М?тінмен ж?мыс істеу. 5-сынып Информатика


Сабақтың тақырыбы: Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу. 5-сынып
Сілтеме 5 – сынып оқулығы
Тақырыптық презентация
Мақсаты Мәтінмен жұмыс жасауды практика жүзінде үйрету
Күтілетін нәтижие Мәтінді тере білуді, өңдеуді, редакциялауды үйренеді
Мәтінді жылдам тере білуді үйренеді
Түйінді идеялар Сабақтың түрі Практикалық сабақ
Әдіс - тәсілдері Жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
Оқыту модулі Оқыту мен оқудағы АКТ, СТО, оқу мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. Топқа бөлу
Шеңбер құрып, бір - біріне сәттілік тілейді
2. Дербес компьютер құрылғыларының суретін құрастыру арқылы өз топтарын табады
Үй тапсырмасы
(Білу)
Тест арқылы /тақырып соңындағы өзіндік тест/ үй тапсырмасын тексеру.
Интербелсенді тақтадан практикалық жұмыс орындау. Оқушылар тест сұрақтарын жауаптарын оқиды. Интербелсенді тақтада мұғалім қойған сұрақтарды практикада орындайды.
Мағынаны тану
(Түсіну)
Топтарға тақырып бөлініп беріледі. Тақырыпты оқып, негізгі мәліметтерді дәптерге жазып алады. Тақырыпшаны талқылайды. Баяндамашы шығып түсіндіреді. Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек айтып, бағалайды. Әр топ бір сұрақтан қояды.
Жеке жұмыс
(Қолдану, талдау) Мәтін теру:
А,В деңгейіндегі тапсырмалар орындауға беріледі. А,В,С деңгейіндегі тапсырмаларды жеке орындайды. Өзіндік бағалау іске асады.
Сергіту Жаттығу
Оқушыларға интерактивті тақтадан қауіпсіздік ережесін сақтау негізінде шағын бейне-ролик көрсетіледі Оқушылар бейне-роликтерді көру арқылы дене, көз жаттығуларын жасайды
Жеке жұмыс
(бағалау) Мәтін теру:
С деңгейіндегі тапсарманы орындау. С оқушыларды А оқушылардың жанына отырғызу. (ЖАДА іске асады) Жұптасып тапсырманы бірігіп орындайды. Жұптық бағалау орындалады.
Бағалау Бағалаудың іске асуын бақылайды. Оқушылардың сабақ кезеңдері бойынша өздерін бағалайды. Жинаған ұпайларын жазып, соңында есептейді.
Үйге тапсырма Тақырыпты мазмұндап, оқып келу, тақырып соңындағы тестті орындау. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
Кері байланыс
Рефлексия Бағдаршам
Қызыл = Түсінбедім,
Сары = Толық емес, қайта оқуым қажет
Жасыл = Барлығы түсінікті Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді