Баяндама Математика п?нінен о?ушыларды? функционалды танымды? белсенділіктерін арттыру
«Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру»
«Талдықорған қаласының №25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Математика пәнінің мұғалімі Н.Е.Шакенова
Математиканы оқыту – алдымен есеп шығаруды үйрету, өйткені ойлауды дамыту мен математикаға қабілеттілікті дамыту өз бетімен есеп шығару барысында іске асады.
Есеп шығара білу – математикаға қабілеттіліктің критерийі.
Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа , дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады.
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды.Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі:
Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып,білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Математикаға қызығушылық тудырудың басты кезеңдерінің бірі-тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту сабақтары.
Оқушының функционалдық сауаттылығын анықтау жолдары:
Үйренушілік деңгейі «Білу» оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі сатысы.
Алгоритмдік деңгейі- «Түсіну», «Талдау» оқушының функционалдық сауаттылығының орта деңгейі.
Эвристикалық деңгейі «Қолдану», «Жинақтау» функционалдық сауаттылықтың жоғары деңгейі.
Шығармашылық деңгейі «Бағалау» - оқушының функционалдық сауаттылықтың ілгері деңгейі.
Математикалық білімді ізгілендірудің шарттары.
Оқу жұмысын мотивациялау мен оқытуды дифференциалдау болып табылады.
Дифференциалдау «күшті», «орташа», «нашар» тұрғысынан емес,оқушының оқуға мотивациясы мен білім алудағы ерік жігеріне қарай саралануы керек.
Егер оқушыға «алгебралық өрнекті ықшамдау дегеніміз не?» деп сұрақ қойса оқушы бірден жауап бере алмайды.Ол үшін екі принцип қатар іске асуы керек:
Оқушы не істеу керек екенін білу керек.
Не істегенін және ары қарай қалай істелетінін түсіндіре алуы керек.
Мұғалім оқушыны тек тыңдауға ғана емес, тыңдағанын ести білуге, тақтаға қарап отырып, көре білуге және жай ғана сөйлеуді емес,түсіндіруді,ойын дәлелдей білуді үйренуі қажет.
Сондықтан, оқушы өрнекті ықшамдау үшін жақшаларды ашып,ұқсас мүшелерді біріктіру қажеттілігін білуге тиіс. Осы еске сақтаудың мына схемасын ұсынуға болады.
Теңдеу шешу алгоритмі
288226521082000125349021082000 өрнекті ықшамдау
52006516383000116776516383000 Жақшаны ашу Ұқсас мүшелерді біріктіру
( ) + ( )
Математика пәнінен оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру.
Оқушылардың математикалық қабілеттігі сол математикалық материалды тез және терең меңгеруінен көрінеді.
Бұл сипаттамалар әсіресе есептерді шығарғанда байқалады.Есепті жылдам шығару-ол белгілі бір уақыт аралығында шығарған есептердің санына байланысты болады.
Академик А.Н.Колмогоров оқушының математикалық қабілетінің дауына , математикаға қабілеттіліктің үш түрін атаған: алгоритмдік,геометриялық және логикалық.
Алгоритмдік қабілеттілікке:
Нақты жағдайда дайын алгоритм мен әдістерді қолдана білу.
Есепті қарапайым амалдар қолдана отырып, аяғына дейін келтіру.
Алгебралық,тригонометриялық,анализдің аналитикалық әдістерін қолдана отырып есепті шешу.
Геометриялық қабілеттілікке:
Геометриялық фигураның модельдеріне,суреттеріне немесе оларды ойша елестете отырып талдау жасай білдіру,керекті деректерді шығарып ала білу.
Кейбір геометриялық емес есептерді көрнекі түрді геометрия тіліне келтіре білу.
3.Логикалық қабілеттілікке:
Есеп шығарудың қысқа да,қайшылық келмейтіндей нұсқасын жасай білу,есептей білу.
Есептердің әртүрлі шарттарын дәлелдей білу,қарсы есеп құрастыра білу.
Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін,шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін,өз бетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігін дамыту.