А?тау ?аласыны?«Мектепке дейінгі ша?ын орталы?ы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»


Ақтау қаласының«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар.
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты: 1.Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын
арттыру,қазақ тілінен алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене
білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа 5«б» 5«г» және 5«в» сынып оқуш
төсбелгі ойлап табады.
ылары
3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және
Сайыстың кезеңдері:
кезең Сәлем сөздің басы
кезең Дода
кезең Сөз мәйегі – мақал
кезең Кім жылдам?
кезең Ойлан ,тап
кезең Кім тапқыр
кезең Өнерпаз болсаң.
1.Сәлем сөздің басы кезеңі
Әр топ өзін және топ мүшелерін таныстырады.
2. Дода бұл кезеңде әр топқа 5сұрақтан беріледі сол сұраққа ауызша немесе жазбаша жауап береді.
1 –топ5 Б сынып
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Қыста ауа райы қандай болады?
3.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4.Етістік дегеніміз не?
5.Ханталапай ойынына неше асық алынады?
2 топ 5В сынып
1.Қыс өлеңін кім жазған?
2.Көктем мезгілінің айларын атаңдар?
3. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
4.Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?
5.Қазақ халқының ұлттық ойындар түрлерін ата.
3- топ5Г – сынып
1.Көктемнің бірінші гүлдейтін гүлін атаңдар?
2.Қай жылы Ақмола атауы Астана болып өзгертілді?
3.Сүт тағамдарын ата?
4.Зат есім дегеніміз не?
5.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
3.“Сөз мәйегі-мақал”
1 Білім
2 Отан
3 Достық
4. Кім жылдам


Отбасым,менің,тұрады,тату,тәтті
Мезгілінде,күз, жылдың,сарғаяды,жапырақтар
Наурыз,пісіреді,көже,көктемде,
Әжелер
Көктемде,теңеседі,түн,мен,күн
Нан,келеді,дастарханға,үлкен,еңбекпен
5- кезеңОйлан,тап
Бұл кезеңде 5 топқа да бірдей “Қазақстан” сөзі берілген.Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру қажет.
6. Кім тапқыр
Бұл кезеңде топ басшылары кеспе қағаздарды таңдап алып,ондағы сөздерді ым ишарамен түсіндіру керек.
ҚолшатырСөмке Қаламсап,кітап,компьютер,көзілдірік,ит,мысық,орындық,домбыра
Соңғы шешуші сайыс Өнерпаз болсаң .Бұл кезеңде әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Бекіту кезеңі.қазылар алқасы койган балдар арқылы қайсы топ жеңіске жеткенін анықтау.
Назарларыңызға рақмет келесі кездескенше !
Ақтау қаласының«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»

Ашық сабақ
Тақырыбы: Тапқыр достар
Пән мұғалімі; Курманбаева Рима Махарамановна
Өтілетін күні;12 наурыз 2015ж
Сыныбы; 5-сыныптар

Ақтау 2015