М?тіндік процессор. М?тінді пішімдеуді? негізгі т?сілдері 6сынып


Сыныбы: 6 Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Оразбаева Б.М.
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат
Сілтеме Оқулық Информатика 6-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов«Арман-ПВ» баспасы, 2014 жыл
Информатикадан электронды оқулық6-сынып ,
Мақсаты: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат алады. Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесімен танысады
Ойлау, есте сақтау, қызығушылық қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру;
Еңбекке, өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Редакторды іске қосу жолдарын біледі;
Редактордың терезе элементтерінің атауын біледі;
Жұмыс аймағының өлшемін реттей алады;
Меню командаларымен жұмыс істей алады
Критерий бойынша бағалауды біледі;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
Әдіс –тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (1 мин) - Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған кәмпиттер тарату)
- Оқушыларды топқа бөлу (кәмпит түрі бойынша), топ ережесін құру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Диалог әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру) Әр топ екі сұрақтан бір-бірлеріне сұрақ қояды;
Рефераттары бойынша сұрақтар қою.
Сәйкестендіру кестесін толтыру (дарынды оқушылар әзірлеген тапсырмалар);
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы, АКТ) Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін сыни сұрақ қою:
Компьютерде ақпарат қандай түрлерін ұсынуға болады? (слайд арқылы көрсету)
Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен байланыстыру;
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы. (10 мин) Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
Редакторды іске қосып, оны интерактивті тақтада көрсетеді де топтарға тапсырмалар береді.
1-топқа: «Редактордың мүмкіндігі мен іске қосу жолдары»,
2-топқа: «Редактордың құрылымы мен міндеті» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.
«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
Білген түсініктерін қорыта отырып, біреуі оқып береді.
Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады
«Түсіну» теориясы. (4 мин) Қызығушылықты ояту
Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?
Қазір барлығымыз «Білгім келеді» бағанын толтырайық. Оқушылар дәптерлеріндегі кестенің «Білгім келеді» бағанын толтырып, өз ойларын айтады.
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар) Мағынаны тану
Енді оқулықты ашып, тақырыпты оқиық.
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?) Интерактивті тақтада редактордың терезе элементтерін, меню командаларын, мүмкіндіктерін көрсете білуін ұйымдастыру.
әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетін терезелермен ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
Сергіту сәті. (1мин) Аннимация арқылы жасалған қимылдарыды қайталау музыкамен..
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде) Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша. Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
Редакторды іске қосу жолдарын білемін – 1 балл;
Редактордың терезе элементтерінің атауын білемін – 1 балл;
Жұмыс аймағының өлшемін реттей аламын – 1 балл;
Меню командаларымен жұмыс істей аламын – 1 балл;
Редактордың мүмкіндіктерін білемін – 1 балл;
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
Рефлексия (1мин) Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.
Үйге тапсырма. §16: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат .85-92 беттер оқуға. Дарынды оқушыларға: «Мәтіндік редакторлар» тақырыбына реферат және қайталауға тапсырмалар құрастырып келу.
Сыныбы: 6 Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі : Оразбаева Б.М.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Сілтеме Оқулық Информатика 6-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов«Арман-ПВ» баспасы, 2014 жыл
Информатикадан электронды оқулық 6-сынып ,
Мақсаты: Мәтінді теру мен түзетудің негізгі ережелерін біледі.
Мәтіннің фрагментін ерекшелей алады.
«Қаріп», «интервал» тіркеме парағымен жұмыс жасай алады
Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерімен жұмыс жасауды үйренеді.
Символды кірістіруді білетін болады.
Мәтіннің қаріпін өзгерте алады.
Қаріптер арасындағы интервалды ұлғайту, кішірейтуді білетін болады.
Компьютермен тәжірибелік жұмыс жасай алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, Үміт ағашы
Әдіс –тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Ойын, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (1 мин) - Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері» ойыны)
- Оқушыларды топқа бөлу (туған күндері бойынша);
- Топта рөлдерге бөлу(лидер, хатшы, баяндамашы, таймспикер және бақылаушы);
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(3 мин)
(Ойын әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс) «Берілгенді толықтыр» ойыны (дарынды оқушылар әзірлеген тапсырмалар интербелсенді тақтада);
Жазған рефераттары бойынша сұрақтар қою:
Мәтіндік редактордың тағы қандай мүмкіндіктері бар екен?
Қандай танымал редакторларды білдіңдер?
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы) Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін бүгінгі сабақта нені біледі және нені білгілері келетіні туралы сұрап, сол қалауларын стикерлерге жазып «Үміт ағашына» жапсыру ұсынылады?
«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы. (10 мин) Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
Редакторды іске қосып, редактордың командаларын және құралдар пайдалануды қысқаша интерактивті тақтада көрсетеді де топтарға тапсырмалар береді.
1-топқа: «Символды кірістіру» және «интервал»,
2-топқа: «Қаріпті өзгерту» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
Білген түсініктерін қорыта отырып, постерге түсіріп, баяндайды.
«Түсіну» теориясы. (4 мин) Қызығушылықты ояту. (АКТ)
Оқушыларға мәтін жазуда жіберуге болмайтын әрекеттерді көрсету?
Берілген мәтіннің қаріптерін ауыстыру және интервалын кішірейтіп, үлкейту. Осының барлығын интер. Тақтадан көрсету Оқушылар дәптерлеріне бейнежазбадан көрген әрекеттерін түсініп, өз ойларымен жазады.
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар) Мағынаны тану
Енді әр топ мүшелері компьютерлерге отырып, оларға таратпа материалдағы мәтінді редакторде жазу ұсынылады.
Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс. Оқушылар бейнежазбадан көргендерін пайдалана отырып, берілген мәтінді компьютерде орындайды.
Жұмыстарын қалай орындағанын, қандай құралдарды қолданғанын баяндап береді.
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?) Интерактивті тақтада редактордың командаларын көрсетіп, оны салыстыруды ұсынады..
Үлгерімі төмен оқушыларға (Редактор құралдары батырмаларының суреттері бар) жабық сұрақтар береді. әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетіндерімен ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
Жабық сұрақтарды топ басшысы тексереді.
Сергіту сәті. (1мин) Көзге жаттығу жасау музыкамен..
«Жинақтау» теориясы (5мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде) Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. Әр топ өз ойларын жинақтап, постер жасап, оны қорғайды.
«Бағалау» практикасы. (1мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
Символды кірістіруді білемін; - 1 балл
Қаріпті өзгерте аламын – 1 балл;
Мәтіннің арасындағы интервалын өзгерте аламын – 1 балл
«Қаріп» тіркеме парағымен жұмыс жасай аламын – 1 балл
«интервал» тіркеме парағымен жұмыс жасай аламын – 1 балл;
Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
Рефлексия (1мин) Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін «Үміт ағашына» іледі.
Үйге тапсырма. § 17. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері. 92-102 беттер оқуға. Дарынды оқушыларға: «символ терезесін пайдаланып математикалық өрнектер құрастыру».