім болып қала береді. Ол мені ұмытпайды, - дейді.
Сол уақыттан бастап Әтеш таң, атысы мен Күнді көргенде «Кукареку!» - деп айғай салатын болыпты. Ал кеш түссе, қонақтауға кетеді. Өйткені, аспанға шыққан айды көргісі келмейді.
Ертегі де қандай кейіпкерлер бар?
Ертегідегі қайсы кейіпкер жаныңа жақын деп ойлайсың?
Кейіпкерлердің қайсысы ақылды?
Сендер олардың орнында болған да не істер еіңдер?
Ойын:
«Күн шуағы»
Армысың ардақты аспан ата!
Армысың шұғылалы алтын күн «
Армысың мейрімді жер ана!
Күліп шықты күн бүгін!
Қуант бізді таңырқат! Қуанатын күн бүгін!
Қорытынды: Тәрбиеші ертегіні қорытындылай отырып ертегінің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлуіне және де өздерің мұндай іс –әрекертке бармауын, бауырларына мейрімді, тату болуын айтып тертегіні аяқтау.
Алтын сақа
Ертегі сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын , қол өнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, ұлттық киімдер, қамша, сақа.
Сабақтың өту барысы: «Алтын оймақ» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған өнерімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Шал, қолында қамша, қой жайып жүреді.
-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидан қақтым, ешкі бақтым – еңіреп бақтым деген осы екен ғой. Уh, шаршадым деп, малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды қылқындырады.
-Уh, бәлем, ұсталдың ба?
Шал:
-Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.
-Мыстан:
415734566675-Сен маған не бересің?
Шал:
-Бір қора қой беремін.
Мыстан:
-Жоқ мен оған риза емеспін.
Шал:
Мыстан:
-Жоқ , оған да риза емеспін.
Шал:
-Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін.
-Онда , келісемін оны қайтып бересің?
Шал:
-Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам сақасын іздеп келгенде ұстап ал.
Шал:
-Онда міне, алтын сақа, деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан кемпір алтын сақаның қасында отырады. Бала келеді.
Бала:
-Апа, апа, анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші?
Мыстан:
-Ой балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал (бала алтын сақаны ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдың қыздары Кенжебекті іздеп шығады).
-Кенжебек!
-Кенжебек қайдасың?
-Біз сені іздеп жүрміз. (осы кезде ортаға Мыстан шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады).
Мыстан:
-Сендерге Кенжебек керек болса, менің бірнеше шартымды орындаңдар. Қыздар:
-Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан:
-Онда бірінші шартым:
«Ата мұраң асыл қазының» деп аталады. Мұнда қазақ салт-дәстүрлерін қалай білетіндеріңді сынаймын, дайынсындар ма?
-Дайынбыз , апа, дайынбыз.
Мыстан:
-Бірінші «байғазы» деген не?
«Байғазы» - балалардың , жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ертоқым, т.б.) берілетін ақшалай, заттай сыйлық , ақша.
Мыстан:
-Екінші «Көрімдік» деген не?
«Көрімдік» - жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Мыстан:
-Үшінші «Бастаңғы» - деген не?
«Бастаңғы» - деп үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын деп «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуынды.
Мыстан:
-Төртінші «»Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндір.
Қыздар:
«Жасау» ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем-әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Енші» балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы, оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Мыстан:
-Бесінші «Иткөйлек» және қырқынан шығарудың ғұрып салт-дәстүрінің мағынасын түсіндір.
«Иткөйлек» - ырымшыл халқымызды баланы (туғанына қырық күн) (қырқынан) шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәттті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып , тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады, немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған. «Иткөйлектің» шығуы ит мойнына байлағандығында емес, оны жеті қазынаның бірі деп, әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.
Қырқынан шығару – әдетте баланың туғанына 40 күн толған соң, ыдысқақырық қасық су құйып шомылдырады. Оған үлкен әйелдер, әжелер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қояды.
