Ойын ар?ылы балаларды? ойлау ?абілеттерін дамыту статья
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
«Ойынсыз баланың ақыл – ойы қалыпты дамымайды және олай болуы мүмкін де емес. Оның дүниеге қарай ашылған үлкен терезе сияқты, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын,білуге құмарлық пен електеудің маздап жанар оты » В.А.Сухомлинский.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.Сондықтан, ойын барысында ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, сөйлеу қабілеті қалыптасады.
Ал бүгінгідей электроника ғасырында, балалар ойнай да алмайды, кішкентай сәбиге дейін олардың алдында компьютер, планшет, ұялы телефон. Бұл құралдар баланың танымдық қабілетін артқа қалдырады. Сол себептен мектеп жасына келген кезде, оқу процесінде қиындық туындайды.Сондықтан, оқу процесін алдында, ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ белсенділіктерін арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Сондықтан кез- келген дидактикалық ойындарды қолдана білу керек.Ойындар мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Бұл ойындарды тек маман емес, әр бір ата- ана үйде ойнай алады. . Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Көршісін тап», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой», «Қамал соғамыз», «Сыңарын тап», «Көршісін атап бер», «Сиқырлы қоржын» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады.
Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Баланың ойлау қабілетін,есте сақтауын, тілін жетілдіру үшін, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту үшін қажет. Сабақты бекіту ол баланың шығаршашылығын дамыту, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, сенсорикалық қабылдауын дамыту.Сондықтан ойындарды сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Сатушы» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұрап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде, кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.
Меркі ауданы ППТК
Олигофренопедагог маманы:
Асанова З.Д.