Екінші кіші топта?ы Зерттеу ж?мысы
Зерттеу жұмысы.
Зерттеу жұмысы, ең алдымен топырақ дайындаудан басталады. Топырақты дайындап алып, оны қопсытып, ылғалды болу үшін суарып күн бұрын дайындап қойдық. Егер алдында әр балаға бір- бірден жуа тұқымын қолдарына беріп, егуге дайындаламыз. Балаларға жуаны қалай егу керек екенін түсіндіреміз. Жуаның тамыр шығатын жағын төмен қаратып, ал көк жуа өсетін жерін жоғары қаратып егеміз. Әр бала жуаны егіп болған соң, жуаны суарамыды.
Еккен жуамызды үнемі бақылауды ұстаймыз, суарамыз, суретке түсіріп отырамыз, отырғызған күніміз 05.04.2016 жыл.
Зерттеуімізді бақылайтын күн, 11.04.2016 жыл жуамызды отырғызғанымызға 6 күн болды. Жуаның тамырлары ағарып еккен ыдысымыздың түбінен көрініп тұр. Жуаның ұзындығы 4см, әлі шықпаған жуалар да бар.
Зерттеуіміздің соңғы күні 18.04.2016 жыл. Жуаларды балалармен бірге өлшеп көрдік. Ең ұзын жуаның ұзындығы 26см, ең қысқа жуаның ұзындығы 5 см. Барлық жуа көктеп шықты.
Өсіп шыққан жуаларды қыйып, жуып аламыз да түскі аспен бірге жейміз. Балалармен зерттеу жүргізу қызықты өтті. Балаларға зерттеу арқылы жуаның өсуін бақылап, тамырларын көрсетіп, қалай күту керек екенін көрсету арқылы еңбекке баулу. Көздеген мақсатымызға жеттік.