«Сүйінші» - жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне , әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тех жеткізу үшін ат ертіп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған. Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген.
«Тұсау кесу» - бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек , пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баланың тұсауын кесуді ұсынады.
Мыстан:
-Жарайсыңдар.бұл шартымнан мүдірмей өттіңдер.
Қыздар:
-Апа енді Кенжебекті босатасызба?
Мыстан:
-Жоқ, келесі шартым – «Өнер кезеңі», өнер көрсетіп көңілімді көтеріңдер.
Қыздар:
-Әрине, апа, әрине. Өнерімізді тамашалаңыз.
Шаш үлгісің көрсету. Музыкалық үзіліс.
Мыстан:
-Ой, рахат-ай, көңілім бір көтеріліп қалды ғой. Шаш үлгісін жақсы жасайды екесіңдер.
Қыздар:
-Апа, Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан:
-Жоқ.
Келесі шартым:
«Шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Маған қол өнерлеріңді көрсетіңдер! Әр қыз өз қол өнерін көрсетеді.
1.Ілмек бізбен – Ахметова Аягөз
2. Кілем тоқу – Қайыржан Ләззат
3. Оригами – Мукатаева данагүл
4. Ши орау – Сүлейменова Толғанай
5. Кестелеу – Расулова Толғанай
6. Құрақ – Садыкова Ақбота
7. Бисер -Сағатова Ботагөз.
Әр қайсысы
Өзінің таңдап алған жұмыстарын жасалу ретімен айтып көрмеге апарып қояды.
Қыздар:
-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?
Мыстан:
-Жоқ, жібермеймін. Келесі шартым. Көкөністерден не әзірлеу білесіңдер? Қыздар көкөністерден жылан, қоян т.б. бейнелерін әзірлейді.
Қыздар:
-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?
Мыстан
-Жоқ, жібермеймін.Келесі шартым: Сүлгі бүктеу тәсілін көрсетіңдер!
Қыздар сүлгі бүктеу тәсілін көрсетеді.
Қыздар:
-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?
Мыстан
-Жоқ, жібермеймін.Келесі шартым:Түйме қадау білесіңдерме?
Қыздар: Түйме қадайды.
Қыздар:
-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?
Мыстан
-Жоқ, жібермеймін (айқайлап таяғымен жерді бір қояды, қыздар жиналып бір нәрсеге ақылдасады).
Бір қыз
-Апа, мынау ұялы телефон. Мұнымен барлық жерімен сөйлесе аласыз, кино да көруге болады, хат та жазуға болады, ойында ойнауға болады.
Мыстан.
-қане, әкелші, көрейін – деп, телефонды алып, бұрышқа қарай барып тұрғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. Соңынан Мыстан айқайлайды:
-Әй, әй, тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)
-Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар ананы, - деп өзі де сахнадан шығып кетеді.
Жүргізуші:-Сіздердің көріп тамашалағандарыңыз қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Алтын оймақ» үйірмесінің өнері.
Тақырыбы: «Оқтау ұстаған түлкі»
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнын түсініп әңгімелеп беруге үйрету.
Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
Білімділік: Өтілген ертегілерді еске түсіру. Балалардың ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, шындыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын.
Керекті құралдар: Слайд, фланелеграф, кейіпкерлердің суреттері, оқтау, басына киетін атрибуттар.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.
Қол алысып қане біз,
Достасайық қане біз.
Айтарым бар сендерге,
Тік тұрындар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру.
Қайырлы таң Жер Ана,
Қайырлы таң апайлар.
Тәрбиеші: Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Өзі айлакер қу,
жүрген жері айқайда шу.(түлкі)
Тәрбиеші: Дұрыс, ол түлкі. Түлкі туралы қандай ертегілерді білеміз?
«Түлкі мен тырна», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен құмыра».
Тәрбиеші: Балалар тағы да түлкі туралы ертегі тыңдағыларыңыз келе ме?
Ал ендеше сендер бүгін жаңа ертегіні тыңдайсындар.
