Баяндама О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту


Алматы облысы Кербұлақ ауданы
«П. Дутов атындағы орта мектеп МДШО» КММ
Технология пәнінің мұғалімі
Кенжебекова Бактыгуль Калибайқызы
 Баяндама:«Оқушылардың шығармашылық   
  қабілетін дамыту»
    Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет
Мұғалім сабақтарда әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір  сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды  сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. көмектеседі Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,   қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс- тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды технология пәніне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. Технология пәні адамның өз ортасынның әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның дұрыс қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншелікке баулиды.
Технология пәні орта мектептерде алатын орны ерекше. Әрбір оқушы технология пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін жетілдіреді.
Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.