Ертегінің аты «Оқтау ұстаған түлкі»
Балалар «оқтау» деген сөзді қалай түсінесіндер? Ол не?
Балалардың жауабы.
Ертегінің тақырыбына көңіл аудару. Слайд арқылы ертегініайтып беру.
Тәрбиеші: Ертегі ұнады ма?
Ертегі қалай аталады?
Түлкі келе жатқанда не тауып алды?
Түлкі атаға не деді?
Ата оған не айтты?
Оқтаудың орнына не сұрады?
Түлкі түнде тауығын қайда жіберді?
Қаздың орнына не сұрады?
Ата қызын берді ме?
Ата қапшыққа нені салып жіберді?
Сергіту сәті: Түлкі айтты – түлкімін.
Тұла бойым – күлкімін.
Бұлан, бұлан құйрығым.
Тек өтпейді бір күнім.
Балалар ертегіні фланелеграфта көрсетіп әңгімелеп береді.
Ойын «Дауысына қарап таны»
(қаз қанқылдайды, тауық қыт – қыттайды, ит үреді).
Ойын «Оқтау тартыс»
Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттарын бастарына киіп ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырған оқу іс- әрекеті ұнады ма?
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не істедік?
(Балалардың жауабы)
Қорытынды. Балалар, бүгін барлығың белсенді қатыстыңдар рахмет сендерге.
Тау, қаңбақ және бүркіт
Сабақтың тақырыбы: Тау, қаңбақ және бүркіт
Сабақтың мақсаты: а) Балаларға ертегідегі негізгі ойды, ұғындыру
ә) Балаларды еңбексүйгіштікке, тұрақтылыққа тәрбиелеу
б) Қоршаған ортаны танып білуге ынталарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: суреттер, слайттар, жұмбақтар
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгінгі күн сәтті күн,
Сәтті болсын әр күн.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
- Жақсы жауап берген балаларға смайликтер беріледі
. Сергіту сәті: Жақсы бала –еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
IV.Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу:
Сонымен бүгін "Тау, қаңбақ және бүркіт" деген ертегімен танысамыз.
Ертегі дегеніміз не?
Ертегінің қандай түрлерін білеміз?
.Сұрақ-жауап
Рөлге бөліп ойнау
5. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап.
Не білемін?
Бүркіт туралы – ұлдар
2. Қаңбақ туралы – қыздар
Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың өлеңдерді мәнерлеп, айту дағдыларын қалыптастыру, білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: Жайлауда жүрген мал суреті. жұмбақтар.
І. Ұйымдастыру бөлімі
І Қызығушылықты ояту. Еске түсір.
- Балалар біз ертегілерді жасы білеміз. Ертегілер қалай басталушы еді?
- Ерте ерте ертеде...
- Ерте заманда
- Баяғы заманда
- Сол ертегілер елінен ақыл айла тапқырлығымен өтірік өлең айтып ханды жеңіп шығатын халық өкілі кім еді?
- Тазша бала.
- Мінекей сол Тазша бала ертегілер елінен бізге келіп отыр. Ол сендердің білімдеріңді бағалауға келіпті. Өзімен бірге сый қоржыны да бар екен. Ал енді Қоржындағы сыйлықтан алу үшін ұоіә жақсы қатысайық.
- Балалар Тазша бала бізге мынадай сұрақтар береді.
1. Жылқының қандай пайдасы бар?
2. Жылқы Биенің төлін қалай атайды?
3. Бие сүтінен қандай сусын жасайды?
4. Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
5. Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата.(Бәйге, аударыспақ, кыз қуу, көкпар.)
6. Қылынан не жасайды?
(Қылынан арқан, жіп ескен.)
Қыл – жалдың, құйрықтың жіңішке ұзын талы.
(Тақтада малдардың суреттерінен аттарын атау)
. Жаңа сабақ.
- Балалар тақтада суретте не берілген?
- Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау.
- Жайлауда.
- Балалар, мал бағу ата бабамыздың ертеден келе жатқан кәсібі. Төрт түлікті кисе киім, жүрсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ қылды. Іштеріңде естіп жүргендерің бар ма үлкен кісілер амандасқанда «мал жаның аман ба?» деп амандасады. Сонда бірінші нені сұрап тұр байқадың ба?
- балалар мал мына суретте қалай жайылып жүр?
- топ – топ болып
- малдың бұлай топ болып жайылуының да аттары бар.
Қойды отар – отар, сиырды табын – табын, жылқыны үйір – үйір, түйені қадау – қадау дейді екен.
Қадау – қадау деген – бұл жалғыз дегенді білдіреді.
Енді осы суреттен малдар төлдерін атап жіберейік.
- Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы төлдер жөнінде болмақ.
1.Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Төлдерді атау
Сөздік жұмыс
Секектеме – секірме
Деміңді ал – тынық
Құстай қанат қағады – жүгіреді
Малды қалай шақырады? (Балалардан жеке жеке сұрау)
Қошақанды пұшайт, пұшайт
Лақты шөре шөре
Құлыншақты құрау құрау
Бұзауды аухау аухау
Ботақанды көс, көс
Сергіту сәті.Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Балалар біз өткен ҰОІӘ айтқандай әр түліктің бақташы, пірі, иесі болады дедік, атап жіберейікші
Қой атасы – Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі атасы – Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сахналық көрініс. «Төлдердің айтысы»
Төлдердің айтысы
- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?
Лақ:- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады
Құлын:- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.
Қошақан:- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бота:- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.
Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.
Екі дос
Мақсаты:
а) тәрбиелік: Достыққа, бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
ә) дамытушылық: Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру
б) Білімділік: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, теориялық білімдерін байқау.
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді. Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Достық ойыны.
1. Сенің досың бар ма?
2. Оның аты кім?
3. Досың неше жаста?
4. Оның мінезі қандай?
5. Ол қандай дос?
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.« Отбасы және балабақша» №3, 2009ж. №5, 2009ж. №6, 2009ж.
2. «Бала тәрбиесі» №9, 2010ж.
3. Тіл дамытудың ғажайып әлемі. «Аруана» баспасы.
4. Өнегелі ертегілер. « Аруана» баспасы 2009ж.
5. Балалар энциклопедия. Балауса 2009ж.
6.Жеті Қазына. Алматы.2007ж. С.Кенжеахметұлы.
7. Бала мен балабақша. №3, 2010ж.
8. Мектепке дейінгі білім. №2, 2010ж.
9. Көркем әдебиет хрестоматиясы.
10. Әжемнің ертегісі.
11. Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы,«Жазушы» 1975ж. .
12. Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер. Алматы,«Жазушы» 1979ж. .
13. Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж
14. Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж.
15. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп.1991ж.
16. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы «Мектеп» 1969ж.
17. Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж.
18. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның ауыз әдебиеті 2003ж.
10. Қазақ халық әдебиеті: І-ші том Ертегілер Алматы «Жазушы» 1988ж.
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары» Алматы «Ғылым» 1981ж.
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер.
Алматы «Балауса» 2004ж.
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие құрал 2005 №11.
14. Қалқабаева М. «Балалар әдебиеті-тәрбие құралы» Алматы «Мектеп» 1976ж.
15. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
16. Ұлағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер» 2004 №2
47-49 бет.
Жұмбақтар
1.Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
2.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3. Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
4. Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (тау)
5.Дөңгеленіп өседі,
Желге еріп көшеді. (қаңбақ)
6. Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы
Бұл құсты кім біледі? (бүркіт)
Мақал- мәтелдер
- Талаптыға нұр жауар.
- Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
- Ақылы көпті дау алмайды,
Досы көпті жау алмайды.
- Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні ғаріп.
- Білімді мыңды жығар,
Білекті бірді жығар.
Ойындар
Ойын ойнайық!
«Мен бастайын, сен аяқта»
1.Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пұшайт, пұшайт!
2.Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым қайдасың
Шөре, шөре!
3.Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!
4.Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгібаба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!
5.Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!